Аристотель пайымдаулары:
1. Ақынның міндеті өмірді көшіру емес, жалпы мағынасын ашу деп есептеді. Мұнда Аристотель жалпының жалқыға ұласуын түсіне бермейді. Лениннің сөзімен айтқанда, диалектиканың, жалпы мен жалқының жеклеген заттық мағынасын бұрмалау.
2. Аристотель өнердің танымдық қызметін айқындай келіп, өзінің ұстазы Платонмен салыстырғанда, өнер-шындық жайлы білім береді дегенді мойындайды.
3. Поэтикалық жанрдың сипатын (трагедия, комедияны) ақынның жеке моральдық бейнесімен байланыстырады. Бұл көзқарас бойынша трагедия мен комедия жасаған драматургтер қатарына кірмейді.
4. «Тазаруға» қатысты көзқарасы қорқынышпен, азаппен келгені ешқандай түсінік бермейді. Бұл Арситотельдің грек демократиясынан бастау алған трагедияларды тәрбиелік әсерін тазару деп түсіндірді. Сол арқылы халықты ұжымдануға және өмірлік кедергілермен күресе білуге шақырады.
5. Арситотель бастапқы кезден трагедиялар мен комедияларды байланыстырады да содан кейін идеализм мен материализм арасындағы өзінің пікір айқндығын көрсетеді.
6. Аристотель трагедияда шиеленіскен қарым-қатынастарды дұрыс көрсетіп, түсіндіре білді. Бірақ, Аристотель трагедия сипатының рөліне дұрыс түсініктеме бермейді. Ол трагедияда мінез болмаса да өзара іс-әрекет міндетті түрде болуы керек деп есептейді.
7. Осылайша Арситотель мейірімді немесе ұнамды кейіпкерді оның шығу тегімен салыстырмайды. Мысалы ол құл иеленуші ретінде құлдың өзі трагедияда жағымды кейіпкер болуы мүмкін деп есептеген.
Гегель поэзиясының тектері мен түрлерін былай көрсеткен:
-Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан.
-Объект, субъект ұғымдарын пайдаланады.
Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос – лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.
«Рухани әлемнің сыртқы болмысын кең түрде көрсетеді» десе, лириканы оның мазмұны – барлық субъективті нәрсе, ішкі әлем деп анықтаса, драмаға келгенде «алдыңғы объективті дүниені әкеледі»
Достарыңызбен бөлісу: |