Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


сурет  бойынша  мазмұнды  әңгімелер  құрату



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#806
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

сурет  бойынша  мазмұнды  әңгімелер  құрату  ұйымдастырылады.  Бұл  әңгіме 
түрлерінде  әңгімені  бала  алдымен  тәрбиешінің  көмегі  арқылы,  кейіннен  өз 
қабілеті арқылы құрастырады. 
Ересектер тобында балалардың ойлау, елестету қабілеттері артуына орай, 
олар өздігінен, тәрбиеші көмегінсіз сипаттама, салыстырма әңгімелер құрау 
кезеңі басталады. Балалар баяндау  формасында ойша әңгіме сюжетін құрайды, 
сурет бойынша сюжеттің басталуын және аяқталуын ойдан шығарады.  
Сипаттама әңгіме құрау үшін заттық және сюжетті дидактикалық суреттер 
қолданады.  Ортаңғы  топтан  бастап  балабақшада  көркем  шығарма  мәтінің 
қайталап  айтқызу  сабақтары  ұйымдастырылады.  Мұндай  сабақтар  баланың 
байланыстырып  сөйлеуді  қалыптастыруда  өте  пайдалы.  Бала  әңгіме,  ертегіні 

 
70 
тыңдап қана қоймай, суретке қарап мазмұнын қайталап айтуы оның жеке тұлға 
болып дамуына әсер етеді, тіл жетілісін арттырады.  
Суретпен  әңгімелеуде  маңызды  тәсіл  –  тәрбиешінің  бала  әңгімесін 
бағалауы.  Тәрбиеші  баланың  өте  дұрыс  құраған  сәттерін  және  кемшіліктерін 
айтып отыруы керек. Сол сияқты ынтамен тыңдаған балаға да мадақтау айтқан 
жөн. Көркем шығармалардың мазмұнын қайталап айтқызу баланың байланысты 
сөйлеуін тез қалыптастырады. Сурет арқылы балалар әдеби тілге жақындайды, 
бейнелі  сөздерді  еске  сақтайды,  өзінің  көркем  ана  тілін  үйренеді.  Мектепке 
даярлық  тобында  суретке  қарап,  бала  өзінің  өміріне  таныс  сюжетті  ойдан 
шығара  бастайды.  Өз  тәжірбиесінен  әңгімелеуді  баланың  күнделікті  өмірінде-
серуен  кезінде,  саяхатта  және  ойын  барысында  таңдаған  тақырыптарды 
пайдалануға  болады.  Тәрбиеші  сабақта  ғана  әңгіме  құратпайды,  онымен 
күнделікті  сөйлесу  кезінде  көрген-  білгендері  жайында  әңгімелетеді.  Әсіресе, 
бала  үйден  фотосуреттер  әкеліп,  «Менің  туған  күнімде»,  «Біздің  отбасымыз», 
«Зообақ», «Жаңа жыл», «Наурыз» тақырыптарына әңгіме айтып беруді қалайды.  
Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  сөйлеуге  үйретуде  сөйлеу  тілінің 
материалы болып табылатын сөздік қорды дамыту – басты міндет.  
Б.  Баймұратова  көптеген  еңбектерде  бала  сөздігінің  дамуына  онымен 
ұйымдастырылатын 
лексикалық, 
дыбыстық 
жұмыстардың 
маңызына 
тоқталады. «Оқу жылы басталғанда сәбилермен жүргізілетін сабақтарда үй іші, 
киім-кешек,  ойындар    мен  ойыншықтар  туралы  әңгімелесу,  сөздік  дәрежесін 
байқау, дұрыс айтуға үйрету тиімді болса,  ересек, мектепке даярлық жастарда 
үйренген  сөздердің  мәнісін  саналы  түсініп  сөз  үйрету  жұмысын  сандық 
белгіден сапалық тұрғыға бағыттау керек. Олар көркем бейнелі сөздермен қатар 
синоним, антоним сөздеріне үйрету,  етістік, сын  есім, сан  есімдерді меңгерту, 
зат  есімдерді  өздігінен  септеп,  жіктеп,  тәуелдеп,  жекеше,  көпше  айта  білуіне 
үйрету жүргізіледі» деп жазылған ғалымның еңбегінде [62]. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  дауыстап  суреттерін  қарап  отырып, 
оқудағы  мақсат  оларды    естуге  және  тыңдауға  үйрету,  сөзді  дұрыс  қабылдай 
білуге  үйрету  екені  ілгеріде  айтылды.  Балаларға  арналған  кітапшалары  сурет-
иллюстрациялар    оқылған  мәтінді  толығырақ  түсіндіруге  көмектеседі,  бірақ 
оны  өз  орнымен  тиісті  жерінде  көрсетпесе,  ол  қабылдауға  кедергі  жасауы  да 
мүмкін. 
Жаңа кітапшамен танысу негізіндегі сабақтарға әуелі мәтінді жеке оқып,
 
содан  кейін  иллюстрациясын  көрсеткен  дұрыс  екенін  балалар  бақшаларының 
тәжірибесі  дәлелдеп  отыр.  Сурет  әрбір  сөзден  кейін  көрсетілуі  тиіс,
 
әйтпесе 
түрлі - түсті суреттерге еліктеген балалар тек суретті өзінше көреді де, көруден 
болған  образ  сөзбен  үйлеспейді,  өйткені  балалар  сөзді  «естімейді»,  оның  
дыбыстық  бейнесі  оларды  қызықтырмайды.  Балалар  көңілін  толық  аударып, 
оларды қызықтыру үшін өте әдемі өрнектелген кітапшаның мұқабасы ғана жеке 
көрсетіледі. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  арналған  кітаптар  әдетте  жақсы 
суретшілердің қолынан шыққан әр түрлі және бір түспен боялған суреттермен 
безендіріліп шығарылады. Шығармалары көркемделген жазушылармен өзін сол 
автормын  деп  есептеуге  құқылы  суретшілердің  есімдері  мәлім.  Мысалы, 

 
71 
Мәскеу, Курск, Омбы қалаларынан шығарылған К. Жуковскийдің ертегілеріне 
В.  Конашевич  салған  иллюстрациялар  балаларды  әрдайым  көңілді  күлкіге 
кенелтеді;  сондай-ак  орыс  халық  ертегілеріне  Ю.  Васнецовтың  салған  әсем 
иллюстрациялары  тебірентпей  қоймайды;  Е.  Чарушиннің  салған  терең  мәнді 
суреттері баланы ойлантуға мәжбүр етеді; В. Горяевтің суреттері А. Бартоның 
өлеңдерін жақсы қабылдауға жәрдемдеседі; 
С.  Михалковтың  шығармаларына  Ф  Лемкуль  салған  суреттер  балаларға 
оларды  сөзбен  берілген  образын  толық  түсінуге  көмектеседі.  Осындай  жанды 
суреттері  бар  кітаптардың  мәтіндерін  қазақша  аударып,  суреттерге  
сәйкестендіріп  мәнерлеп  оқу  бала  тілін,  оның  қазақ  тілінде  сөйлеуін 
жетілдіруге бірден-бір себеп. Бұл сөзімізге қазір шетелден шығарылған «Біздің 
Даша»  кассетасының  орыс  және  қазақ  тілінде  қолданысқа  енгізілуі  нәтижелі  
болғандығын мойындамасқа болмайды. Бұл мүмкін баланың полиглоттылыққа, 
көптілділікке апаратын бірден-бір жол . 
Балалардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  тәрбиеші  кітапшадағы  көркем 
иллюстрацияны  қарап  көрсету  тәсілдерін  өзгертіп  отырады.  Ол  тәсілдер 
мыналар: 
1-ші  кішкенелер  тобында:  1.  Алдында  отырған  екі-үш  балаға  тәрбиеші 
оларға бұрыннан белгілі  «Әтешім, әтешім, алтын айдар әтешім!»  атты тақтаға 
салынған  картинкаларды  көрсетеді  (бұл  тақпақты  алғашқы  рет  оқығанда 
балалар  ойыншық  әтешті  көріп,  ал  ауылдағы  балалар  бақшасының  балалары 
тірі әтештің өзін көрген болатын), әуелі бір балаға, сосын екінші  балаға сұрақ 
қойылады: 
—      Айгүл,  кәне  әтешті  көрсетші.  Саусағыңмен  айдарын  көрсетіп,  атын 
ата!   (Қыз көрсетеді.) 
—   Алтын айдарлы әтеш, міне, осы.  
—   Ал әнді, Асқар, сен көрсетші, оның айдары қайсы. (Бала көрсетеді.) 
—    Міне, әтештің басындағы айдары — алтын айдары осы. 
—    Енді картинкаларды көріп, салыстырайық: біріншісін әтеш дән шұ-
қып  жеп  жүр,  ал  екіншісінде  ән  салып  тұр.  Сапия,  ән  салып  тұрған  әтешті 
көрсетші. (Бала тауып көрсетеді.) 
2.  Балалар  үшін  күрделірегі  —  тәрбиеші  көрсеткен  картинкалардағы 
кейіпкерлердің, заттардың, оның бөліктерінің аттарын атау. 
1-ші  кішкентайлар  тобында  тәрбиеші  сол  суретті,  әтешті  арнайы 
таяқшамен нұсқап көрсетеді де: 
— Алмас, бұл не? 
— Әтеш . 
—  Дұрыс,  әтеш.  Алмас  оны    бірден  таныды.  (Оның  айдарын  көрсетеді.) 
Ал оның басындағы немене, Нәзгүл? 
— Айдары (айдары). 
—  Дұрыс,  Нәзгүл,  жақсы  айтты.  Енді  мына  кітап  суретінен,  әтештің  не 
істеп тұрғанын көрейік. Мынада әтеш қалай... Ол не істеп тұр, Самат? 
— Ән сал... 
—  Әтеш  ән  салып  тұр.  Ол  бар  даусымен  ән  салып  тұр.  Ол  кімге  ұйқы 
бермейді? 

 
72 
— Балаларға. 
— Иә, балаларға және т. б. 
Картинка-иллюстрацияларды  кейіпкерлер  мен  заттардың  атын  атаудың 
бұл тәсілі бір жағынан жеңіл де, себебі оқу үстінде педагог өзі көрсетіп қояды. 
3.  Мысалы,  сабақта  балаларға  (төрт  жастағыларға)  К.  И.  Чуковскийдің 
«Балапан» әңгімесі оқылады. 
Тәрбиеші  әуелі  әңгімесін  (балалар  бұрын  балапанды  көрген  болса,  және 
оқымас  бұрын  оларға  түсіндірудің,  балапанды  көрсетудің  «қажеті  болмаса) 
түгел  оқып  шығады.  Одан  кейін,  қайталап  оқығанда,  балаларға  әңгіме 
«кейіпкері» салынған картинканы көрсетеді. Одан соң, балалардың өздері қарап 
кітапшаларды  барлығына  таратып  береді.  Балалар  картинкаларды  әбден  қарап 
көріп болған соң, әңгіме иллюстрациясыз тағы да қайталап оқылады. 
4.  Орта  және  ересек  топтағы  балалармен  картинка-иллюстрацияларды 
қарап алып, мәтін сөздерінің суретпен қатыстылығын
 
айыру тәсілінде өтеді. 
Мысалы, «Қаздар» ертегісін қайталап оқыр алдында бес жастағы балалар 
картинкаларды  ойыншық-кітапшадан  (панорамадан)  қарап  көреді  (Панорама-
кітапшаларда суреттің «қозғалмалы белгілі болатыны мәлім: бір бетін ашқанда 
екінші жағынан композицияның әуелі біреуі, сосын екіншісі қозғалып отырады, 
ал басқа белгісінде қозғап отыратын тұтқасы болады.) 
5. Мұндай панорама-картинкамен сабақ жүргізгенде, тәрбиеші қысқа ғана 
бір үзіндіні оқиды да (әрине, иллюстрациясы бар үзінді), балалардың біреуінен 
соған сәйкес суретті көрсетіп талап етеді. Кейде, керісінше, біз суретті көрсетіп, 
бір баладан мұнда ертегінің қай тұсы суреттелгенін еске түсіруді сұрайды. 
Мұндай  тәсіл  жай  жазық  иллюстрацияларды  көргенде  де  қолданылады. 
Ересек  және  мектепке  дайындық  топтарының  балалары  иллюстрация-
картинкаларды  бағалай  біледі:  сұрақтарға  жауап  беріп  («Картинка  ұнады  ма, 
жоқ  па?»,  «Неліктен?»),  тақырыпқа  өзінше  шешімдерін  ұсынулары  мүмкін 
(сурет сабақтарында). Егер балаларға бірнеше суретшінің бір әдеби шығармаға 
салған  иллюстрацияларын  көріп,  салыстыруға  үйретсе,  олардың  алуан  түрлі 
иллюстрацияға баға беріп, неғұрлым негізді бола түседі. 
К.И.  Чуковскийдің  «Кірқоймас»  ертегісін  алғаш  рет  төрт  жастағы 
балаларға  оқылатыны  белгілі.  Сол  уақытта  олар  бір  суретшінің  
иллюстрациясын  қарап  көреді.  Жұмыс  әдеттегі  тәртіппен  өтеді:  1)  тәрбиеші 
алдымен  мәтінді,  балалар  көңілді  де  көркем  образдарды  суреттелген  сөздерге 
аудару  үшін,  картинкасыз  оқиды;  2)  мәтінді  жазушының  сөзі  бейнеленген 
картинканы  бір  мезгілде  көрсете  отырып  оқыды;  3)  балалар  картинкаларды 
өздері қарап көреді; 4) тәрбиеші тағы да мәтінді иллюстрациясыз оқып шығады. 
Балалар бұл ертегімен одан кейінгі жаста да кездесетін болады. 
Алты жасар балаларға әрбір суретші салған иллюстрацияларды ертегіден 
көрсеткен дұрысырақ болады.  
Қазіргі  бақылау,  зерттеу  экспериментінің  нәтижелері  суретті  кітаптар 
әдістерінің  артықшылығын  дәлелдеп  отыр.  Құрғақ  сөзбен  түсіндіргенше, 
балаларды  өзара  білім  салыстыру  үшін  «Тағы  басқаша  қалай  айтуға  болады?» 
деген сөздік жарысын өткізген тиімді екені де өте тиімді. 

 
73 
Мысалы,  2-3  жас  аралығындағы  балалардың  өздері  жақсы  көретін  үй 
жануарларын суреттерден көргенде қатты қуанатыны белгілі. «Жазда әжелеріне 
барғанда  төрт  түліктің  төлдерін  көргендіктерін,  олар  қандай  екенін  бар  есте 
қалған  әсерлерімен  балалар  жарысып  айтып  жатады.  Суреттен  танып, 
ажыратып  еске  түсіргеннен  кейін  суреттерді  жауып  қойып,  «Енді  мен 
кішкентай  төлдер  туралы  ойын  бастаймын,  сендер  шешуін  тауып,  өлең 
жолдарынан  олар  қай  төл  жайында  екенін  ойлап  табасыңдар»  деп  талап 
қойғанымызда, балалар өлеңді тыңдауға ынталанады:  
Бірінші өлеңіміз: 
Бойы биік, өзі жүйрік 
Ай-ай-ай! 
Бұл - кішкентай ғана..... (тай) 
Жүні аппақ, қара өзі, 
Үлкен көзді, -зы,-зы,-зы 
-Бұл- не? Бұл - қо... 
Тәрбие,  сабақ  сөйлесу  жолымен  болмай,  бала  тілін  ұштауда  тиісті 
нәтижеге  қол  жеткізілмейді.  Қай  жастағы  баламен  де  сөйлесудің  бірден  бір 
амалдары,  жолдары  бар.  Баланы  сөзге  араластыратын  сүйікті  нысаны  –  оның 
ойыншықтары, олармен жасалатын қимыл-әрекеттері, өзіне жақын тартып, дос 
ететін  аппақ  ұлпа  жүнді  мысық,  лақ,  кішкентай  балапан,  т.б.,  осыларды 
тосыннан көрген сәбидің қай-қайсысы да тіл қатып қалуға тырмысады. 
Бала  талпынысын  көре-біле  тұра,  біздер  сәбимен  сөйлесе    аламыз  ба? 
Бала  әрқашан  сізбен  сөйлесуге  дайын,  ал  сіз  қалайсыз?  Бұл  үшін  3-5  жастағы 
сәбилерді  қызықтыратын  тақырыптар    алынып,  олардың  тілін  сындыруға 
қажетті тілдік жаттығулар, жаңылтпаштар жинақталды . 
«Суреттi сөздiкте» берілген суреттерде баланың танитын  ойыншықтары, 
заттары;  көшеде,  аулада  көргенде  қызықтыратын  құбылыстарды,  жанды-
жансыз  қарекет  иелерін  аңғарта  таныстыратын,  өз  елінің  ерекше  тұрмыстық 
ерекшеліктерін білдіретін тақырыптар қамтылған [63].  
Бір суретті әр түрлі жастағы балалардың қарастырғаны туралы мынандай 
әдістер қолдануға болады. Төмен жастағы балаларға тәрбиеші тарапынан «Бұл 
сурет (ертегі) не жайында?», «Қыз бала қалай киінген?», «Қыздың жанында не 
тұр?»  деген  сұрақтар  қойылады,  жоғарылау  жастағы  балаларға  «Суреттен  қай 
ертегідегі  кейіпкерді  көріп  тұрсыңдар?  Қаңбақ  шалдың  көңіл-күйі  қандай?, 
Ертегідегі негізгі оқиғаны және осы жағдайдан кейінгі шалдың өмірін сипаттап 
беріңдер» деген талаптар қойылады.  
Суреттерді  үлкеннің  басшылығымен  қарастырғанда,  бала  үлкеннің 
тәжірибесіндегі  білімге  сүйенуді  әдет  етеді,  ал  өздігінен  қарастыруды  әдетке 
айналдырса,  өз  қиялы  дамиды,  өз  тәжірибесі  арта  түседі.  Тіл  дамыту 
міндеттерін жүзеге асыруда суреттерді пайдалану әрдайым сәтті бола бермейді. 
Сөздік  жұмысын  жүргізуде  түр-түс,  жыл  мезгілдері,  тұрмыстық  заттар  мен 
құрал-жабдықтар,  адамдардың  дене  мүшелері,  көлік  түрлері,  т.б.  жеке 
мүліктерді, заттарды бейнелеген суреттерді қолдану тиімді шығып жатады. Ал 
әдемілікке,  сезімге,  адамгершілік  жақсы  қасиеттерге  баулитын  туындыларды 
дәл  тауып,  баланың  жасына  сай  қолдану  қиынның  қиыны.  Тіл  дамыту 

 
74 
сабағының тақырыбына орай сурет қарастырғанда, алдымен ескерілетін талап – 
суреттің  мазмұнды  болуы.  Суретте  мазмұн  айқын  көрініп  тұру  өз  алдына, 
екіншіден,  сол  сюжеттің  мәнерлі  берілу  құралдары  бірден  бір  басты  рөл 
атқарады.  Бейнелеу  өнері  –  өнер  туындысы.  Ал  бейнелеу  өнерінің  тіліне 
жататындар: сурет,  оның түсі, ритмі, айқындылығы, құрылысы-композициясы. 
Мұғалім тәрбиеші баланың суретті тура түсінуіне  тікелей басшылық жасайды. 
Сурет  өнеріне  бала  тәнті  болуы  үшін  бала  оны  стихиялы  түрде  емес,  іштей 
сезіне қабылдауы керек. Мұғалім сурет мазмұнына қарай мақсат қоя басшылық 
жасайды.  Өнер  тілін  баланың  жақсы  сезінуі  үшін  үлкеннің  бірнеше  рет 
қайталап түсіндіруі қажет болады. 
Жаңа кітапшамен танысу негізіндегі сабақтарға әуелі мәтінді жеке оқып,
 
содан  кейін  иллюстрациясын  көрсеткен  дұрыс  екенін  балалар  бақшаларының 
тәжірибесі  дәлелдеп  отыр.  Сурет  әрбір  сөзден  кейін  көрсетілуі  тиіс,
 
әйтпесе 
түрлі-түсті  суреттерге  еліктеген  балалар  суретті  өзінше  көреді  де,  елестеткен 
образы сөзбен үйлеспейді, өйткені балалар сөзді «естімейді», оның  дыбыстық 
бейнесі  оларды  қызықтырмайды.  Балалар  көңілін  толық  аударып,  оларды 
қызықтыру  үшін  өте  әдемі  өрнектелген  кітапшаның  мұқабасы  ғана  жеке 
көрсетіледі. 
Кітапша  оқылып  болғаннан  кейін  балалардың  назары  түгелдей  оның 
мазмұнына  бөлінген  жағдайда  тәрбиеші  кітапшалардағы  иллюстрацияларды 
көрсетеді.  Балалар  мәтінде  айтылған  оқиғаны,  кейіпкерлерді,  заттарды  еркін 
тануы  үшін  тәрбиеші  аттарын  қайталап  айтып,  бекітіп  отырады.  Суреттерді 
толық  көргеннен  соң,  қайталап  оқыған  кезде  сөздік  материалдарды  балалар 
шапшаң қабылдай бастайтын болады. 
Қайсыбір  жағдайда  жоғарыдағы  әдістер  өзгертілуі  де  мүмкін.  Себебі 
кітапшадағы  оқиғалар,  заттардың  аттары  балаларға  таныс  болмауы  мүмкін. 
Ондай  сәттерде  әуелі  онда  келтірілген  нәрселердің  суретін  алдымен  көрсетіп, 
таныстырып алып, мәтінді  оларға көңіл аудартқызбай оқыған
 
дұрыс. Мысалы,  
«Жыл  басына  таласқан  хайуанаттар»  ертегісін  оқымас  бұрын  балаларға 
сиырды,  түйені,  қойды,  қала  балалары  үшін  жайлауды  және  хайуанаттардың 
жейтін қорек түрлерін көрсетіп алған дұрыс. 
 
5. Балалардың қазақша монологты сөйлеуін қалыптастыру әдістері 
Балалардың  диалогтық  сөйлеуді  монологтық  сөйлеумен  қатар 
үйретілуінің,  меңгертілуінің  мәні  зор.  Өтілген  материалды  тұтас  мазмұндау, 
түсіндіру  және  оны  жүйелі  айтып  беру  монологтық  сөйлеуге  тән  қасиет. 
Монолог гректің monos – бір, жеке және logos  сөз, сөйлеу деген ұғымдарынан 
келіп шыққан. Оның мәнісі бір сөз, жеке сөйлеу деген мағыналарды аңғартады. 
Мұнда бір ғана адам сөйлейді де, басқа адамдар тыңдап отырады. Монологтық 
сөйлеуде  грамматикалық  құрылым  заңдылықтары  сақталып,  тиянақты  ой 
қорытындысы  жасалады.  Баланың  материалды  (өлең    мазмұнын  не  әңгіме-
ертегіні)  түсінуі,  мазмұндауы,  ауызша  қайталап  айтуы,  ауызша  баяндап 
жеткізуі, мұғалім алдында ойды жеткізуге төселуі монологты сөйлеудің негізгі 
көріністері болып табылады [64]. 

 
75 
Балалардың  жас  ерекшеліктеріне,  ой,  білім  дәрежесіне  және  өзі 
тәрбиеленіп  келе  жатқан  тобына  шақталған  көркем  шығармалардан  алынған 
мәтіндерді  және  өздері  көрген,  білген  оқиғалардың  мазмұнын  жүйелі  айтып 
беруге ыңғайлана бастауы қазақ тілі материалдарына байланысты. Мұғалім мен 
баланың тиісті фактілерді түсіндірудегі монологтық сөйлесуі ауызша түсіндіру, 
ауызша мазмұндау, мәнерлеп өлең оқу түрінде іске асады. 
Қазақ  тілі  сабақтарында  баланың  монологты  тілін  дамытатын,  түсінікті 
тілде (қазақша, не орысша) мынандай әдістер қолданылады:  
1) Ауызша түсіндіру (Мұғалімнің, тәрбиешінің сөзі). Ауызша мазмұндап 
баяндаудың  бұл  түрі  –  әрі  теориялық,  әрі  практикалық  материалдардың  өзара 
заңдылықтарына  сәйкес  қолданылатын  әдіс  түрі.  Бұл  әдісте  түсіндіру  тәсілі 
арқылы  сөздердің  мағыналық  жағына  назар  аударылады.  Мәселен,  сөздің 
қосымша  мағынасын  (синонимді,  антонимді,  бейнелі  сөздер  мен  тіркестерді) 
бала  санасына  дұрыс  қабылдату  үшін,  аталымдарын  өздеріне  тапқызып, 
нысандарын  түсіндіре  көрсету  үшін,  көрнекіліктермен  қосымша  білім  беру 
үшін  мұғалімнің,  тәрбиешінің  ұғынықты  түсіндіру  тәсілдері  қолданылады. 
Екінші  тілді  үйрету  мақсатында  бұл  әдіс  тәсілдерінің  арнайы  жүйесі 
қалыптастырылуы  керек.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  мемлекеттік  тілге 
оқытқанда,  тілдік  элементтерге  (сөз,  тіркес,  сөйлем)  тікелей  үйрету  тәсілі 
жүзеге  асырылса,  орысша  сөйлейтін  балаларға  түсіндіру,  ішін  ара  аудару 
тәсілімен  сол  тілде  жүргізіледі.  Аударма  (салыстырмалы  әдіс)  сөз  бен 
сөйлемдерді  үйреткенде  болмаса,  аз  қолданылады.  Сабақтарда  тіл  негізінен 
аралас әдіс арқылы   оқытылады, яғни балалардың тілді  меңгеру  деңгейлеріне, 
қабілеттеріне  қарай,  түсінетін  жағдаятта  тілді  үйретуші  қазақ  тілінде  сөйлесе, 
ал жаңа материалдарды өтуде екінші орыс тілін пайдалануына шектеулі уақыт 
береді.  
Пікірдің  дәл,  анық  қабылдануы  үшін  қазақ  тіліне  сәйкес  таңдалған 
мәтіндегі  мағлұматты түсіндіру тәртібі былайша жүргізіледі. Әрбір сөз белгілі 
ұғымды  білдіреді.  Сөз  бен  ұғым  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланысты,  бірақ 
олар  тең  дәрежеде  қолданылмайды.  Себебі  сөз  –  тілдік  құбылыста 
қолданылады, ал ұғым  –ойдың формасы.  Тілсіз сөйлем болмайды. Ұғым тілде 
сөз  арқылы  аталады.  Сондықтан  белгілі  бір  ұғымға  берілген  атауларды  сөз 
дейміз. Айталық, аға, іні, бала, жол, биік, аласа, бір, үш, бес, қол, аяқ, т.б.  
2)  Ауызша  мазмұндау.  Монологтық  сөйлеудің  бұл  түрі  баланың  оқыған 
мәтінді  түсінгенін  және  қалай  меңгергенін  байқап  білу  тәсілдеріне  саналады. 
Ауызша түсіндіру мен ауызша мазмұндаудың бір-бірімен аздап болса да өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Ауызша  түсіндіруде,  негізінен,  тыңдаушының  ойын, 
назарын  аударып,  дерексізден  деректіге  қарай  ұғындыру  амалы  мен  тәсілі 
басым.  Сондықтан  түсіндіруде  беріліп  отырған  нысанның  өзіндік  белгілеріне 
қарай айтылатын ой өте анық, дәл және ықшам болуды талап етеді. Ал ауызша 
мазмұндауда тыңдаушының ойы мен қиялын, елесі мен сезімін оятып, объектіні 
көркем  бейнелеп  беру  қасиеті  күшті  келеді.  Ауызша  мазұндаудың  суырып 
салып  айту  (импровизациялық)  табиғаты  ауызша  түсіндіруден  ең  басты 
айырмашылықтардың бірі болып табылады. Ауызша мазмұндау үшін ешқандай 
дайындықты  керек  етпейтін  түрін  суырып  салып  айту  дейді.  Тындаушы 

 
76 
алдында өз ойын кеңейтіп, оны жаңа фактілермен айтып отырады. Бұл қиындау 
болғанымен, тәрбиелік рөлінің күшті екені мәлім. 
Мазмұндау  баланың  тіл  мәдениетін  өсіруде  үлкен  қызмет  атқарады. 
Көбінесе,  мәнерлеп  оқуға  қарағанда  ауызша  мазмұндауда  балалардың  сөздігі 
мен  сөз  оралымы  көбейіп,  пассив  сөздігі  мен  актив  сөздігі,  яғни  қолданылып 
жүрген  сөздігі  молығады.  Меңгерілетін  сөз  көп  қолданылу  нәтижесінде  аясы 
кеңейіп, актив сөзге айналады. Олардың өмірден көрген, білгендерін, қоршаған 
табиғат  пен  тұрмыс  тіршілігінен  алған  әсерін  айтқызып  отырудың  тілді  іс 
жүзінде меңгертуде пайдасы мол. Орысша тікелей жаттап сөйлеуге жаттыққан  
балаға  мектепалды  топ  мұғалімі  бағыт,  бағдар  беріп  отырады.  Мазмұндаудың 
алғашқы  сөйлемдерін  шамалап  айтады  да,  қалған  жағын  жалғастыруды 
балалардың  өздеріне  тапсырады.  Сөйтіп,  ауызша  мазмұндауда  объектінің 
өзіндік  ішкі  белгілері  түгел  қамтылады,  заттың  ішкі,  сыртқы  көрінісі  толық 
түрінде жеткізіледі. 
3)  Мәнерлеп  оқу.  Мәнерлеп  оқу  –  монологтық  сөйлеудің  бір  түрі.  Ол 
балбақшада  көркем  шығармамен  жұмыс  істеуде    әрдайым  қажет.  Сабақта,  не 
сабақтан  тыс  уақытта  оқылатын  не  балаларға  қарата  айтылатын  өлең,  әңгіме, 
ертегілердің  балаға  эстетикалық  әсер  беруі–қуантуы,  таңдандыруы  тәрбиеші 
мен  мұғалімнің  шығармаларды  мәнерлі  жеткізе  білуіне  байланысты.  Тілді 
үйренуші  бала  көркем  әдебиетті,  одан  алынған  үзінділерді  тыңдай  отырып, 
табиғи  құбылыстармен  жан-жақты  танысады.  Оқылған  мәтінді  интонация 
арқылы  жете  түсіну  –  мәнерлеп  оқудың  ең  басты  қасиеті.  Сезімге  әсер  ету  – 
мәтінді  мәнерлі  оқуға  тікелей  қатысты.  Мәтінді  мәнерлеп  оқуда  оның  негізгі 
ұстанымдарына сүйенген жөн:  
а) оқыған мәтіннің мазмұнын түсіне білу;  
ә) баланың айтылған ойға сенімді әрі тиянақты қатынасы болуы;  
б)  мәтінде  айтылған  ойды,  дәлелдерді,  мағлұматтарды  талдай  білу. 
Осындай  талаптарды  сақтаған  кезде  ғана  қазақ  тіліне  байланысты  мәтіндерді 
мәнерлеп  оқудың  түрлері  мен  тәсілдерін  игеруге  болады.  Тәрбиеші,  ата-ана 
мәтінді оқу үстінде мына сияқты тілдік фактілерді ескерген жөн:  
1)  оқу  тұсында  сөйлем  ішінен  жеке  әріпті,  жеке  буынды,  жеке  сөзді 
қалдырып кетпеу;  
2) мәнмәтіндегі жеке әріпті, буынды, сөзді сөз тіркестерін қайталамау;  
3) жеке дыбыстардың, сөздердің және сөз тіркестерінің ауыстырылмауы;  
4) оқу үстінде сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің байланысу жақтарын 
еске түсіру; мәтін оқуда орфоэпиялық жақтан мінсіз болу;  
5) мәтін оқуда мәнерлеп оқу тәсілдеріне баса назар аудару. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет