Қазақстан Республикасы Ғылым және білім беру министрлігі



бет2/4
Дата18.05.2022
өлшемі21,04 Kb.
#34820
1   2   3   4
Байланысты:
Әдебиет теориясы Нұрсағи Айсұлу СӨЖ

Эпикалық поэзия

  • Лирикалық поэзия

  • Драмалық поэзия

    Эпикалық поэзия – өзін жеке алып қарағанда да, ақыны мен оның оқушысын алып қарағанда да көбінесе объективті, сыртқы поэзия. Эпикалық поэзияда өзіндік бейнесі бар және өзіне болсын, оны аңғарушы ақынға я оның оқушысына болсын, тіпті керенау халде боп қалатын дүние мен өмірді пайымдау жағы айтылады.

    Лирикалық поэзия – көбінше ақынның өзі айтатын субъективті, ішкі поэзия. «Лирикалық поэзияда живописьші – картинаның өзі бола алады, ал шығарманы жасаушы – өзінің шығарған нәрсесі болады» – дейді Жан-Поль Рихтер. Эпикалық поэзияны құраушы өнермен – сәулет өнерімен, мүсін өнері және живописьпен салыстыруға болады; лирикалық поэзияны тек музыкамен ғана салыстыруға болады.

    Драма қарама-қарсы элементтерді – эпикалық объективтік пен лирикалық субъективті ынтымақтастырушы нәрсе, бірақ, осылай болғанымен де ол эпопея да, лирика да емес, алғашқы екеуінен шыққанымен де, ол тіпті жаңа, өзімен-өзі болып жатқан бір үшінші нәрсе. Сәулет өнері шығармалары тұтас бір әсем пішінді құрастыратын бөлшектерінің үйлесімділігімен, әйтпесе өткір ұштары шаншыла аспанға өрлеп ғайып болатын аса зор және зәулім мұнаралы формасымен рухымызды шарықтатып, таңырқатады. Бірақ, бұлардың жанды еліктіруі осы тәсілмен шектелмек. Бұл әлі тек  шартты символизмнен абсолюттік өнерге көшу ғана; бұл әлі толық мәнінде өнер емес, ол тек қана талап, өнерге тұңғыш адым; бұл әлі көркем формаға түскен пікір емес, тек пікірге жасайтын көркем форма ғана.

    Поэзия адамның еркін тілімен берілетіндіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әрбір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің бәрін бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты. Поэзия тұтас өнер, соның бүкіл ұйтқысы болып табылады. Және оның барлық жағын қамти отырып, бүкіл өзгешеліктерін айқын, анық түрде бойына жинақтайды.

    І. Поэзия сырт жағынан идеяның мағынасын іске асырады да, міні жоқ айқын, пластикалық образдар мен рухани дүниені ұйымдастырады.  Мұнда бүкіл ішкі сезім сыртқа терең жайылады, сөйтіп, бұл екі жақтың екеуі де – ішкі және сыртқы – бірінен-бірі жекеленіп көрінбейді, екеуі тұп-тура бірігіп, өзімен-өзі жымдасып жатқан тұтас шындықты – оқиғаны көрсетеді. Бұл жерде ақын көзге көрінбейді; айқын, пластикалық дүние өзінен-өзі өрістейді, сөйтіп, ақын өздігінен болған нәрсені тек жай әңгіме етуші ғана боп табылады. Бұл – эпикалық поэзия.

    ІІ. Сыртқы құбылыстың қайсысына болса да ынта, тілек, ниет, бір сөзбен айтқанда ой-пікір мұрындық болады; сыртқы құбылыстың бәрі де ішкі, құпия күш әрекеттің нәтижесі; поэзия оқиғаның осы ішкі екінші жағына, осы күштердің ішіне енеді; бұл күштерден шығып сыртқы шындық, оқиға және әрекет өркендейді; мұнда поэзия қарама-қарсы, жаңа текте көрінеді. Бұл субъективті дүние, бұл ішкі дүние, өз шеңберінде қалып, сыртқа шықпайтын тырнақ алды істердің дүниесі. Мұнда поэзия ішкі элементте, шарқ ұрған сезгіш ойда қалады; ал рух сыртқы реалдықпен шығып, өзімен-өзі болып кетеді де, поэзияға сыртқының бәрін өз бойына жинаған ішкі өмірінің әр алуан шексіз құбылыстары мен белгілерін береді. Мұнда ақынның жеке басы бірінші кезекте көрінеді де, біз тек сол арқылы ғана бәрін аңдап, түсініп отырамыз. Бұл лирикалық поэзия.

    ІІІ. Ақырында бұл әр түрлі екі тек бірімен-бірі тұтасып қосылып кетеді: ішкі өзімен-өзі болудан қалады да, сыртқа шығып, әрекетімен көзге көрінеді; ішкі қиялдық (субъективті)  нәрсе сыртқы реалдық (объективті) нәрсеге айналады. Эпикалық поэзиядағыдай мұнда да әр түрлі субъективті және объективті күштерден шығатын белгілі реалдық әрекет дамып отырады; бірақ, бұл әрекеттің ендігі жерде жалаң сыртқы сипаты болмай қалады. Мұнда әрекет, оқиға бізден таса өндіруші күштерден шығып, өз шеңберінде еркін айналып келіп, ішінен тиышталған, дап-дайын күйінде бізге кенеттен көріне қоймайды, –  жоқ, біз мұнда сол әрекеттің жеке адамның еркі мен сипаттарынан пайда  бола бастаған процестің өзін көреміз. Екінші жағынан, бұл сипаттар өзімен-өзі  болып қалмайды, үздіксіз көрініп отырады және өз рухының ішкі мазмұнын практика жүзінде ашып береді. Бұл поэзияның жоғарғы тегі, өнердің асылы – драмалық поэзия.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет