~242~
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің
біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын
мүліктік
қатынастар
жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен,
ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық
қатынастар
мүліктік
қатынастар
деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке
деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық
заңнамалардың іс
-
əрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан,
мүліктік
қатынастар
дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы
қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату
немесе тауар
-
ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында
тауар
-
ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі
болады.
Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес
қатынастарды да реттейді. ҚР азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік
емес қатынастарды: 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес жəне; 2)
мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық,
өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір
заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына
кір келтіруі мүмкін. Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік
қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъетілерлің арасында пайда
болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке
жəне заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты тойындайды.
Достарыңызбен бөлісу: