Біріккен сөздер: әлдегім-- әлдекім, жаңгешті—жанкешті, бетпұрыс—бетбұрыс.т.б.
Қос сөздер: қолма-ғол—қолма-қол, беспестен—бес-бестен, қорағора—қора-қора.т.б.
Қысқарған сөздер: афхоз—савхоз, метотсавет—методсовет, афком—обком.т.б.
Өзара тіркескен зат есімдер: ташшол—тас жол, кітаппазары—кітап базары, Құрмаңғазыгөшесі—Құрманғазы көшесі.т.б.
Күрделі сын есімдер: алғызыл—ал қызыл, көгжасыл—көк жасыл, қарағасты—қара қасты, т.б.
Күрделі сан есімдер: омбір—он бір, үшшүз—үш жүз, тоқсамбес—тоқсан бес, жүжжыйырма—жүз жиырма.т.б.
Есімдік тіркестер: әргезде-- әр кезде, сеңғандайсың—сен қандайсың, сеңгімсің—сен кімсің. Т.б.
Етістік тіркестер: ойлабеді—ойлап еді, сөйлебжатыр—сөйцлеп жатыр, жазыпполдұ—жазып болды. Т.б.
Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі: үйдүңғасында—үйдің қасында, сенембұрын—сенен бұрын, сенімембірге—снімен бірге.т.б.
Тұрақты тіркестер: ташшүрек—тас жүрек, қанығара—қаны қара, қаспеңгөздүң арасында—қас пен көздің арасында.т.,б.
Сөйлеу актінде жоғарыда көрсетілген бунақтар бір-бірімен өзара қатынасқа түсіңп айтылады да, синтаксистік талдау кезінде сөйлем мүшелері түрінде көрінеді. Сонда бастауыш пен баяндауыш, анықтауыш пен анықталатын сөз, толықтауыш пен толықтайтын сөз, пысықтауыш пен пысықталатын сөз бір ырғақпен айтылады да, бір ритмикалық топ құрайды. Соның өзінде олар міндетті түрде іргелес, көрші тұруға тиіс, араларына көбірек сөз енген сайын олар тұтастығынан айрылып, ажырап кетеді.
Екпін—сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе өз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөлшектерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Сөз екпіні—сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы.Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы, Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні—Сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы, Айбек ерте тұрады. Айбек ерте тұрады. Айбек ерте тұрады.Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні—бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле бір тұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбіне күрделі сөздерге тән. Мысалы, мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып.т.б.
Дыбыс екпіні—сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созылып айтылуы. Мысалы, по-ой-пай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл күйін білдіретін саөздерді айтуда жиі қолданады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |