~152~
белгілі кезеңге бөлініп, əдетте бес жылға жасалады
.
Оған жыл сайын өзгерістер
енгізіліп жəне бір жылға созылады. Бағдарламаны жасауға кең көлемде
кəсіпкерлер одағының сауда өнеркəсіп палатасы өкілдері, кəсіподақ, ұлттық банк
өкілдері де қатысады. Қазақстан Республикасында арнайы жалпы мемлекеттік
бағдарламалар маңызды аймақтық мəселелер шешу үшін жасалады.
Мысалы,
Аралды қалпына келтіру,
Семей мен Батыс Қазақстан полигондық («Нарын
-
Азғыр, Тойсоғар») аймағын дамыту, аудандағы жекелеген («Ауыл») ауылдарды
көтеру жəне т.б. Салалық, салааралық, аймақаралық жəне аймақтық деңгейге
жасалған бағдарламалар белсенділікпен қолданылады. Олар ірі мақсаттық
экономикалық, əлеуметтік, инвестициялық, ғылыми техникалық мəселелерді
шешуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: