~259~
анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеу; мемлекеттік органдарды, ұйымдарды
жəне əскери құрылымдарды шифрлық жəне кодтық байланыспен қамтамасыз ету
енеді.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының құқықтары: аса күрделі қылмыстық
істер бойынша, ауыр жəне ерекше ауыр қылмыстар, жоғарыда аталғандардан
басқа, сондай
-
ақ конституциялық құрылым мен мемлекет қауіпсіздігіне,
терроризмге қатысты қылмыстар туралы істер бойынша алдын
-
ала тергеу
жүргізу; жекелеген жағдайларда анықтау жұмысын жүргізеді, мысалы
экономикалық контрабанда, айналымнан алынып, шектелген (біліксіз құрамдар)
препараттар немесе бұйымдармен кантрабанда туралы істер бойынша.
Аталған органдар қылмыстық іс қозғаған жағдайда: ҚР Президентінің
«Жедел
-
іздестіру қызметі туралы» Жарлығы
қарастыратын жедел
-
іздестіру
шараларын жүргізеді; қамауға алу шараларын қолдану туралы шешім
шығарылған қылмыс жасаған деген күдікті тұлғаларды ұстау үшін тергеу
изоляторы бар; əртүрлі салада сараптамалық
-
криминалистік зерттеулер
жүргізеді; қызметіне штаттан тыс еріктілерді тартады; арнаулы күзетілетін
нысандарға кіруге талпынумен байланысты əкімшілік құқық бұзушылық
жасаған тұлғаларды ұстайды; бақылау жасайды, мемлекеттік, коммерциялық
жəне банк құпияларын жəне өзге де заңмен қорғалатын құпияларды сақтауды
қамтамасыз ету мəселелері бойынша əдістемелік жəне практикалық көмек
көрсетеді; ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің, олардың
бөлімшелерінің ведомстволық, жайларының жəне көліктерінің құрпиялылығын
сақтау мақсатында басқа мемлекеттік органдармен ұйымдардың құжаттарын
пайдалана алады; заңмен көрсетілген жағдайда күш, сондай
-
ақ қару мен арнаулы
құралдар қолдана алады; заңмен көрсетілген басқа да əрекеттер орындауға
құқылы.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының қызметі заң презумпциясы
,
дара басшылық, барлығының заң алдында теңдігі, саяси партиялар жəне басқа
қоғамдық бірлестіктерге қатысына қарамастан азаматтардың құқықтарын
сақтауға жəне бас бостандықтарын құрметтеуге сəйкес құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: