Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


төлем құралы ретінде жаңа қызмет формасына ие бола бастайды  ол  -  несиелік ақша



Pdf көрінісі
бет27/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

 
төлем құралы ретінде жаңа қызмет формасына ие бола бастайды 
ол 

несиелік ақша
. Оған жататындар: вексель, банкнот, чектер. 
Вексель
дегеніміз

жазбаша қарыздық міндеттеме, онда қарыз адамның 
ақша сомасының көлемі жəне оның төлеу уақыты көрсетіледі. Ол айналымға 
түсіп ақша ролін атқарады. 
Банкнот
дегеніміз

банктің векселі. Банкноттардың ақшадан айырмасы: 
-
банкнот екіжақты қамтамасыз етіледі: несиелік (коммерциялық вексель) 
жəне металдық (банктің алтын қоры); 
-
қағаз ақшаны мемлекет шығарады, банкноттарды 

орталық эмиссиялық 
банк шығарады; 
-
қағаз ақша айналым құралы қызметін атқарса, банкнот
-
төлем құралы боп 
есептеледі;
Чек
дегеніміз

банкпен ақша сомасын төлеуге немесе оны басқа шотқа 
аударуға болатын осы мезеттік шоты бар тұлғаның 
жазбаша нұсқауы. 
Елдер арасындағы айналымда ақшаның өзінің барлық функцияларының 
орындалуы оны əлемдік ақшаға айналдырады. 
Бір елден екінші елге ауыса жүріп, əлемдік ақшалар қоғамдық байлықтың 
жалпылама нығаюына көмектеседі. 
Ақша жүйесі деп əр елде тарихи қалыптасқан жəне мемлекет заң жүзінде 
орнатқан ақша айналымын ұйымдастыру формасын (нысаны) айтамыз. 
Ақша айналымы деп айналым жəне төлем функцияларын атқаратын 
ақшаның үздіксіз қозғалысын айтамыз. 
Ақша жүйесінің элементтері болып саналатындар: 
-
ақша бірлігі немесе елде бірлік ретінде қабылданған ақша өлшемі (теңге, 
рубль, доллар т.б.); 
-
баға ауқымы немесе елде ақша бірлігі ретінде қабылданған ақшаның 
металдық салмақ саны жəне оның құрамдық бөліктері (мысалы, 60
-
80 жылдарда 
0,987672 г. алтынға теңестірілген); 
-
эмиссиялық жүйе немесе ақша, бағалы қағаздар шығарушы мекемелер 
(
мысалы, Ұлттық банкі); 
-
ақша белгілерінің түрлері немесе айналымда заңды төлем құралы болып 
саналатын несиелік қағаз ақша, ұсақ монеталар жүйесі; 
-
ақша жүйесі институттары немесе ақша айналымын реттеуші мемлекеттік 
жəне мемлекеттік емес мекемелер. 
Тарихта
металл ақшалардың айналым жүйесі биметтализм жəне 
монометаллизм арқылы өтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет