Регрессивті ассимилияция заңы бойынша алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссызды дауыстыцң қатысы жағынан өзіне сәйкестендіріп, толық тәуелді етіп тұрады. Алайда бұл заңға кейбір қосымшалардың басында кездесетін с, ш қатаңдары көне бермейді.
1) Үнді дауыссыздар да дауыстылар секілді басқа дауыссыздарға күштілік жасайды да, оларға ықпал етіп тұрады. Прогрессивті ассимилияция кезінде үнділер алмасуға ұшырамайды. Ал регрессивті ассимилияцияға ұшырап алмасатын бір-ақ дыбыс бар. Ол—тіл алды н. Ол Мынадай жағдайда регрессивті ассимилияцияға ұшырап алмасады:
а) Соңы н дыбысына біткен сөздерге тіл арты ғ және г дыбыстарынан басталатын қосымшалар жалғанған кезде тіл алды нтіл арты ң дыбысына алмасады: күңгө-- күн-ге, жөңгө-- жөн-ге, сеңген—сен-ген.
ә) соны н дыбысына біткен сөздерге жалғанатын қосымша б, м дыбыстарынан басталса, онда тіл алды н қос ерін м дыбысына айналады: қаммен—қан-мен, қамбады—қан-бады, айтқаммен-айтқан-мен. Алдыңғы сөз н дыбысына аяқталып, кейінгі сөз п дыбысынан басталса, тіл алды н дыбысы қос ерін м дыбысына алмасады: омпарақ—он парақ, жампида—жан пида.
2) Үнділерден қазақ тілінде з және ждыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды, ал з дыбысы әлдеқайда актив. Бұл жіктік, тәуелдік жалғауларында да кездеседі. Алдщыңғы морфема з, ж дыбыстарына бітіп, кейінгі морфема с, ш және з, ж дыбыстарынан басталса ілгерінді, кейінді ықпалдың нәтижесінде бірспыра дыбыс алмасулары болады. Оның ішіндегі регрессивті ассимилияция мынадай болад:
а) Алдыңғы морфема з ұяңына бітіп, кейінгіморфема қатаң с дыбысынан басталса, онда з қатаң тс дыбысына алмасады: сөссүз—сөзсіз, көссүз-көзсіз, осса—оз-са.
ә) кейінгі морфема ж дыбысынан басталса, алдыңғы морфеманың соңындағы з дыбысы ж дыбысына айналады. Бұл сөз бен сөздің арасында ұшырайды: жүжжыл-жүз жыл, божжорға—бозжорға.
б) кейінгі морфеманың басындағы ш дыбысы алдыңғы морфеманың соңындағы з ұяңнан ш дыбысымен алмастырады: сөшшіл—сөзшіл, жашшы—жазшы.
в) кейінгі морфеманыңт т басындағы с қатаңы алдыңғы морфеманың соңындағы ұяң ж дыбысын қатандырады: лашшыз—лажсыз, мұқташшыз—мұқтажсыз.
3) Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады.Олардың ішінде регрессивті ассимилияция кезінде алмасуға икемділері к, қ, п, с.
а) Алдыңғы морфема қ, к, п қатаңдарына бітіп, кейінгі морфема үнді және ұяң д, ж, з дуыссыздардан басталса, онда сөз соңындағы қ, к, п ұяңданып, ғ, г, б дыбыстарына алмасады: көгзерен—көк зерен, бегзада—бекзада, көбжер—көп жер.
ә) алдыңғы морфема с дыбысына бітіп, кейінгі морфема ш дыбысынан басталса с дыбысы ш дыбысымен алмасады: башшы—басшы, ойлашы—ойласшы.
Достарыңызбен бөлісу: |