~262~
жақсартуға, табиғи ресурстарды ұғымды пайдалану мен молықтыруға
бағытталған мемлекеттік жəне қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның
тазалығының төмендеуіне оның ластануы əсер етеді.
Қоршаған
ортаның
ластауы
-
қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық жəне биологиялық
заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының
түсуі, сондай
-
ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің жəне
өзге де зиянды физикалық ықпалдардың əсері. Сондықтан адамзаттан табиғатты
барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайдалану талап етіледі. Ал
табиғатты
пайдалану
дегеніміз адамның шаруашылық жəне өзге де қызметінде табиғи
ресурстарды пайдалануы.
Табиғи
ресурстар
-
бұл қоғамның материалдық, мəдени
жəне басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық
жəне өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.
Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара
байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық
құқықтың оқытатың
пəні
: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау; 2) табиғат
байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, заңды тұлғалардың жəне мемлекеттің
экологиялық құқықтары мен
мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын
қатынастарды оқытады.
Экологиялық құқықтық
əдістер
дегеніміз нақты бір міндетті орындауға
бағынылған шындықты, болмысты, практикалық жəне теориялық жағынан
игерудің амал
-
айлаларының жиынтығы. Əдетте құқықтық нормалардың
орындалуы үшін адамдардың мінез
-
құлығына əсер етудің
əкімшілік
-
құқықтық
жəне
азаматтық
-
құқықтық
əдістері
қолданылады. Аталған əдістер
экологиялық құқық саласында да пайдаланылады.
Əкімшілік
-
құқықтық
əдістер
құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер мен оған
бағынушылар қатынасынан туындайды (бастық, директор жəне бағыныштылар,
полиция жəне құқық бұзушы).
Азаматтық
-
құқықтық
əдіс
құқықтық
қатынастың субъектілерінің заң алдында өзара тендігіне негізделген
(экологиялық құқық бұзғаны үшін жеке жəне заңды тұлғалардың тең
жауаптылығы). Сонымен бірге
императивті
жəне
диспозитивті
əдістер
қолданылады.
Императивті
экологиялық
құқықтық
қатынастардың
субъектілерінің құзыретін белгілегенде оларға алдын ала көрсету, жазу, тыйым
салу нормалары қолданылады.
Диспозитивтік
əдіс ол экологиялық құқықтық
қатынастардың субъектілері өзара ұсыныс, санкция, рұқсат беру сияқты
амалдардың негізінде əрекет жасауы.
Достарыңызбен бөлісу: