Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Медициналық қызмет көрсету маркетингінің алдына қойған



Pdf көрінісі
бет47/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Медициналық қызмет көрсету маркетингінің алдына қойған 
мақсаттары: 
 
-
медициналық мекемелерді қаржыландыру əдісін енгізу

-
жеке
меншік мекемелерде медициналық қызмет көрсету арқылы пайда 
табу
;
-
жеке меншік сақтандыру компаниялары сияқты жаңа қаржыландыру 
көздерін табу
-
емдеудің жаңа əдістері мен технологияларын қолдану

-
медициналық қызмет көрсетудің сапасын жоғарлатуға қойылатын 
талаптарды күшейту.
Ғылыми ойлар маркетингіне жататындар:
-
патенттік

ақпараттық зерттеу

-
сараптама

-
құқықтық қорғау.
Медициналық статистика талдауы бойынша денсаулық сақтау 
саласындағы жетістіктерге қарамастан қоғам толығымен дені сауға 
айналмағанын көрсетеді. Дамыған елдерде кейбір аурулардан өлім

жітім 
көрсеткіші төмендеп, созылмалы аурулардың жəне мүгедектіктің артуын 
демографиялық өзгерістермен (тұрғындардың қартаюы, туу көрсеткішінің 
төмендеуі) қатар жүреді. Осы көрсеткіштердің барлығы медициналық қызметке 


~74~ 
қажеттіліктің жоғарлауына əкеледі жəне ол болашақта өсуіде мүмкін. Денсаулық 
сақтау саласында тұтынушылық нарықтың демографиялық сегментін анықтап, 
оның əлсіз топтарын бөліп көрсеткен жөн. Олар: 7 жасқа дейінгі балалар, 65 жəне 
одан жоғары жастағы жасы келген адамдар. Медициналық қызметтер мен 
тауарларға сұраныс көбінесе кіріс деңгейі мол, білімі жəне мəдениеті жоғары 
тұрғындар жəне қала халқына тəн. 
Осыған байланысты медициналық қызметтің қажеттілігінің құрылымы
мен көлемін оңтайландыру қажет.
Сондықтан маркетингтің көмегімен науқасқа 
қандай медициналық көмек қажет екенін, қанша ақша төлей алатынын, 
медициналық қызметтің нақты түрі мен сапасы туралы ақпарат алуға болады. 
Медициналық қызмет көрсету нарығында маркетингті тиімді қолдану үшін 
кəсіпорын нарықтың бір сегментіне шоғырлануы керек. Сегмент дегеніміз

кəсіпорынның негізгі тұтынушылары орналасқан нарық, маркетингтің тиімді 
құралы. Сегменттеу мекемені ресурстарды оңтайлы қолдануға жəне 
маркетингтік бағдараламаны жасау үшін қолданатын стратегия. Нарықты 
сегменттеуде маркетинг жөніндегі маманды игеруге тиіс. Медициналық қызмет 
көрсететін мекеменің өз сегментінің болуы тұрақты клиенттердің болуын 
қамтамасыз етеді, кəсіпорын өз клиенттері туралы жақсы ақпараттанады, 
олардың қажеттіліктері, қаржылық жағдайлары жəне
тағы басқа сұрақтарға тез 
жауап ала алады. Сонымен қатар сол нарық үшін болашаққа сенімді жоспаралар 
құрып бəсекелестік күресте жеңіп шыға алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет