Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Нарықтық инфрақұрылымның элементтеріне жатады



Pdf көрінісі
бет36/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Нарықтық инфрақұрылымның элементтеріне жатады:
 
-
аукциондар, биржа мен брокерлік конторлар
-
банктер, коммерциялық орталықтар жəне компаниялар
-
мемлекеттік резервтік жəне сақтандыру қорлары
-
баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция
-
мемлекеттік салық инспекциясы
-
бағалы қағаздарды бақылау
инспекциясы
-
құқық қорғау органдары, тұтынушыны қорғайтын қоғам
-
лизингтік компаниялар, кеңестік

делдалдық фирмалар 
-
кеден қызметтері
-
бизнестің коммерциялық орталықтары
-
сақтандыру жəне аудиторлық компаниялар
-
жарнамалық
-
ақпараттық қызметтер
-
қоймалық, 
элеваторлық, 
тоңазытқыштық 
жəне 
транспорттық 
шаруашылық
-
сауда үйлері, жəрмеңкелер, көтерме сауда орталықтары
-
маркетингтік 
зерттеу 
орталықтары, 
өндірушілердің 
əртүрлі 
ассоциациясы
-
кадрларды дайындау орталықтары


~58~ 
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй 
шаруашылығы, фирма жəне үкімет жатады. 
Үй шаруашылығы
материалдық 
(жер мен капитал) жəне адами (еңбек жəне кəсіпкерлік) ресурстарды өткізе 
отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Сұраным мен 
ұсыныстың өзара іс
-
əрекеті ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй 
шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды 
сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, 
фирмалар өз өнімін өткізіп, ақшалай табыс алады. Үй шаруашылығы тапқан 
табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін қорға 
жинайды жəне ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды. 
Фирмалар 
өндіріс 
ресурстарын біріктіреді жəне қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет 
көрсетеді жəне осы тауарды ұсынады. Тауарды нарыққа шығару фирманың 
ақшалай табысын қалыптастырады.Фирмалар да салық төлейді жəне 
инвестицияны тартып жүзеге асырады.
Үкімет 
фирмалардан салық алып, жеке 
кəсіпорындарға субсидия береді жəне кəсіпкерлерден қажетті ресурстарды 
сатып алады.Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізеді жəне 
инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына əсер етіп, 
табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, 
үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді, яғни, мемлекеттік зейнетақы, 
жұмыссыздарға жəрдемақы, стипендия, табысы төмендерге, мүгедектерге жəне 
көпбалалы отбастарына көмекақы төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, 
экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады.
 
Қазіргі 
уакытта 
Қазақстанда
барша 
шаруашылық 
жүргізудің 
экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда 
нарық
экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің 
ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер 
жөне олардың даму бағыттары тəуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:
-
географиялық орналасу;
-
табиғи ресурстардың бар болуы;
-
тарихи даму жағдайлары;
-
халықтың дəстүрі, əдет
-
ғұрыпы;
-
өндіргіш күштердің даму дəрежесі;
-
қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының əр елдердің өзіне тəн 
ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ 
көрсеткіштері болады:
-
меншіктің əр алуан формаларының болуы;
-
тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;
-
еркін бəсекенің дамыған жүйесі;
-
кəсіпкерлік əрекеттердің кең тарауы;
-
экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі

Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет