Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет91/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   200
Классикалық үлгі. 
Бұл үлгіге сəйкес өндірушілер де тұтынушылар да нарықтың 
ережелеріне сай қызмет атқарады. Нарықтық жүйе өзін
-
өзі реттейді, пайыз 
қойылымының құбылуы,
баға мен жалақы қатынасының икемділігі арқылы 
қоғамның шектеулі ресурстарды толық жəне тиімді пайдалануын қамтамасыз 
етеді.
Классикалық үлгі мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, 
экономикалық міндеттердің басым көпшілігі нарықтық механизм талабына сай 
шешілуі тиіс деп көрсетеді.
Мұндай үлгіні түңғыш рет А. Смит «Халыктар 
байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» деген əйгілі кітабында 
(1776 
ж.) ұсынған болатын. А. Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер нарығы 
мемлекеттің бақылауынан түбегейлі босауы керек. Міне осы жағдайда 
тұтынушылар нарықтан өзіне қажет тауарларды сатып алады. Сонымен, 
классикалық мектептің экономистері жеке кəсіпкерлік қызметті жақтай отырып, 
мемлекеттің нарықтық механизмге араласуына карсы күресті жəне жеке 
мүдделерді қорғау мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді.
Кейнстік үлгі. 
XX 
ғасырдыц 20
-
жылдарының соңы мен 
30-
жылдардың 
басында Дж. Кейнстің «Жұмыспен камту, пайыз, ақшаның жалпы теориясы» 
еңбегі жарық көргеннен кейін, экономикада төлем қабілеті бар сұраныстың 
жеткіліксіздігі тұрақты құбылысқа айналатындығы жəне номиналды жалақының 
да, пайыз койылымының да төмендеуі жұмыссыздықты жоюға ешбір дəрменсіз 
екені мойындалды. Жалақыны қысқарту төлем қабілеті
бар сұранысты 
төмендетеді де, жағдайды одан əрі қиындатады. «Ұлы дағдарыс» тəжірибесі 
көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дəрежеде болмаса, ең төменгі пайыз 
қойылымының өзі де кажетті дəрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды, 
олай болса сұраныста ұлғаймайды. Бұған қарсы бірден бір қолданатын шара 
-
мемлекеттің экономикаға араласуы. Сонымен, Дж. Кейнс мемлекеттің 
экономикалық процестерге белсенді қатынасу қажеттілігін негіздеді. 
Экономикалық жағдайда мемлекет шаруашылық жүйесі қызметінің жалпы 
жағдайын сақтаушы жəне қорғаушы «түнгі күзетші» рөлінен алшақтауы қажет. 
Ол белсенді түрде бюджет, қаржы 

несие, əлеуметтік саясатты жүргізуі керек.
Сонымен, өмірдің өзі экономикада тұрақты түрде нарық басым рөл атқарады 
деген көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізді.
«Нарықтың қуатты қолына» 


~148~ 
жаңа серпін беретін қосымша бір күрделі құрылымның кажеттігін уақыт 
дəлелдеді. Мұндай кұрылымның рөлін мемлекет атқара алады. Мəселе, 
мемлекеттік араласудың оптималды шекарасын анықтау нарық заңдарын 
толығымен жəне тиімді пайдалануға жол ашады. Осы жағдайда қоғам ұлттың 
дамуы мен гүлденуіне қажетті экономикалық базаға ие
болады. Мемлекет пен 
экономиканың үйлесімді əрекеті шаруашылығы тиімді қоғам құруға мүмкіндік 
береді, сол кезде «мемлекет басқару еркіндігін сақтайды, əрі ұлғайтады, сонымен 
қатар үкіметтің халық күзетшісі болуын, оның қожайынына айналмауын 
қадағалайды».
 
Дж. М. Кейнстің тұжырымдамасы экономиканы мемлекеттік 
реттеудің ұзақ мерзімдік тəжірибесінің негізі болды. Бұл тұжырымдама əр түрлі 
елдерден өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты жəне сол елдердің 
өзіндік ерекшеліктеріне сай қолданылады.
Кейнстік реттеу үлгісінің негізгі 
сипаттарына тоқталайық:
Біріншіден, мемлекеттік бюджет арқылы кайта 
бөлінетін ұлттық табыс үлесінің жоғары болуы, мысалы, ол Жапонияда
-34,2%, 
АҚШ
-
та
- 37,6%, 
Батыс Еуропа елдерінде
- 50% 
жəне одан жоғары, бұл жерде 
үлестің өсуі
байқалып отыр. Екіншіден, мемлекеттік жəне аралас кəсіпорындар 
негізінде ұйымдастырылған кең ауқымды мемлекеттік кəсіпкерліктің пайда 
болуы.
Үшіншіден, экономикалық конъюнктураны тұрақтандыру, кезеңдік 
ауытқуларды болдырмау жəне өсу мен іске тартылудың жоғары қарқынын 
қамтамасыз ету үшін кең түрде несие
-
ақшалай жəне бюджеттік
-
қаржылық 
реттегіштерді пайдалану. Кейнсиандық үлгіні экономиканы реттеу мəселелері 
жөнінде біркелкі теория деп санауға болмайды. Осы теорияның негізінде үш 
бағыты бар: солшыл (либералдық), консервативтік жəне неоклассикалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет