Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Мемлекеттің əлеуметтік саясаты



Pdf көрінісі
бет104/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Мемлекеттің əлеуметтік саясаты
-
оның қоғам өмірінің əлеуметтік
-
экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. 
Мемлекеттік əлеуметтік саясатының мəні 

қоғамдағы əлеуметтік əділеттілік 
қатынастарын қолдау немесе қоғамдағы əлеуметтік топтардың арасындағы 
қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дəрежесін, əл
-
ауқатын 
көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін 
экономикалық ынталандырудың əлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің 
қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шараларының құрамды бөлігі 
ретінде, мемлекеттің əлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен 
тығыз байланысты болады.
Əлеуметтік реттеу
-
қызметкерлердің
еңбек ұжымы ретінде мінез
-
құлқын 
тəртіпке келтіреді, мұнда ол өзінің жеке игіліктерін де, олардың еңбек жəне 
экономикалық
мүдделерін де ұмытпайды. Мемлекеттің экономикалық
жəне 
əлеуметтік реттелуі өзара бірігіп
үлкен аймақтық басқару жүйесін түзеді. Бұл əр 
мемлекеттің
негізгі құндылығы мен халықтың
жағдайы. Əлеуметтік

экономикалық реттеу немесе басқару
-
еңбектің ниет етілген түрін жəне адамның 
мүдделерін жұмыспен қамтуды қамтамассыз етеді жəне реттейді.
Мемлекеттік 
реттеу
кіріске, пайдаға жетудің ерекше формасы ғана болып табылмайды, 
сонымен бірге бөлу жəне кепілдік болып табылады. Ұйым еңбек ұжымы ретінде


~168~ 
саяси өмірдің дербес субъектісі де болып табылады немесе кейбір мүшелерге 
саяси қатысу шарты немесе институты болып табылады. 
Əлеуметтік қорғау жүйесі
тек халықтың табыссыз
топтары мен өндіріске 
қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамтымайды, ол 
сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып 
істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының 
ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау жəне т.б.) жəне оған ақы төлеуден 
(жалақының төменгі қойылымын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен 
босату жөніндегі ережелерден көреміз. 
Əлеуметтік
 
қорғау

бұл елдегі халықтың өмірлік
қажетті игіліктердің 
белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына байланысты, 
асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына жəне басқа да заңда 
көрсетілген экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) жəне тиісті ақы 
төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға 
белгілі бір өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету шаралары. Адам науқастанып 
қалып уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда белгілі бір көлемде 
əлеуметтік жəрдемақы тағайындалады. Сондай
-
ақ əлеуметтік жəрдемақы 
жүктілікке жəне
бала тууға байланысты, бала асырап алған əйелдерге 
(еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда əлеуметтік жəрдемақы бала асырап 
алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейін барлық кезеңдерге 
тағайындалады. Бала дүниеге келгенде ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселігі 
мөлшерінде бір реттік жəрдемақы төленеді. Қызметкерлерге əлеуметтік 
жəрдемақыны жұмыс берушінің қаржысы есебінен тəртібі заңда қарастырылған. 
Біздің елімізде «Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылған жағдайда жəне 
жасына байланысты мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы туралы» Заң 
қабылданған. Егер қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығы жарақатқа 
немесе кəсіби ауруға байланысты болса, онда жұмыс беруші əлеуметтік 
жəрдемақыны
еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап ол жұмысқа 
шыққанша немесе мұгедектікті анықтағанша орташа айлық жалақысының 100 
пайызы мөлшерінде төлейді.
Əлеуметтік жəрдемақы төлеу жөніндегі міндеттерін 
орындамағанда немесе жартылай орындығында жұмыс беруші заңда белгіленген 
тəртіп бойынша жауап береді.
Кедейшілік
сияқты өткір əлеуметтік мəселелерді шешу

мемлекет 
жұмысының басты бір бағыты. Бұл əл
-
ауқатты өмірді қамтамасыз ете 
алмағанымен, экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін 
жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген 
топты азайту 

нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттің əлеуметтік 
саясатының негізгі міндеті


~169~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет