Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет166/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Əкімшілік
 
құқықтың
 
субъектілері
.
 
ҚР жеке тұлғалары (азаматтары, 
шетелдіктер
жəне азаматтығы жоқ тұлғалар), мемлекеттік органдар мен 
мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер жəне т.б əкімшілік 
құқық субъектілері бола алады. Ол үшін олар құқықтық қабілеттілікті еуленіге, 
яғни əкімшілік

құқықтық қатынастарға енуге, мемлекеттік басқару саласында 


~239~ 
құқығы болуға тиіс.Жеке адамның əкімшілік құқықытқ жағдай, мемлекеттік 
басқару саласындағы құқығы мен бостандығы Конституциямен жəне 
заңнамамен белгіленеді 
 
ҚР Азаматтық Кодексіне сəйкес əрекет ету қабілетіне жеке тұлға үшін 
азаматтық кəмелетке

18 жасқа толғанға ғана толық көлемде қол жеткізіледі. 
Бірақ заңда арнайы көрсетілген жағдайларда əрекет етудің толық қабілетіне 
кəмелетке толғанға дейін де қол жеткізілуі мүмкін.

Сондай
-
ақ шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар əкімшілік 
құқық субъектілері бола алады. Ортақ құқтар мен міндеттер бірге олардың 
арнайы құқықтық мəртебесі болады жəне заңға сəйкес тұрақты тұратындарға 
жəне уақытша келгендерге бөлінеді. ҚР
-
нда оған рұқсат алған жəне ішкі істер 
органдары тұруға рұқсат берген тұрақты құжаты барлар, тұрақты тұрушы 
шетелдіктер болып табылады. Басқаша заңды негіздегі қалған азаматтар 
уақытша тұратындар болып саналады. 
 
Мемлекеттік органдар
-
ҚР Президенті, Үкімет, орталық атқарушы 
органдар (министірліктер, агенттіктер), ведомстволар, жергілікті атқарушы 
органдар əкімшілік құқық субъектілері болып танылады.Əкімшілік құқық 
субъектілері арасында атқарушы үкімет органдар айқындаушы рөл атқарады. 
Конституцияға сəйкес ҚР атқарушы Үкімет жүзеге асырады, ол атқарушы 
органдар жүйесін басқарады жəне олардың қызметіне жетекшілік етеді.
 
Үкімет Республикалық бюджетті жасайды оның орындалуын қамтамасыз 
етеді, парламент мəжілісне заң жобаларын енгізеді жəне заңдардың орындалуын 
жүзеге асырады, мемлекеттік меншікті басқарады, министірліктердің, 
ведомстволардың жəне жергілікті атқару органдарының қызметіне басшылық 
жасайды.
Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар мемлекеттік басқарудың 
тиісті салалырнда (денсаулық сақтау, білім беру мен ғылым, қорғаныс) 
басшылықты жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар əкімшілік құқықтық субъектілер болп 
табылады. Мемлекеттік басқару саласында: жергілікті бюджетті жасау жəне 
оның орындалуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару). Əкімшілік 
құқық сұбъектілері қатарына мемлекеттік кəсіпорындар мен
мекемелер, 
мемлекеттік емес ұйымдар (шаруашылық серіктестіктері, АҚ, ЖШС) жатады.
Мұндай кəсіпорындар мен ұйымдардың əкімшілік құқықтық субъектілігі 
олар заң органдарына тіркелген сəттен туындайды. Сондай ақ қоғамдық 
(коммерциялық емес) бірлестіктер (саяси партиялар, кəсіптік одақтар, қоғамдық 
қозғалыстар мен қорлар, діни бірлестіктер) əкімшілік құқық субъектілері болып 
табылады. Оларды да азаматтар ортақ мақсаттарға: саяси, экономикалық жəне 
өзгеде құқықтарын жəне бостандықтарын қорғауға, азаматтардың өз əрекетін 
дамытуға, қол жеткізу үшін ерікті түрде құрады. Қоғамдық бірлестіктердің 
əкімшілік құқықтық субъектілігі олардың жарғылары заң органдарында 
тіркелген сəттен туындайды.
Əкімшілік құқық бұзушылық

кінəлі адамның əрекет немесе əрекетсіздігі 
түрінде көрінетін мінез

құлық актісі болып табылдаы. Міндеттерін белсенді 
түрде орындамау, тыйым салынғанды бұзу (өз бетімен құрылыс салу) əрекет ету 


~240~ 
болып саналады. Əрекетсіздік
-
міндеттерін енжарлықпен орындамау (мысалы, 
салық қызметі органдарының заңды талаптарын орындамау)

Құқыққа қарсылық адамның əкімшілік құқық бұзушылық туралы 
Кодекстің нормаларын бұзатын əрекет жасауына немесе əрекетсіздігінде болмақ. 
Кəнəлілік адамның қасақана немесе адайсызда əкімшілік құқық бұзушылық 
жасағанын білдіреді. Əкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі іс
-
əрекеттің қоғамға зиян келтіруінде. 
Құқық бұзушылық субъектісі
-
бұл əкімшілік құқық бұзушылық туралы 
Кодекспен қорғалатын қоғам мен мемлекет өмірінің əр түрлі салаларындағы 
қоғамдық қатынастар. Құық бұзушылықтың объективті жағы əкімшіілк құқық 
бұзушылықтың ішкі жағын құық бұзу объектісіне бағыттаған құқыққа қарсы іс
-
əрекеттің өзін (əрекет
немесе əрекетсіздік) жəне жасалу жағдайларын 
сипаттайды.
Жеке немесе заңды адам əкімшілік құқық бұзушылық субъектісі болуы 
мүмкін. ƏҚБ Кодексінің 32 бабына сəйкес əкімшілік құық бұзушылық жасау 
уақытында 16 жасқа толған жеке тұлға əкімшілік жауаптылыққа тартылады. 
Көзделген құқыққа қарсы əрекет жасаған кезде ақыл
-
есі кем жағдайда немесе 
психиканың өзге де сырқатты жай
-
күйінің салдарынан болған жеке адам 
əкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
Жасы 16 дан 18 жасқа дейінгі адам құқықбұзушылық жасаса, істің нақтылы 
жағдайлары мен жеке адам туралы мəліметтерді ескере отырып, оған ƏҚБ 
Кодексінің 9 тарауында елгіленген кəмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі 
шаралар қолданылуы мүмкін.
Əкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кəмелетке толмаған 
адамды əкімшілік
құқық бұзу ісін қарайтын орган оған заңда көрсетілген 
тəрбиелік ықпал жасау шараларын қолдана отырып, оны əкімшілік 
жауаптылықтан босатуы мүмкін. Мысалы, ƏҚБ Кодексінің 76

бабына сəйкес 
кəмелетке толмағандарға мынадай тəрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы 
мүмкін:
1) заңды түсіндіру
2) 
ата
-
аналарын немесе олардың орнындағы адамдардың немесе 
мамандандырылған мемлкеттік органның қадағалауына беру
3) келтірілген зиянды реттестіру міндетін жүктеу
4) бос уақытын шектеу жəне оның іс
-
əрекетіне ерекше талаптар қою.
Егер құқық бұзушы өз əрекетінің зиянды зардаптары болуы алдын ала 
білсе, бірақ оған жеткіліксіз негіздермен оларды болдырмауға ұшқалақтыққа 
салынса немесе оларды алдын
-
ала болжай алмаса, əкімшілік құқықбұзушылық 
абайсызда жасалған болып танылады. Сонымен, жеке адам соның кінəсінен 
болғаны анықталған құқық бұзушылық үшін ғана əкімшілік жауаптылыққа 
тартылады.
Əкімшілік жауаптылық 

əкімшілік құқық бқзушылық жасаған адамға 
заңмен белгіленген жаза беру шаралары тəртібінен көрініс табатын заңды 
жауаптылық түрі.
Əкімшілік жауаптылық төмендегідей ерекшеліктерге ие болады:


~241~ 

кінəлі адамға əкімшілік жаза беру əкімшілік құқық бұзушылыққа 
мемлекеттің жаза беруі болып табылады

əкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды тəрбиелеу жəне құқық 
бұзушының өзін де, сондай
-
ақ басқа адамдарды да жаңа құқық бұзушылықтың 
алдын алу мақсатында қолданылады.

Адамның абыройын түсіруді, жеке басына жапа шектіруді, жеке адамның 
іскерлік беделіне нұқсан келтіруді өзіне мақсат тұтпайды.
Əкімшілік жауаптылық мақсаттары əкімшілік құқық
бұзушылық туралы 
кодексте белгіленген заңнама міндеттерінен туындайды. Олар жеке адамның 
құқытары мен бостандықтарынан, қоршаған ортаны, меншікті, қоғамдық тəртіп 
пен қауіпсіздікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріндегі əкімшілік 
құқықұзушылықтың алдын алады.
ҚР əкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (ƏҚБ) əкімшілік 
жауаптылық мəселелерін реттейтін негізгі құқықтық акт болып табылады. 
Кодекстің жалпы бөлімінде əкімшілік жауапкершілік институтының негізгі 
ережелері баяндалған, ол Ерекше бөлімде оны жасағаны үшін берілетін 
жазалардың нақты түрлерін көрсете отырып, əкімшілік құқық бұзулардың тізбесі 
берілген.
Жеке немесе заңды тұлға ƏҚБ нормаларын бұзатын жəне əкімшілік жаза 
беру түрінде жауаптылыққа тартылатын əкімшілік құқық бұзушылығы, яғни 
құқыққа қарсы əрекеті немесе əрекетсіздігі əкімшілік жауаптылыққа негіз болып 
табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет