Аристотель поэзиясының тектері мен түрлері
Әдебиет теориясы туралы ой-пікір, көзқарастар ерте заманнан бері айтылып келеді. Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктеріне, оның даму зандарына біздің жыл санауымызға дейінгі заманның ойшыл ғалымдары да көңіл аударып, кейбіреулері терең ғылыми пікірлер айтты. Әдебиеттің теориясы туралы ең алғашқы үздік еңбек ескі грек елінің философы Аристотельдің «Поэтика» кітабы болды.
Аристотельдің «Поэтикасы» - өнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар «Поэтика» өз кезегіндегі жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның:
- тегі
- мәні
- мазмұны
- пішіні
- әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады.
Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында деп білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |