Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі исламдағЫ Өзекті мәселелер жайында сұРАҚ-жауаптар



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.03.2017
өлшемі376,18 Kb.
#6209
1   2   3   4   5   6   7   8

М.Исахан

18. Доңыз терісінен тігілген киімдерді, аяқ киімді киюге бола ма?

Соңғы   кездегі   өндіріс   саласында   технологияның   дамуы   кейбір 

мәселелерге жаңаша қарауға итермелеуде. Ол да уақыт талабы. Соған орай 

бұрынғы   кездері  доңыз  терісінің  харам  екендігіне  қатысты   берілген  пәтуа 

қайтадан   күн   тәртібіне   шығуда.   Өйткені,   қазіргі   таңда   доңыз   тез 

көбейетіндіктен   және   терісі   арзанға   түсетіндіктен   кейбір   елдерде   оның 

терісінен   сөмке,   күртеше,   аяқ   киім   т.б.   секілді   тұрмыстық   заттар   кең 

қолданысқа еніп отыр. Көп жағдайда арзан түсетіндіктен халықтың көпшілігі 

ол  заттарды  тұтынуда.  Көпшілігіміз  оның  доңыз   терісінен  жасалғандығын 

біле   де   бермейміз.   Енді   осы   мәселеге   қатысты   ислам   шариғатындағы 

пәтуаларға тоқталайық.

Доңыз – толықтай нәжіс, яғни харам екендігіне қатысты наас (Құран 

аяты мен хадис) келген жануарлардың бірі. Оның етінің желінбейтіндігіне 

қатысты барлық ғалымдар бірауыздан келіскен. Яғни, бұл мәселеде «Ижма» 

қалыптасқан.   Ол   ижма   Құран   және   хадиске   сүйенеді.   «Мәида»   сүресінде 

nهnب nهrsللا nرxيsغnل rsلnه}أ اsمsو nريnزxنnخxلا }مxحsلsو }م‰دلاsو }ةsتxيsمxلا }م}كxيsلsع xتsمrnر}ح

«Өлексе, қан, доңыз еті, Алланың атынан басқаның атына бауыздалған 

малдар сендерге харам етілді»

 

 («Мәидә» сүресі, 3-аят) делінеді. 



’ر““يnزنnخ sمxحsل xوsأ •احو}فxسrم •امsد xوsأ •ةsتxيsم sنو}كsي نsأ ‰لnإ }ه}مsعxطsي ’مnعاsط sىsلsع •امrرsح}م rيsلnإ sيnحxو}أ آsم يnف }دnجsأ sل ل}ق 

¦ميnحrر ¦رو}فsغ sك‰بsر rنnإsف ’داsع sل sو ’غاsب sرxيsغ rر}طxضا nنsمsف nهnب nهrللا nرxيsغnل rلnه}أ •اقxسnف xوsأ ¦سxجnر }هrنnإsف 

«(Мұхаммед!): «Маған уахи етілгеннің ішінен жеймін деген жан үшін 

өлексе, ағызылған қан, болмысынан лас доңыз еті, сондай-ақ Алладан өзгенің 

атымен   бауыздалған   малдан   басқа   харам   етілген   нәрсені   көріп   тұрған 

жоқпын. Ал енді кімде-кім мәжбүр болса, мұқтаждық мөлшерінен асырмай 

және   өзгенің   ақысына   қол   сұқпай   осылардан   жесе,  расында   Раббың   өте 

кешірімді, ерекше мейірімді» де»,  – деген аят («Әнғам» сүресі, 145-аят) та 

28


бар. Әбу Һұрайрадан «Алла тағала доңызды және оның пайдасын (сатқаннан 

түскен ақшасын) харам етті» деген хадис жеткізілген. 

Ал терісі иленген жағдайда таза болатын-болмайтындығына қатысты 

екі түрлі көзқарас бар:

1.

Төрт мәзһаб имамы оның терісінің иленумен тазармайтындығын 



айтқан.   Өйткені   ол   болмысынан   толықтай   лас   болып   табылады.   Алла 

тағаланың өзі жоғарыда келтірілген «Әнғам» сүресінде     ¦س““xجnر }هrنnإ““sف ’ر““يnزنnخ sم““xحsل 

«..доңыз   еті,   өйткені   ол   (болмысынан)   нәжіс»  деу   арқылы   тек   еті   емес, 

толықтай нәжіс екендігін білдірген дейді. 

2.

Әбу Дауд әз-Захири мәзһабы (қазір олар қалмаған) және Имам 



Ағзамның   шәкірті   Әбу   Юсуфтан   ханафи   мәзһабында   дәлдігі   жағынан 

күштірек   есептелетін   «Захирур-риуа»   кітаптарының   тысындағы,   әлсіз   бір 

көзқарас бойынша иленген жағдайда доңыз терісінің тазаратындығын алға 

тартқан. Олар мына хадистерге сүйенеді: Пайғамбарымыз (с.а.у.): }باsهnإxلا sغnب}د اsذnإ 

sر}هsط xدsقsف  «Иленген тері таза болып есептеледі» деген (Мүслим, «Хайыз», 105, 

Әбу Дәуіт, «Либәс», 38, Нәсаи, «Фәрғ», 20, 30).  يnف sم‰لsس sو nهxيsلsع }ه‰للا ى‰لsص nه‰للا }لو}سsر sءاsج 

ا““sه}رو}ه}ط ا““sه}غاsبnد sلا““sقsف ¦ة““sتxيsم ا““sه‰نnإ nه““‰للا sلو}سsر اsي او}لاsقsف sءاsمxلا sلsأsسsف ¦ةsق‰لsع}م ¦ةsبxرnق اsذnإsف ’تxيsب ىsلnإ sكو}بsت nةsوxزsغ  Алла 

елшісі   (с.а.у.)   Тәбүк   жорығына   келе   жатқан   кезде   (өлген   жануардың) 

терісінен   жасалған   су   торсығы   ілулі   тұрған   бір   үйден   су   сұрайды.   Сонда 

олар: «Уа, Алланың ешісі! Ол өлген малдың терісінен жасалған торсық», – 

деп айтады. Бұны естігенде Аллаһ елшісі (с.а.у.): «Иленсе,  тазарғаны» деп 

(Нәсаи, «Фәрғ», 4; Ахмед ибн Ханбәл, IV, 254, V, 67, VI, 329, 336) үкімін 

білдірген еді. Шәукани, Қардауи т.б. секілді кейбір ғалымдар осы көзқарасты 

таңдаған.

Енді   осы   айтылғандарды   қорыта   келе,   былай   деуге   болады:   Қазіргі 

Қазақстандағы экономикалық жағдайды ескере отырып, тұрмысы төмен, өзге 

жануардың   терісінен   тігілген   аяқ   киімді   сатып   алуға   қиналатын   адамдар 

үшін,   зәрулік   жағдайы   дей   отырып   қана   рұқсат   беруге   болады.   Өйткені 

шариғатта зәрулік қысқан кезде, кейбір тыйым салынған нәрселерге рұқсат 

беріледі.   Ал   жағдайы   жақсы,   қалтасы   көтеретін   болса   мужтаһид   имамдар 

харам деген, бұл мәселеде ижма қалыптасқан пәтуаны ұстану қажет.  

А.Әділбаев

19. Кока-коланың аударма мағынасына қарап, мұсылмандар ішпей  

қойды. Кейбіріміз әлі де ішеміз. Күнә жасап жүрген жоқпыз ба?

Бүгінде мұсылмандардың арасында осы сауал жиі қойылуда. Меніңше, 

иманды адам бұл сусынның атына емес, затына терең үнілу керек сияқты. 

Олай дейтін себебім, қандайда бір затты жазуын теріс айналдырып немесе 

үлдірін (негатив) шығарып оқып, өз-өзімізге қиындықтар туғызу дұрыс емес. 

Дегенмен,   шын   мәнінде   Кока-кола   сусынының   күмәнді   екенін   айтуға 

29


тиістіміз.   Елімізге   алғаш   келе   бастаған   уақытта   зияндылығы 

анықталғанымен, кейінгі уақытта өте үлкен мөлшерде сатылуы зияндылыққа 

қатысты   шешімді   басып   озды.   Яғни,   халық   көптеп   пайдаланып,   оның 

құрамына, қайдан шығып, қайдан келіп жатқандығына аса назар аудармады. 

Кока-колаға   қатысты   медициналық   зерттеулер   төмендегідей   талдаудың 

нәтижесін ұсынады. Бірақ, біз бұл талдамаға сүйеніп харам үкімін бермейміз. 

Шариғатымыз   нақты   дәлелмен   тыйым   салмағандықтан   оны  күмәнді 

нәрселердің қатарына жатқызамыз.

Медициналық тұрғыдан келсек, даниялық зерттеуші топтың мәліметі 

бойынша   кока-коланы   көп   ішкен   еркектердің   белсіздік   (ұрықсыздық) 

кеселіне шалдығу қаупі бар. 

«Кока-кола»   компаниясы   өкiлдерiнiң   айтуынша,   сусынның   негiзгi 

құпиясы кошениль құртынан алынатын тағамдық қоспада екен. Әдетте оның 

құрамына   қант,   кока   ағашының   жаңғағы,   фосфор   қышқылы,   кофеин, 

карамель,   көмiр   қышқылы   қосылады   деп   көрсетiлетiн.   Ендi   өндiрушiлер 

сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құртының 

еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда. Дәрiгерлердiң пайымдауынша, 

кока-кола, әсiресе, балалардың бас сүйегiне, ойлау қабiлеттерiне орасан зор 

зиян келтiредi. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам 

ағзасындағы кальций, темiр секiлдi ең маңызды элементтердi жойып, есесiне 

құрамындағы есiрткi зат адам өмiрiн екi есеге қысқартады.

Америкалық денсаулық сақтау органдары «Кока Коланың» рак ауруын 

туғызуға   тікелей   әсері   бар   екенін   анықтап   отыр.   Сусын   құрамындағы 

карамельдің шын мәнінде қоңыр қызыл канцерогендердің қосындысы екені 

анықталған.   Кола   өндірушілердің   карамель   деп   жүргені   үй   жағдайында 

қантты ерітуден алынатын тәтті емес. «Кока-колалық карамель» - аммиак, 

сульфит және шекерді реакциялау барысында пайда болатын, адам ағзасына 

зияны орасан сұйықтық. Бұл қосынды бауыр және қалқанша безі рагының 

өріс   алуына   жол   ашады.   «Кока-кола»   компаниясы   шығаратын   4   өнімде 

жасанды карамель пайдаланылады. Ал, оның екеуіне аммиак қосылатынын 

білген   вашингтондық   ғалымдар   қазір   кока-коланың   зияндылығын   айтып, 

дабыл қағуда.



Е.Оңғаров

20. Базбір мұсылман бауырларымыз ҚМДБ-ның бекіткен пәтуасына  

қарамастан,   өзге   елдердің   шешіміне   мойынсұнып,   нәтижесінде  

мұсылман  қауымы  жылда   екіұдай күйді  бастан кешіреді.  Біз  неліктен  

кейбір   жылы   жиырма   тоғыз   күн,   кейбір   жылы   отыз   күн   ораза  

тұтамыз?

Ислам әлемінің жыл санағы ай есебіне негізделетіні көпшілікке белгілі. 

Осыған   орай   Рамазан   айы   туғанда   мұсылман   жұрағаты   Алла   Тағаланың 

разылығы үшін таң сәрісінде аузын бекітіп, ораза тұта бастайды. Шәууал айы 

30


туғанда ауыз бекітуді аяқтап, Ораза айт мерекесін тойлайды. Бұл жөнінде 

Хақ   Елшісі   (с.а.у):   «Рамазан   айын   көрсеңіз,   ауыз   бекітіңіз.   Шәууал   айын 

көргенде аузыңызды ашып, Ораза айтты мерекелеңіз. Бірақ, Шәууал айының 

туғанын   бұлт   көлегейлеп   көрсетпесе,   Рамазан   айын   отыз   күнмен 

толықтырыңыз» (Ибн Мәжа, Сиям: 7) деген болатын. 

Бүгінгі   күні   көптеген   мұсылман   елдерінде   астрономиялық   есеппен 

Рамазан айының күні алдын-ала белгіленіп, мұсылмандар осы межемен ауыз 

бекітеді. Ал, Сауд Арабиясы мен Тунис секілді елдер астрономиялық есеппен 

емес,   Рамазан   айының   туғанын   көзбен   айқын   көріп   барып,   ауыз   бекітуге 

пәтуа шығарады. Бұл елдердің ғұламалары Рамазан айының немесе Ораза айт 

мерекесінің   басталуына   байланысты   жоғарыда   келтірілген   хадис-шарифті, 

яғни,   айдың   анық   көрілуін   негізге   алады.   Алайда,   осы   мәселені   терең 

зерттеген   ғалымдардың   көзқарасынша   айдың   туғанын   астрономиялық 

құрылғылар арқылы ғана дәл уақытында анық көруге болады. Яғни, айдың 

туған-тумағанын   құр   көзбен   көру,   пәтуаның   дәл   берілуіне   негіз   бола 

алмайды. Жалпы, Тәңір Елшісінің (с.а.у.) жоғарыдағы хадис-шарифін тікелей 

мағынасында қолдануға болмайды. Өйткені, Мұхаммед (с.а.у.) өмір сүрген 

дәуірде   араб   қоғамында   астрономия   ғылымы   мүлде   дамымаған   еді. 

Сондықтан   да   Жақсылық   жаршысы   (с.а.у)   ораза   тұту   уақытын   белгілеуде 

«айдың көрінуін» шарт етіп қойған болатын. Бұл жерде Алла Елшісі (с.а.у) 

жұлдызнама   ғылымынан   бейхабар   надан   арабтарға   ұғынықты   болу   үшін 

айдың   тууын   негізге   алған-тын.   Демек,   қазіргі   дәуірдегі   астрономиялық 

есеппен   Рамазан   айының   уақытын   алдын-ала   бекітудің   шариғатқа 

қайшылығы жоқ деген сөз. Мұндай есеппен берілген пәтуаға нық сеніммен 

қарауға болады. Себебі, әр айдың қанша күнге созылатынын көзбен көруден 

гөрі астрономиялық құрылғылар дәл анықтай алады. 

Уақытты есептеуде адамзат баласының бір бөлігі күн есебіне, бір бөлігі 

ай есебіне сүйенетіні белгілі. Өйткені, уақыт есептеуде күн мен ай – мүлт 

кетпейтін   илаһи   безбен.   Бұл   хақында   Хақ   Тағала:   «Күн   мен   ай   (өз 

кеңістігінде)   белгілі   мерзім   бойынша   мәлім   есеппен   жүреді»   («Рахман» 

сүресі, 5-аят) деп бұйырған болатын. Ал, мұсылман қауымының ай есебін 

ұстануының себебі Ұлы Жаратушы Құран Кәрімде: «Нұр шашыратып күнді, 

жарығын жайғызып айды жаратты Алла. Сонан соң сендердің жыл және ай 

мерзімдерін   айыруларың   үшін   олардың   орындарын   белгіледі.   Алла   оны 

жайдан   жай   жасаған   жоқ.   Біле   білгенге   Алла   аяттарын   осылайша   айқын 

түсіндіреді» («Жүніс» сүресі, 5-аят) деп бұйырған-тын. Күн есебінде 365 күн 

болса, ай есебі бойынша бір жылда 354 күн бар. Ай есебінің 354 күн болуына 

орай Рамазан айы кейде жиырма тоғыз күн, кейде отыз күн болып келеді. Бұл 

хақында   Хақ   Елшісі   (с.а.у):   «Біз   арабтар   үмми   (оқу,   жазудан   бейхабар, 

сауатсыз)   бір  қауымбыз.   Не   жаза   алмаймыз,   не   есептей   білмейміз.   Бір   ай 

кейде былай (Пайғамбарымыз (с.а.у.) саусағымен жиырма тоғыз күнді санап 

шықты), ал, кейде былай (Пайғамбарымыз (с.а.у) отыз күнді санап шықты) 

болып   келеді»   (Бұхари,   Саум:   13,   Мүслим,   Сиям:   15,   Әбу   Дәут:   4)   деген 

болатын.   Яғни,   Рамазан   айының   кейде   жиырма   тоғыз   күнде,   кейде   отыз 

31


күнде   үзілуіне   байланысты   мұсылман   жұртшылығы   кейбір   жылы   жиырма 

тоғыз күн, кейбір жылы отыз күн ораза ұстайды. Күн есебіне сүйенетін ғайри 

мүслимдер (иудейлер мен христиандар) жыл сайын тек белгілі бір мерзімде 

ораза   тұтады.   Ал  ай  есебіне   сүйенетін  мұсылман  қауымының  ауыз   бекіту 

мерзімі әрбір жылы он бір күнге кейін шегеріліп, өзгеріп отырады. 

Әсілі,   ай   есебін   ұстану   күн   есебінің   өлшеміне   қарағанда   ретсіздеу 

болып көрінгенімен, мұнда илаһи әділетті бір шешім бар. Егер ораза тұтуда 

күн  есебін   ұстанар  болсақ,   онда  ұдайы   тек  жылдың  белгілі  бір  мезгілінің 

жеңілдігін немесе ауыртпалығын тартар едік. Мәселен, қыс мезгілінде күн 

қысқа, түн ұзақ болғандықтан, ауыз бекіту жеңілдеу. Бұл жөнінде Хақ Елшісі 

(с.а.у.): «Қыста ораза ұстаудың сауабы тер төкпестен оңай қолға түскен олжа 

іспетті»   (Тирмизи,   Савм:   73,   Муснад,   4:   335)   деген   болатын.   Ал,   жаз 

мезгілінде керісінше күн ұзақ, түн қысқа болғандықтан, ораза ұстау оңайға 

соқпайды. Яғни, ай есебімен ауыз бекітсек жылдың төрт мезгілінің рухани 

шуағына бөленеміз. Сонымен бірге, егер ғайри мүслимдер тәрізді жылдың 

белгілі бір мерзімінде ауыз бекітетін болсақ, онда жер бетіндегі халықтың бір 

бөлігі ұдайы қақаған қыс мезгілінде, бір бөлігі аптап ыстықта ауыз бекіткен 

болар   еді.   Ал,   дініміз   ай   есебіне   жүгінгендіктен,   жер   бетіндегі   мұсылман 

жұртшылығы әрбір жылы он бір күннің ауысуып отыруымен жылдың төрт 

маусымында да ораза ұстап шығады. 

Рамазан айының кейбір мемлекеттерде ерте, кейбір мемлекеттерде кеш 

басталуының тағы бір себебі – Батыс елдерінде қоғамдық жұмыс мезгілін 

бірыңғайлау   мақсатында   «әлеуметтік   сағат»   түсінігі   қалыптасқан.   Осы 

«әлеуметтік   сағат»   режиміне   байланысты,   бұл   мемлекеттердегі   уақыт 

өлшемінің   тілі   ай   есебін   ұстанатын   елдерден   бөлек   болып   келеді.   Осы 

қайшылықты реттеу үшін мұсылман мемлекеттері 1978 жылы Түркияда «Ай 

конференциясын» өткізіп: «Жер жүзінің қай жерінде алғаш рет ай көрінген 

болса, ислам елдері ораза ұстауды сол уақытта бір мезгілде бастауы қажет» 

деп   қарар   қабылдаған   болатын.   Дегенмен   бірауыздан   қабылданған   бұл 

байлам әлі күнге дейін сөз күйінде қалып отыр.



М.Исахан

32


ІІ БӨЛІМ

ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЙЫНДА 

20 САУАЛ

33


1. Қорымның қасынан өтіп бара жатқанда бет сипадым. Автобуста  

бірге   отырған   ер   адам   «бұлай   істеуге   болмайды»   деп   дүрсе   қоя   берді.  

Осылай бет сипауды көз ашқалы үлкендерден көріп келеміз. Сонда оның  

дұрыс болмағаны ма?

Қабірді   арнайы   зиярат   ету   исламда   жағымды   (мандуб)   істерден 

саналатыны   белгілі.   «Қабірлерді   зиярат   етіңдер.   Өйткені   қабір   зиярат 

ақыретті естеріңізге салады» деген хадис бар. Сонымен қатар өлілерге құран 

бағыштау, олар үшін Алла Тағаладан жарылқау тілеу де қабір зияратының 

бір мақсаты саналады.   Құран оқудың ғана емес, дүниеден өткен адам үшін 

дұға   етіп,   кешірім   тілеудің,   бағышталып   жасалған   барлық   жақсылықтың 

сауабы   тиетінін   Пайғамбарымыздың   хадистеріне   сүйене   отырып,   төрт 

мазхабтың мужтаһид ғалымдары өз еңбектерінде жазып қалдырған.

Пайғамбарымыз

 

«Бақиғ»


 

қорымына


 

зиярат


 

еткенде: 

«Ассалаумағалейкум,   уа   мұсылмандар   қауымы!   Біздер   де   Алла   қаласа, 

сіздерге қосыламыз. Алладан   өзіме де, сіздерге де есендік тілеймін» деген. 

Қабірге зиярат ете келгенде осылай сәлемдесуді өсиет еткен. Осы насихаттан 

ғибрат алған қазақ халқы да қабірстанына: «Біз де сіздей болғанбыз, сіз де 

біздей   боларсыз»   немесе   «Біз   де   сіздей   болғанбыз   баяғыда,   сіз   де   біздей 

боларсыз аяғында» деп өлілерден тірілерге аманат сөз жазып қалдырған.

Ал   қабір   жанынан   өтіп   бара   жатқанда   да   бір   сәт   өлімді   еске   алу, 

мүмкіндігі   болса,   тоқтап,   өлілерге   құран   бағыштау   немесе   қабір   жанынан 

марқұмдар үшін «Алла жайын жаннаттан етсін», «Топырағы торқа болсын, 

иманы қабыл болсын» деген секілді дұға тілеп, бет сипап өту – қабір зияраты 

әдептерінен   туындаған   әрекеттер.   Оның   шариғатқа   қайшылығы   немесе 

әдепке жаттығы жоқ. Керісінше ғибраты мен өнегесі мол. 

34


Қабір   зияраты   әдебіне   қатысты   хадистерде   қабірдегілердің   өздерін 

зиярат   етушілерді   танитыны,   сөздерін   еститіні,   жағымсыз   іс-әрекеттер 

жасалған   жағдайда   ауыртпалық   сезінетіні   жайлы   айтылады.   Сондықтан 

қабірстандағыларға дауыстап сәлем беру, қабір әдебін сақтау, қабірдің үстін 

баспау, оған сүйеніп отырмау керектігі, қабір үстімен өтуге мәжбүр болған 

жағдайда   арнайы   тасбих,   тәһлил,   тәкбір,   истиғфар   дұғаларын   айтып   өту 

қажет екендігі хадистерде жиі ескертілген. Сондай-ақ мәйітті жуу, кебіндеу, 

көтеру, жаназасын шығару, қабірге салу кезінде абай болу қажеттігі жөнінде 

хадистер бар. «Кімде-кім қорымнан тәкбір айтып өтсе, қабірде жатқан кісі: 

«Осы адам қабірімнің жанынан тағы бір рет өтсе ғой!» деп қалайды екен» 

делінеді   исламдық   дереккөздерінде.   Артында   қалған   ұрпақтарының   Құран 

үйреніп, ізгі, сауапты істер атқарғаны үшін марқұмдардың қабір азабының 

жеңілдетілгені жөнінде де хадистерден бастау алған хикметті хикаялар бар.  

Атамыз  қазақ   Пайғамбарымыз   аманат   еткен  қабір   зияратына   қатысты 

әрбір әдепті көздің қарашығындай қастерлеген. Қандай жағдайда болса да, 

қабір   жанынан   ойсыз,   асығыс-үсігіс   өте   салмаған,   қолынан   келсе   құран 

бағыштап,  тым  болмаса  «тие   берсінін»  айтып  бет   сипап  өткен.  Мұндайда 

абзалы, әрине, арнайы дұға бағыштау болмақ. Дұғадан кейін бет сипау да – 

дұғаның   әдебіне   жататын,   дініміз   терістемейтін,   Пайғамбарымыздың 

сүннетінде кездесетін амалдардың бірі. Демек, қазақ ұстанатын қабір зияраты 

әдебінің   әрбірінде   пайғамбарымыздан   аманат   болып   келе   жатқан   қастерлі 

қағидалар бар.



А.Әбдірәсілқызы

2. Дүниеден өткен ата-бабаларға Құран бағыштауға бола ма? Оның  

дұрысы қалай болмақ?

Дүниеден өткен адамға «сауабы тисін» деген ниетпен Құран бағыштауға 

болатынын,   оның   шариғатқа   қайшылығы   жоқтығын,   керісінше   сауапты   іс 

екендігін   талай   ислам   ғұламалары   дәлелдеп   жазған.   Пайғамбарымыздың: 

«Өлілеріңе «Йасин» сүресін оқыңдар» деген хадисі бар. Абдуллах ибн Омар 

сахабаның   қабір   басында   «Бақара»   сүресінің   аяттарын   оқығаны   жөнінде 

риуаят   жеткен.   Пайғамбарымыздан   жеткен   сахих   хадистерде   марқұмның 

өтей алмаған оразасын тұту, атқара алмаған қажылығын өтеу, оның атынан 

садақа   беру   секілді  ғибадаттардың   сауабы   өліге   тиетіні   айтылған.   Осыған 

сүйеніп,   мүжтаһид   ғалымдар   Құран   оқу   да   жеке   ғибадат   болып 

табылатындықтан, оны оқып, марқұмға бағыштаудың да өліге сауабы тиетіні 

жөнінде ортақ тұжырымға келген. Пайғамбарымыздан бір кісі: «Уа Алланың 

елшісі, ата-анам өлгеннен кейін де оларға құрмет көрсете аламын ба?» деп 

сұрайды.   Сонда   Пайғамбарымыз:   «Иә,   егер   дұға   жасасаң,   Алладан   оларға 

кешірім   етуін   сұрасаң,   берген   уәделерін   орындасаң,   туыстарымен 

байланысыңды   үзбесең   және   достарын   құрметтесең»   деп   жауап   берген. 

35


Сонымен   қатар   исламда   «үздіксіз   сауап»   деген   ұғым   бар.   Ол 

Пайғамбарымыздың: «Адам қайтыс болған соң амал-сауабы тоқтайды. Тек 

үш жолмен ғана үздіксіз сауап барып тұрады: тоқтаусыз садақасы (ел игілігі 

үшін жасаған нәрселерінің сауабы – салған көпірі, мешіт, медресесі,  т.б.), 

қалдырған   пайдалы   ілімі,   салиқалы   ұрпағының   дұғасы»   деген   хадисіне 

негізделген.   Осы   негіздерге   сүйене   отырып,   Құран   оқудың   ғана   емес, 

дүниеден өткен адам үшін дұға етіп, кешірім тілеудің, бағышталып жасалған 

барлық жақсылықтың сауабы тиетінін төрт мазхабтың мужтаһид ғалымдары 

өз  еңбектерінде  жазып қалдырған.  Дегенмен  Құранды ақы  төлеп оқытуды 

ислам ғұламалары құптамаған, «ақшаға оқылған Құран қабыл болмайды» деп 

тұжырымдаған.   «Мүмкіндігінше   қаза   иесінің   Құранды   өзі   оқып, 

бағыштағаны   жөн,   ал   Құранды   басқа   адамға   оқытқан   жағдайда   оған   ақы 

төлеуге болмайды, садақа ретінде беруге болады» деген ортақ тұжырымдар 

(ижмаъ) бар. 

Қазақы дәстүрде өліге Құран бағыштауға ерекше мән берілетіні белгілі. 

Бұл бір жағынан дін мен дәстүрдің тоғысуының ділдегі (менталитет) көрінісі 

іспетті. Ежелгі ғұндар мен сақтар дәуірінен тамыр тартып келе жатқан сайын 

даладағы бір игі дәстүр – дүниеден өткендерді еске алып, ас беру болған. 

Сонау   ежелгі  грек   деректерінде   сақталған   мына   оқиға  осы  дәстүрдің  ішкі 

мазмұнын танытады: Скиф (сақ) данышпаны, атақты емші Токсаридке (б.д.д. 

VІІ-VІ ғғ.) эллиндік (грек) ойшыл Мнесип мынадай сұрақ қояды: – Сендер 

ата-бабаларыңның   рухына   арнап   ас   бересіңдер.   Сонда   сендер   оларға 

табынасыңдар   ма?   Бұл   сұраққа   Токсарид:   –   Біз   ата-баба   рухына 

табынбаймыз,   ас   беру   арқылы   оларды   еске   алып,   тірілерге   үлгі   етеміз, 

жастарды   тәрбиелейміз,   сөйтіп,   тірілердің   рухын   көтереміз,   –   деп   жауап 

береді.


Ғұндар   мен   сақтар   дәуірінен   тіні   үзілмеген   осы   рухани   дәстүр   түркі 

қағанаты тұсында да жалғасын тапты. Исламды қабылдаған түркі жұртында 

бұл   үрдіс   әруақтарға   арнап   ас   беріп   қана   қоймай,   Құран   оқып,   сауабын 

өлілерге   бағыштаумен   толықты.   Көшпелі   далалықтар   ерекше   қастерлеген 

мазар   мәдениеті   мен   зиярат   әдебі   де   ислам   діні   мен   ұлттық   дәстүрлер 

үндестігінің   көрінісі   болып   табылады.   Дін   мен   дәстүр   үндескенде   дін 

дамиды,   дәстүр   байиды,   ал   ұлт   діннің   рухын   сезініп,   құндылық   ретінде 

қабылдайды.   Ортағасырлық   дерек   көзі   «Тәзкире-и   Бұғрахан»   шежіресіне 

сүйенсек, марқұмдарға ас беріп, құран бағыштау исламның түркі даласына 

таралған   алғашқы   кезеңінен   бастау   алған   деуге   болады.   Қарахан 

мемлекетінің рухани тарихын баяндайтын шежіреде: «Бейсенбі күні сусын 

мен   тамақ   әзірленді.   Мұсылмандарға   ас   тартылды.   Құран   хатым   қылды. 

Сауабын шәһидтер рухына бағыштады», «Шәһидтерге арнап мұсылмандарға 

ас берді. Хатым Құран қылды. Одан кейін шырақшы тағайындап, қырқын 

өткізіп, Қожа Факих Әйубты ұлық шейх қылып, қырық кісі жарубкеш күтуші 

қойып,   майшам   алдырып,   әрқайсысына   бір   жер   тағайын   қылды.   «Әзіреті 

падишах Әли Арслан ғазыға, барлық шәһидтерге дұға, тәкбір қылыңыздар» 

деді» деген мәтіндер жиі кездеседі.

36


Тарихи тұрғыдан осылай айшықталатын бұл үрдіске танымдық қырынан 

келер   болсақ,   қазақтың   қанына   біткен   әруақ   сыйлау   үрдісі   ата-ананы 

құрметтеу әдебімен ұштасады. Ата-ананы сыйлаудың Алланың разылығын 

алудың ең жақын жолы екені талай хадистерде айтылған. Ал Алладан кейінгі 

ұлығы,   көз   алдындағы   киелісі   –   ата-анасын   ғана   емес,   жеті   атасын   түгел 

сыйлауы, көзі тірі үлкендердің ғана емес, дүниеден әлдеқашан өтіп кеткен 

өлілердің   де   қамын   ойлап,   дұғасын   бағыштауы   қазақтың   иман   дүниесінің 

қаншалықты тереңде жатқанын аңғартса керек. Бұл жерде мына нәрсені де 

ескерген   жөн.   Әруақ   алдындағы   қарызын   өтеп,   жан-дүниесі   тыныштық 

табуы, ар алдында таза болуы – тірілер үшін үлкен сабақ. Тірі теңгермегенді 

өлі   теңгереді.   Өлі   алдындағы   өтелмеген   парыз   теңгереді.   Өліге   бағыштап 

Құран оқытып, садақа берудің, марқұмның ізгілігін сүйінішпен, кем-кетісін 

өкінішпен   еске   алып,   соңында   қалғандарға   қайырым-көмек   жасаудың 

әрбірінде   адамның   шайқалақтап   тұрған   иман   таразысын   теңгеріп,   арғы-

бергісін ойлатып, тәубесін есіне түсіретіндей үлкен мән-мағына бар. Бауыр 

мен  бауырды,   туыс   пен  туысты   жақындататын   парыз   бен   қарыз   сезімі  де 

тірінің түйткілі көп тіршілігінен гөрі өлінің өнегесі көп тыныштығында бас 

қосқанда  көбірек танылып-түйсініледі. Сондықтан  бүгінгі  күні де торқалы 

тойдан гөрі топырақты өлімде бас қосу қазақы болмысқа тән құндылықтарды 

көбірек жаңғыртып отырғанын атап айту ләзім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет