Жалпылама эквивалент ретіндегі алтынның ерекше тауар түріндегі
қасиеті болады. Яғни ерекше тұтыну құны жəне ерекше құны бар. Ерекше
тұтыну құны ол
-
өзіне барлық басқа тауарлардың құнын теңестіру қасиетінде.
Ол
-
ақшалай материал ретіндегі алтынның ерекше құны, ол
-
тікелей жалпылама
айырбасталу формасын алуы.
Ақшаның қазіргі кездегі концепциялары ХҮІІ
-
ХҮІІІ ғасырларда пайда
болған. Ол
-
ақшаның металдық, номиналдық
(атаулы)
жəне сандық теориялары.
Бірақ қазіргі кездегі теориялар жаңа формада көрінеді.
Егер алғашқыда ақшаның шығу тарихына, мəніне, құнның құрылу
мəселелеріне көңіл бөлінсе, ал қазіргі кездегі ақша теориялары, ақшаның
нарықтық
экономиканың дамуына əсері қарастырылады
.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы дəуірінде
пайда болды. Оның өкілдері меркантелистер У.Стаффорд, Т.Мен, Д.Норис жəне
т.б. болды. Олар ақшаның, қазына жинау мен дүниежүзілік ақша функцияларын
ешбір шартқа тəуелсіз, бағынышсыз өзгермейтін негізі деп жəне осының
негізінде ақшаны асыл металдармен теңдестіріп қарастырды.
Мемлекеттің
монеталарды жарамсыз қалдыруына қарсы болды. Ақшаны əлеуметтік қатынас
емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналдық теориясын жасаушылар римдіктер мен орта
ғасырдағы заңгерлер болды. Одан əрі оны Дж.Беркли (Англияда) жəне
Дж.Стюарт (Шотландияда) дамытты. «Металдық теорияны жақтаушыларды»
сынай отыра олар ақшаның басқа функциясы
-
айналым жəне төлем құралын
абсолютті қарастырды. «Номиналистер» ақшаны таза шартты белгі, тауарлардың
айырбасын қамтамасыз ететін есеп бірлігі деп хабарлады жəне мемлекеттік
биліктің өнімі деді.