~59~
-
мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің
экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—
70-
ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60
-
шы жылдары
-
кедейлікпен күресу, əлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты
болады.
-
көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80
-
ші жылдары
АҚШ
-
да кіші
кəсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);
-
халықтың бай, кедей болып əйгілі бөлінуі;
-
жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының
жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;
-
жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың əл
-
ахуалы жарамды
дəрежеде.
Жапониялық үлгі.
Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың
ерекше жағдайында қалыптасқан. Əскери шығындардан бас тартып, Жапония
барлық
мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркəсіптің экономикалық
«əлеуеті» өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар:
американдық жəне батыс
еуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып
алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі,
жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі əскери
шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:
-
ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет əсері өте
жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін —
аз
литражды автокөлікларды, ал XX ғасыр 70
-
ші жылдарынан бастап —
электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нəтижесінде XX ғасыр
70-
ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды
жəне экономика ұнамды даму алды;
-
өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5
-
жылдық жоспарларын
жасау. Қазір
1991-1995
жылдары қамтитын 8
-
ші бес жылдық жоспар аяқталды.
«Жапондық кереметтің» болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың
жəне тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;
-
фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге
жалдайды;
-
жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;
-
жұмысшыларды басқаруға жəне шешім кабылдауға тарту;
-
жалақы дəрежелерінің айырмашылықтары көп емес —
фирма
бастығының жалақысы жабайы жұмысшыларға қарағанда
17 есе артық;
-
үлгінің əлеуметтік бағытталуы. Əлеуметтік мəселелерді шешу көбінесе
корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.
Достарыңызбен бөлісу: