~258~
ұйымдастырады; жедел
-
техникалық қызмет департаменті ІІМ
-
ін ақпараттық
жəне жедел
-
техникалық қамтамасыз ету жұмысын атқарады.
Мемлекеттік күзет қызметі департаменті барлық күзет жүйесі
ведомстволарының жұмысын басқарады; арнаулы полиция департаменті
арнаулы нысандардағы құқықтық тəртіпті қамтамасыз етеді (арнаулы милиция
бөлімшесі негізінде құрылған); қылмыстық
-
түзеу жүйесі департаменті еңбекпен
түзеу мекемелерінің қызметін ұйымдастырады; тыл, қаржылық қамтамасыз ету
департаменті ІІМ қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері: қоғамдық тəртіпті қорғау жəне
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қылмысты болдырмау, анықтау,
қылмыстың жəне басқа да құқық бұзушылықьың жолын кесу; қылмыстық істер
бойынша анықтау жəне алдын
-
ала тергеу жүргізу; əкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу; қылмыстық жəне əкімшілік
жазалауды орындау; бас бостандығынан айыру орындарындағы құқытық
тəртіпті қамтамасыз ету жəне ерекше түзім қалыптастыру, əкімшілік жазаға
тартылғандарды ұстау; кəмелетке жасы толмағандар құқықбұзушылығын,
бақылаусыздықты анықтау жəне болдырмау; жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жəне сақталуын бақылау; төлқұжаттық жəне визалық жұмыс
жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан
аумағына келу ережелерін сақтауды бақылау; басқа да заңнамамен белгіленген
міндеттер. Ішкі істер органдарының қызметі құқық қорғау қызметіне тəн, оның
ішінде: заңдылық, дара басшылық, жүйенің тұтастығы, жариялылық, басқа
құқық қорғау органдарымен өзара əрекеттесу, ұйымдармен жəне азаматтармен
əріптесу сияқты жалпы принциптермен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: