Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


 Балаларды көркем сөзге мәтінді  мәнерлеп айтқызу арқылы баулу



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

4. Балаларды көркем сөзге мәтінді  мәнерлеп айтқызу арқылы баулу 
Егер лексикалық және грамматикалық бірліктерді түсінумен қатар балада 
олардың мәнерлігіне бейімділік пайда болса, онда ол ана тілін де, басқа тілді де 
жақсы меңгере бастайды. 
Грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгере отырып, балалар 
сөйлеуге қатысты алғанда сыртқы дүние тілде қалай бейнеленетінін (іштей сезу 
арқылы)  өз  сөзінде,  ал  мәнерлеп  сөйлеу  әдістерін  үйрене  отырып,  балалар 
әуезді  тіл  адамның    ішкі  дүниесінде  қалай  бейнеленетінін,  адам  болмысқа  өз 
сезімін, өз бағасын қалай білдіретінін көркем сөзде (бұл да ішкі сезім арқылы) 
сезінеді.  
Тәрбиеші өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдіруге іздене отырып, ең алдымен 
оның компоненттеріне — лексикасына, грамматикасына, фонетикасына, сөйлеу 
тілінің  синонимдік  жағынан  бай  болуына  назар  аударуы  керек.  Ол  —  тілде 
мұндай  лексикалық  қосымшалардың  не  үшін  көп  болатындығын,  олардың 
қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшеленетіндігін, өз сөзінде 
қай  кезде  қолдану  керектігін  анықтап  алуға  тиіс.  Ол  кәсіби  мамандығына 
сөздікті  үнемі  пайдалану  қажеттілігін  қалыптастыруы  керек.  Сөйлеу 
мәдениетін  көтеруге  талпынған  тәрбиеші  морфологиянын,  синонимдердің 
мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн, сондай-ақ өзінің сөзінде синоним, синоним-
жалғаулардың,  синоним-сөздердің,  жай  және  күрделі  сөйлемдер  құрылысына 
синонимдерінің барлық байлығын қолдануға тырысуы қажет. 
Ана  тілінің  синонимдерін  білу  болашақ  педагогтерге  өзінің  тілін 
жақсартуға ғана көмектеспейді, сонымен бірге балаларды тілге үйретудің жеңіл 
және  өте  тиімді  тәсілін  бойына  сіңіреді:  Егер  бала  әлдебір  грамматикалық 
форманы  түсінбесе,  онда  оған  тиісті  синонимді  айта  қойса  (әрине,  орта  және 
ересек топтарда) бәрі түсінікті болады.  

 
31 
Тіл  мәдениетінің  бірден-бір  компоненті  –  тіл  мәнері,  яғни  интонация.
 
Интонацияның  негізгі  тәсілдеріне,  біріншіден,  логикалық  екпін,  екіншіден, 
дауыс  темпі  (дауыс  шапшаңдығы),  үшіншіден,  ритм  (дауыс  ырғағы). 
жатқызылады.  
1.  Төмендегі  мысалдардан  интонацияның  негізгі  тәсілдері  бойынша  бір 
сөздің  негізгі  мағынасын  аңғартуға  логикалық  екпіннің  қандай  рөл  атқарып 
тұрғанын аңғару қиын емес. «Ақ түс» өлеңін жаттатуға даярлайық: 
Аппақ, аппақ, бәрі аппақ, 
Ақ қар аппақ, бор аппақ.  
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ, 
Ақ сүт, айран, қант аппақ. 
                                  (Е. Өтетілеуов) 
Логикалық екпін бастапқы екі жолда «аппақ» сөзіне, ал соңғы жолдарда 
санамаланып  айтылатын  бірыңғай  мүшелерге  (зат  есімдерге)  түсіп,  ақ  түстің  
қайсыларына қатысты екендігін даралап көрсетеді. Осылайша логикалық екпін 
сөйлемдегі мағынасы басым сөзге түсіп, айқындап тұрады. Логикалық екпінде 
дауыс  жоғарылап  барады  да,  дауыс  әуеннің  жылдамдығы  күшейіп,  сөйлем 
аяқтарда  бәсеңдеп  барып  бітеді.  Логикалық  екпінді  анықтау  үшін  контекстегі 
сөйлемнің  бағытына,  ойдың  неге  қаратылғанына  қарау  керек.  Сөйлемдегі  сөз 
төркініне,  нені  айтпақшы,  нені  түсіндірмекші,  соны  білу  қажет.  Жай 
сөйлемдерде  екпін  бір-ақ  жерде  кездессе,  құрмалас  сөйлемдерде  логикалық 
екпін біреу емес, бірнеше болуы мүмкін.  
Дауыстың  логикалық  және  бейнелеу  эмоциялық  мәнерлігі  дауыс 
жылдамдығы мен төмендеуін айқындауда үлкен қызмет атқарады, яғни дауыс 
жылдамдығы дауыс қарқыны болып саналады. 
Добым, добым, домалақ, 
Бара жатсың домалап, 
Зымырайсың, қутыңдайсың, 
Бірақ менен құтылмайсың. 
Бұл  өлеңнің  айтылуында  тездік,  жылдамдық  басым.  Кідіріс  (пауза)  пен 
екпін  дауыс  жылдамдығы  мен  бәсеңдеуіне  байланысты  оқылады.  Дауыс 
қарқыны  (темпі)  көркем  шығармалардың  идеялық-эмоциялық  мазмұнына,  сол 
шығармалардағы  образдардың  ұнамды,  ұнамсыз  болып  келуіне  және  олардың 
іс-әрекеттеріне  қарай  әр  түрлі  шапшаңдықта  өзгеріп  отырады.  Көркем 
шығармалардан алынған үзінділердің  оншалық қажет  емес  орындары жылдам 
оқылады  да,  оқиғаның  шарықтау  шегі  өте  жай,  бәсең  оқылады. 
Шығармалардағы  кейіпкерлердің  іс-әрекеттерін  көрсету  үшін  кейіпкерлердің 
ерекшеліктеріне  байланысты  түрде  оқылады.  Мысалы,  И.  Крыловтың  “Есек 
пен  бұлбұл”  мысалындағы  есектің  дөрекілік,  осалдық  қасиеттерін  беру  үшін 
есектің  өзі  біршама  жай  оқылады.  Мысалдағы  бұлбұл  әні  әр  түрлі  ойды 
жеткізуіне қарай әр түрлі қарқында оқылады.  
2. Мәнерлі оқудың бейнелеу тәсілдері дауыс қарқынының өзгеруіне үлкен 
әсер етеді. Олар мыналар:  

 
32 
а) эпитет шығармалар шапшаң дауыспен оқылады; образ жасау үшін және 
оқушыға әсер ету үшін қолданылатын нәрсенің өзгеше белгілерін көрсетіп және 
оған автордың көзқарасын анықтайтын бейнелеу сөздер эпитеттер болады.  
Мәнерлілік тұрғысынан балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың «Шұбар 
лақ» деген деген өлеңін талдап көрелік. 
Шұбар лақ, 
Ойынға құмар лақ, 
Мойнында тұмар лақ, 
Егіз емес, сыңар лақ. 
Өзі сыңаржақ! 
 
Құлағы пүліштей, 
Тұяғы күмістей, 
Көзі-жұлдыздай, 
Жүні-құндыздай. 
 
Ақ емес, шұбар лақ, 
Ойынға құмар лақ. 
Шақырсаң келеді, 
Би  билеп береді. 
Бұл өлең жолдарын  ең алдымен  өзіне тән дыбыстық құрылымы:  ойнақы 
әуенде,  әр  сөзі  дәлме-дәл  ұйқасқа  (құмар-тұмар,-сыңар,  сыңар  лақ-сыңар  жақ, 
пүліштей-күмістей,  жұлдыздай-құндыздай,  келеді-би  билеп  береді)    құрылған. 
Өлеңді  осы  үйлесімділігіне  байланысты  балалар  оңай  қабылдайды.  Сөз  құрау 
құралы ретінде негізгі сын есімдерде де, туынды сын есімерде де (-дай, -дей, -
тай-тей)  жұрнақтарымен  жасалған  келтірінді  мағыналы  сөздердің  бейнелілік 
тудырып  тұрғандығын,  автордың  айтпақ,  болған  ойын  бала  сезіммен,  түсіне, 
қуана қарайды. Эпитетті көріктеуіштердің антониммен берілуі (егіз емес, сыңар 
лақ, ақ емес, шұбар лақ), бейнелі теңеулердің  (пүліштей құлақ, күмістей тұяқ, 
жұлдыздай  көз,  құндыздай  жүн)  өлең  мәтінін  ерекше  түрлендіріп  тұр. 
Ойнақшыған  кішкентай  лақты  суреттеудің  әдемілігі,  нанымды  шыққандығы 
сондай, өлең ырғағымен балалардың өздері де билеп кеткісі келеді. 
Балалар  мұндай  өлеңдерді  жаттай  отырып,  ана  тілінің  бір  ойды  түрлі 
бейнелі,  ауыспалы  сөз  құралдармен  беруге  болатын  ерекшелігін  іштей 
ұғынатын  болады  (мысалы:  «шұбар  лақ,  ойынға  құмар  лақ»  —«ойынға  құмар 
лақ-мойында  тұмар  лақ»),  лақтың  әрекетін,  қимыл-қозғалысын  шынайы 
білдіруге  тыңдаушы  баланың  сол  ойға  берген  бағасы,  оның  оған  деген 
қатынасы қосылады, баланың ішкі дүниесі ашыла түседі. Бала «Осы лақ сияқты 
зар  жақ  болуға  болмайды!»  деген  ой  түйеді.  Міне,  өлеңнің  мәнерлілік 
құралдарының,  яғни  ондағы  дыбыстық  үйлесімділік,  дәл  алынған  бейнелеу 
құралдары, өлеңдегі ырғақ жасап тұрған қарқын, екпін, кідіріс сияқты қосымша 
құралдарының, бала сезіміне тигізетін әсері осылар. 
Жазушы  адамды,  табиғатты,  әр  түрлі  құбылыстарды,  оқиғаларды 
суреттеу үшін кез келген сөздерді, суреттейтін құбылыстың кескінін біздің көз 
алдымызға  елестете  алатын  сезімімізге  әсер  ететін  сөздерді  іздейді. 

 
33 
Грамматикалық  жағынан  эпитет  болатындар  мыналар:  сын  есім,  есімше, 
көсемше.  
2. Дауыс шапшаңдық қарқынын эпитеттер күшейтеді: 
а)  теңеумен  жасалған  шығармалар  да  күшті  қарқынмен  айтылады. 
Жазушы  бір  нәрсені  көркемдеп  суреттеу  үшін,  ол  нәрсенің  өзгешелік 
белгілерін көрсетпей-ақ оны екінші нәрсемен салыстырып суреттейді. Мұндай 
салыстырып  суреттеуді  теңеу  дейді.  Теңеулер  белгілі  жұрнақтар  арқылы 
жасалады.  Олар  мыналар:-тай,  -тей,  -дай,  -дей,  -дайын,  -дейін,-ша,  -ше,  -мын. 
Жоғарыдағы  «Шұбар  лақ»  өлеңінде  лақ  бейнесінің  екінші  шумақта  осы 
теңеулермен  ашылуы  шығарманың  қарқынын,  оқылу  қарқынын  күшейте  
түскен. 
ә)  метафоралы  шығармалар  күшті  дауыспен,  ерекше  қарқынмен 
айтылады. Сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау 
метафораға  тән  қасиет.  Қазақ  тілі  сабақтарында  метафоралар  кішігірім 
мақалдарда, жұмбақтарда, ара-тұра өлеңдерде  кездеседі. 
Жер бетінде шашы бар,   
Жер астында басы бар. 
Бұл не?   
            (сәбіз). 
 
Ащы емес, тәттімін, 
Жұмсақ емес 
Қаттымын
            (жаңғақ) 
 
Оның екі көршісі бар: 
Бірі-пысылдауық
Бірі-сақылдауық
              (Мұрын мен ауыз) 
б)  кейіптеу  мәнді  өлеңдерде  жансыз  заттарға  жан  бітіріле  шапшаң 
дауыспен  оқылады.  Мысалы:  Ы,  Ұ.  А-дауысты  дыбыстарын  бекітуде  келесі 
мәтінді ұтымды қолдануға болады  : 
– Қыз! Қыз! 
– Сен кімнің қызысың? 
– Анамның. 
– Тұз! Тұз! 
– Сен кімнің тұзысың? 
– Даламның. 
– Ұл!Ұл! 
– Сен кімнің ұлысың? 
– Атамның. 
– Гүл! Гүл! 
– Сен кімнің гүлісің? 
– Отанның.     
М. Әлімбаев. «Кімнің баласысың?» өлеңі. 

 
34 
Е. Өтетілеуовтың «Санамақ» өлеңін оқып көрелік:  
– Бақшаға// 
   Жақсы аға/ 
Көп көп// 
Ойыншық/ 
Келді алып/// 
– Бір балық,/ 
Екі есек,/ 
Үш үйрек,/ 
Төрт түлкі,/ 
Бес бүркіт, 
Алты арғымақ//, 
Жеті жарғанат//, 
Сегіз саулық,/ 
Тоғыз тауық,// 
Он торпақ.// 
Болма есепке,/ 
Сен шорқақ!/// 
Тәрбиешілер жеке басқа тән балалық шақтан санамақтың балаларға әділ 
ойын  жүргізуге  және  ең  алдымен  жүргізушіні  таңдауға  көмектесетін 
фольклорлық немесе әдебиеттік жанр екенін ұмытпай, оның халықтық түрлері 
мен  авторлық  түрлерін  алмастыра,  ойында,  серуенде,  сөз  жарысы  ойынында 
жиі    қолданса,  баланың    дауыс  қарқыны,  мәнері,  екпіндете  сөйлеу,  дыбыстық 
нақтылығы  жетіле  түседі.  Халық,  не  автор  осы  жанр  арқылы  балалармен 
өлеңнің  тек  мазмұнымен  ғана  емес,  жыр-өлеңінің  неге  арналуына  қарай  оның 
дыбыстық әуенімен ойын ойнау арқылы қатынасқа түсетінін білген. Бұл жерде 
естілуі  жөнінен  бірыңғай,  ал  мән-маңызы  жөнінен  түрліше  сөздерді 
пайдалануда да олар озықтық танытады. Міне, осылайша бала ауызша бірлесе, 
не жекелей жарыса айтуды жақсы көретін мәтіндерді тәрбиешінің де алдын ала 
білуі,  сабақты  қызық  құруы  күнделікті  табиғи  іс-шараға    айналдыруы  мәнді 
болып шығады. 
Бала бұған дейін де бірнеше рет мұндай: ұйқас, теңеу, салыстыру сияқты 
теориялық  ұғымдарды  пайдаланған  болатын.  Осы  салада  оның  білімін 
жетілдіруді жалғастыру тәрбиешінің балабақшадағы міндеті, бірақ ендігі жерде 
қазақ  тілін  саналы  біліп  келе  жатқан  балаға  бәрінен  де  ненің  ұнағанын  айтып 
беруін жиі сұрап отыру: қай теңеуді  ол сәттті деп санайды, қандай салыстыру 
оның көңілін аударды және тағы да басқа нысандарды көре сала шаттана, қуана 
сөйлейтінін ескеріп отыру әдістемелік жақтан дұрыс болып есептеледі. 
Баланың көңілінің поэтикалық, прозалық  шығармалардағы жансыз заттар 
немесе  тірі  жәндіктерге  тән  құрбылыстарға  тез  аудартылатынына,  жекелей 
атап, сөйлеп жататынына назар салынады;  
ғ)  гиперболалы  шығармалар  да  шапшаң  дауыспен  оқылады.  Бір  нәрсені 
артықша  әсерлі  ету  үшін  әдеттегіден  тыс,  ұлғайтып  суреттейді.  Әсірелеудегі 
мақсат  –  адамның  ой-сезіміне  әсер  ету,  суреттеген  нәрсені  зорайтып  көзге 
елестету.  

 
35 
Алмақ-салмақ, 
Көкке самғап, 
Біз әткеншек тебеміз. 
Қос қанатты 
Ғарышкердей 
Көкке жетсін төбеміз. 
Ғ)  иронияда  дауыс  бәсең,  бірсыдырғы  қарқынмен  айтылады.  Келеке 
ретінде  айтылған  сөз  ирония  делінеді.  Халықтық  жыр-өлеңдерде, 
мазақтамаларда ирония көп ұшырасады.  
Нәйім, нәйім бауырсақ, 
Ағын суға шомылсақ, 
Жақсы бала-малсақ, 
Жаман бала-жансақ, немесе 
 
Жұматай, Жұматай! 
Беті-қолын жумай, 
Шай ішіп отыр, ұят-ай! 
ғ) дамытуда дауыс ерекше көтеріңкі, күшті екпінмен айтылады: оқиғаны 
күшейіп  айту  дамыту  (градация)  деп  аталады.  Ө.Тұрманжановтың  «Өс,  өс, 
ұлан!»  атты  өлеңін  бой  сергітуге,  табиғат  аясында  қолданғанда  мәтінді    жай, 
жеңіл  дауыспен  айта  бастап,  дауысты  зорайта,  үдете  отырып  жалғастырту,  
қимылға келтіртудің маңызы баланы поэзияға, табиғатқа құмарта түспек. 
Сау болсын десең 
Он екі мүшең – 
Ерте тұр! 
Құлақ түр! 
Тыңда сыр... 
 
Жапырақтар жырлар, 
Гүлдер сыбырлар. 
Күн нұрын күт! 
Таза ауа жұт! 
 
Жүгір, 
Селмен жарысып, 
Жүгір желмен жарысып... 
 
Нұрға сылан, 
Болып қыран 
Өс, өс, Ұлан! 
Өс, Ұлан! 
3.  Келесі  қарастыратынымыз  –  ритм  (дауыс  ырғағы).  Балаларға  қазақ тілі 
тақырыптарына  байланысты  таңдалған  мәтіндегі  сөйлемнің  дауыс  ырғағын 
білдірудің пайдасы көп. Шығарманы оқығанда, айтқанда белгілі сөздерден кейін 
дауыс  аз  бәсеңкіреп,  кідіріс  жасалып,  кейде  бәсең,  кейде  көтеріңкі  болып 

 
36 
айтылған  дауыс  толқынын  ырғақ  дейміз.  Мысалы,  мына  бір  өлең  жолдарын  
алып қарайық: 
«Әлияны  тербетіп, 
Әжесі  отыр  әндетіп. 
 
Әлди, әлди, әлди-ай, 
Әйбатсың-ау Әлия-ай. 
 
Әзір титтей сәбисің, 
Әжеңді  әзер танисың. 
 
Әлі-ақ тәй-тәй жүресің, 
Әр  нәрсені  ілерсің.» 
Үзінді Е. Өтетілеуовтің «Әріптер сыры» өлеңінен алынды. Бірінші тармақ 
әженің бесік тербеткен қалпында жайбарақат ырғақпен оқылады. Екінші тармақ 
бесікті  тербету  әуеніне  әже  мейірімі  қосылады,  тармақ  еркелету,  таңдану 
тембрінде  айтылады.  Ал  үшінші  тармақ  балаға  сенім  білдіру,  оған  үміт  арту 
үнінде,  бірақ  баланы  ұйықтату  ырғағында  болу  керек.  Дауыс  ырғағының 
созылып,  әлди  әнінің  жүйесіне  салынып  айтылады.  Кейде  дауыс  ырғағын 
осылай  дұрыс  қойып  айтқызу,  қыз  балалардың  қуыршақты  ұйықтатқанда 
анасындай ыстық сезімге берілуіне күшті әсер етудің бір тәсілі болып саналады. 
Сондықтан ырғақты дұрыс қоя білу қазақ тілі материалдарын толық меңгертуге 
септігін тигізеді;  
4)  Дауыстың  тембрі  (дауыстың  құбылуы)  –  дауыстың  әр  түрлі  шығуы. 
Жоғарыда келтірілген мәтіндегідей дауыстың құбылу ерекшеліктерін дауыстың 
тембрі  дейміз.  Тембр  әрбір  адамның  табиғи  дауысының  көрінісі  мен  сапасын 
білдіреді.  Бірақ  дауыс  үнемі  бір  қалыпты  тұра  бермейді,  белгілі  жағдайға 
байланысты  өзгеріп  тұрады.  Тембр  –  мәнерлі  оқудың  негізгі  тәсілі.  Әрбір 
нәрсенің дауыс тембрі сол нәрсенің іс-әрекеттеріне байланысты берілгені жөн. 
Мысалы,  ертегі  мысалдарындағы  қасқырдың  даусы  дөрекі,  жуан  тембрмен, 
қоянның даусы әлсіз, нәзік, жіңішке тембрде оқылады. 
Мәнерлеп оқу үшін дем алудың дұрыс болуымен қатар дауыстың естілуі, 
үнділігі  мен  жуан-жіңішкелігі,  әуені,  музыкалылығы  да  өте  қажет.  Сөзді 
айтқанда  өкпеден  шыққан  ауа  кеңірдектің  өкпеге  қосылатын  тарамдарынан 
тамаққа,  одан  көмейге,  көмейден  жұтқыншақ  қуысына  келеді,  одан  әрі  ауа  не 
мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді, дыбыс, үн, екінші сөзбен айтқанда, 
дауыс пайда болады. 
«Мәу-мішім-ау, мәу-мішім, 
Тышқандарға «дәу» мішін. 
Жатып алдың пырылдап, 
Жалқаулықтан саумысың?» 
Ә. Табылдиевтің «Мысыққа» арналған осы шақыру, еркелету өлеңінің 
алдыңғы  екі  жолы  жұмсақ  дауыспен,  соңғы  екі  жолы  ескерту  лебізінде 
айтылады. 

 
37 
Дауыс  айтылуына,  құлаққа  естілуіне  қарай:  дауыс  күші,  биіктігі, 
қарқыны,  әуені  деп  бөлінеді.  Дауыс  күшінің  мынандай  компоненттері  өлеңде  
ерекшеленіп тұруы қажет: а) Оқығанда дауыстың құлаққа қатты не жай,  жуан 
не жіңішке, әлді не әлсіз естілуі; ә) Дауыс биіктігі дауыстың не көтеріңкілігі, не 
бәсендігі;  б)  Дауыс  қарқыны  дегенде,  жылдам  не  орташа  немесе  баяулығы; 
в)Дауыс әуені дегенде, қатқыл немесе жұмсақтығы.  
Оқуда  дауыстың  осы  құбылыстары  ескерілуі  тиіс,  мұның  өзі  мәтін 
табиғатына  қарай  дауысты  түрлендіріп  оқу  мәнерін  арттыруға  мүмкіндік 
береді.Оқығанда дауыс бастан-аяқ бір қалыпта болмайды.  
Көзі   
Өзі,  
Басы,  
Қасы,   
Бірақ жоқ 
Аузында 
Тісі. 
Бұл кім?   
Аяғы,   
Қолы,  
Кіші.   
Өзіме   
Ұқсайды  
Түсі.  
Бөтен? (басын шайқап) 
Жо-жо-жооқ! 
Бұл-менің бөпем.  
Ж.  Смақовтың  «Бөпем»  атты  осы  өлеңі  мейірімді  үнмен  қуыршақтың 
әрбір мүшесіне қатысты сөзге логикалық екпін түсіріліп оқылып, мәпелеп қолға  
ұстап  тұрған  бөпесін  балаға  еркелету,  соңына  қарай  ескерте  сөйлеу 
ерекшеліктері үйретілуі керек.  
«Балаға  оқып  бермес  бұрын  онымен  ойнап  көріңіз,  өлеңнің  ырғағын 
сезініп көріңіз және оны беріп ( айтып) көріңіз, кідірісті дұрыс қоя біліңіз, яғни 
дауыс кідірісін өлең талап  ететін жерге жасай біліңіз!» дейді кеңес берушілер 
[41].  Тіпті  прозалық  мәтіндерді  оқығанда  да  дауыстың,  үннің  өзгертіле  ширақ 
айтылуы  дұрыс.  Мысалы,  хабарлы  сөйлемді  оқығанда  дауыс  көтеріңкі  болып 
басталады  да,  бірте-бірте  баяулай  келіп,  сөйлем  соныңда  бәсеңдейді.  Ал 
сөйлемнің айтылу мақсаты өзгерсе, оған сұрақ,тілек, өтініш, жалыныш, бұйрық 
мағынасы  қосылса,  сөйлемнің  құрамы  күрделенсе,  сөйлем  мүшелерінің  орын 
тәртібі өзгерсе, айқындауыш мүше мен оқшау сөздер араласса, олардың оқылу 
әуені, дауыс ырғағы мен жылдамдығы, интонациясы өзгереді. 
 Дауыс күшіне қатысты мынаны айтуға болады. Әдетте құр айқай, қатты, 
ащы  немесе  таза  дауыс,  жұмсақ  үн  деген  сипаттамаларды  жиі  естиміз.  Мұнда 
дауысты  саралап  жіктеушілік  бар.  Өйткені  дауыстың  кез  келгені  тыңдаушы 
үшін  мәнсіз  нәрсе  емес.  Сондықтан  оқығанда,  сөйлегенде  тыңдаушының 
талабы  ескеріліп  отырады.  Бұл  үшін  дыбыстың  жасалу  заңдылықтарын 

 
38 
сөйлеумен,  оқумен  ұштастыра  білудің  мәні  зор.  Тіл  білімі  мамандарының 
айтуынша [42], дыбыс ырғағы бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне, дірілдің 
қарқынына  байланысты.  Бір  секунд  ішінде  кем  дегенде  16  рет,  көп  дегенде 
20000  рет  дірілдің  нәтижесінде  болған  дыбыс  қана  құлаққа  естіледі.  Дыбыс 
қарқыны  жиілеген,  көбейген  сайын  дыбыс  жіңішке  шығады  да,  керісінше, 
дыбыс күші азайған сайын дыбыс жуан шығады.  
Сөйтіп,  оқығанда  өзіне  күш  түсірмей,  тыңдаушыны  да  жалықтырмау 
үшін  дауысты  бірде  баяулатып,  дауыс  ырғағын  үнемі  алмастыра  отырып  оқу 
қажет.  Өйткені  бұлай  оқу  дауысқа  ерекше  ажар  береді.  Бірақ  дауысты  құр 
құбылту  мақсат  емес,  ол  мәтін  табиғатымен  үйлескенде  ғана  күткен  нәтижеге 
жеткізіп, терең мәнге, мағынаға ие болады. 
Дауыс  алмасуын  бақылату  аса  қиындық  келтірмейді.  Ол  үшін  балаларға 
үнтаспаға  лайықтап    жазып  алынған  мәтінді  тыңдатып,  қадағалатуға  болады. 
Алдымен  жеке  сөйлем,  содан  кейін  шағын  мәтінді  оқытып,  дауыстың  бірде 
көтеріңкі,  бірде  төмен,  бірде  жылдам,  бірде  баяулауын  аңғартуға  болады.  Бұл 
тәсіл  балалардың  тыңдау,  есту  қабілетін  арттырады,  оларды  сезімталдыққа 
баулиды. 
Өлең, әңгіме тілінде синонимдердің болуы мен оны қайталап айтушының 
(тәрбиеші  не  мәтінді  қайталап  айтушының)  дұрыс  қолдануы  тілді  ақпарат 
құралы етіп қана қоймайды, сонымен бірге айтып отырған нәрсесіне қатынасын 
көрсететін  құрал  да  болып  табылады.  Демек,  баланың  өзгенің  сөзінен  оның 
мәнерлілігін  сезінуі  және  өз  сезімін  өз  сөзі  арқылы  білдіру  қабілетінің  дамуы 
мәтінде  қайталама  сөздердің,  синонимдердің  қаншалықты  тартымды 
берілгеніне де байланысты болады. Мысалы, ақын Қадыр Мырза Әлінің « Кімге 
не  жарасады?»  атты  төмендегі  өлеңінде  сұраулы  етістік  6  рет  қайталанған. 
Орысша  сөйлеп  келген  бала  да  осы  өлеңді  диалогқа  салып  қайталаудан  соң, 
«жарасады» сөзінің мағынасын еске жақсы сақтайды. Тіпті түсінікті болу үшін 
өлең  соңында  «Бізге  не  жарасады?»  деп  сұрақ  қойып,  өлең  идеясы  түйінін 
шығарамыз. Қазақ тілінде анықтауыштық мағынаны жеткізетін –ған,-ген, -қан,-
кен  жұрнағын  балаға  қабылдатуда  да  бұл  шығарманың  маңызы  зор.  Бала  осы  
өлеңді ойынға сала отырып, ойлап сөз тіркесін құрастыра алады.  
Өлең мәтіні:            
– Шегірткеге не жарасады? 
– Секірген, 
– Крокодилге не жарасады? 
– Кекірген. 
– Құланға  не жарасады? 
– Пысқырған. 
– Жыланға  не жарасады? 
– Ысқырған. 
– Ақ тауыққа не жарасады? 
– Шоқыған. 
– Ақылдыға не жарасады? 
– Оқыған. 

 
39 
Есімшелі тіркестерді меңгергендігімен шектеліп қоймай, кейбір ойы озық 
балалар:  –  «Батырға  не  жарасады?»  –  «Сұлуға  не  жарасады?»  –  «Білімдіге  не 
жарасады?» –, Сыпайыға не жарасады? Ақынның келесі бір өлеңінде «Қандай?» 
деген сұраулық шылау өлең жолы сайын қайталанып келеді де, соған қатысты  
туынды сын  есімдермен таң қалу  сезімі жеткізіледі. Өлең тақырыбы:  «Қайдан 
болсын?»  деп  алынған.  Өлеңді  жаттатып,  содан  кейін  талдау  жұмысы 
жүргізілсе, бала бау-бақшада отырғандай рахатқа бата алады. Тақырыбына орай 
өлеңді  қыс  мезгілінде  жаттатқан  әсерлі  шықпақ.  Қыста  баланың  жазды 
сағынатыны ескеріледі.  
– Қарбыз қандай? 
   Қауын қандай
   Жейсің –пай-пай! –сағынғандай. 
 
– Шие қандай? 
   Алша қандай? 
   Жейсің әсте , сағынғандай. 
 
– Алмұрт қандай? 
   Алма қандай? 
   Түк жоқ – жылан жалағандай. 
– Құрмаң болсын, 
   Айваң болсын
   Бірақ , шіркін, қайдан болсын: 
 
   Төбелеспей, 
   Жағаласпай, 
   Доспен бөліп жеген астай. 
                        (Қадыр Мырза Әли) 
Сөздің эмоциялық бояуын балалар жалпы тілді үйренген кезден-ақ сезіне 
бастайды. Оларға әсіресе ырғақтың мәнерлігі түсінікті қабылданады. Бір сөзді 
де түсінбей тұрып, бала үлкендердің сөзінен еркелету, құптау, жекіру, ашулану 
ырғақтарын (жауап ретінде ол күлімсірейді, өкпелеп ернін жымқырады немесе 
жылайды) қатесіз ажырата біледі. Эмоцияны білдіретін лексикальқ құралды да 
бала  тез  меңгеред  (мысалы,  синоним  сөздердегі  эмоционалдық  құбылудың 
айырмашылығын:  жеші,  жей-ғой,  қане  аса;
  Ә
лди-әлди  —  ұйықтай  ғойшы  — 
болды,  ұйықта).  Сөздің  ауыспалы  мағынада  дұрыс  қолданылуын  (пай-пай!  –
сағынғандай,  жылан  жалағандай)  және  грамматикалық  құралдың  айқындығын 
(құрмаң,  айваң...)  баланың  кішкентайынан-ақ  меңгеруі  мүмкін,  бірақ  ол  үшін 
осындай өлең шығармаларды арнайы қолдану керек. 
Мысалы, баланың бастапқыда қажетті сөздердің барлығын дайындықсыз 
үлкендер  айтқан  дәл  мағынасында  түсінетіндігі  белгілі:  «Айналайын, 
теледидардан шаршамадың ба, көзіңнің майын тауыстың ғой» дейді әжесі алты 
жастағы немересіне. Әже, менің  көзімде  май  жоқ» деп  жауап береді  немересі. 
Енді  бірде  әжесі  Айдананы  «Ақылы  өзінің  бес  қап!»  деп  еркелетеді.  «Бес  қап 
менің басыма қалай сыяды, әже? деп таңғалыпты Айдана! 

 
40 
Міне,  осы  мысалдардан  мектепке  дейінгі  балаға  үлкендер  атынан 
айтылатын  тұрақты  тіркестердің  беретін  ауыс  мағыналарын  түсіндіру  қажет 
екендігі байқалады. 
Сөздің,  тіркестің  мәнерлігіне  бейімділікті  сәбидің  жас  шағынан 
тәрбиелеуге болады. Балалық шақта түсінген сөздің мәнерлілігін сезіну қабілеті 
есейгенде поэзияның, көркем сөздің, сұлулығын терең түсінуге, сол сұлулықтан 
ләззат алуға мүмкіндік береді. 
Баланы  мәнерлі  сөзді  қабылдауға  үйреткендей,  сөздің  мән-мағынасын 
түсінуге де үйрету керек: сөйлеу үстінде сезімді білдіретін үлгілерді көрсетіп, 
бұл сезімнің балаға жетуіне, оған жауап беретіндей сезім туғызуына қамқорльқ 
жасау қажет. 
Егер балада тілдік дыбыстардың қолданылу нормасын сөйлеу барысында 
есте сақтау қабілеті пайда болса, олардың үйлесімділігі (синтагматика), бірінің  
орнын  бірі  алмастыратын  (парадигматика)  мүмкіндігін  және  әр  түрлі  сөйлеу 
жағдайында  (стилистика)  сөздердің  орынды  колданылуын  есте  сақтаса,  бала 
ана тілін де өзге тілді де жақсы үйренеді 
«Адамның  осынау  есте  сақтау  қабілеті,  әдетте  әдеби  сөздердің 
үйлесімділігі  —  морфемалар,  сөздер,  сөз  тіркестері  ретінде  пайдаланылады, 
оны  тілсіз  немесе,  тілді  сезімталдық  деп  атайды.  Лексиканы  меңгерудің  негізі 
болып  саналатын  бала  сезімінің  қалай  дамып  отыратындығын  түсіну  үшін, 
оның туынды негіздегі сөздерді қалай ұғатындығын бақылау керек. 
 Аса көп күш жұмсамай бала синтаксисті, ең алдымен — сөзді өзгертетін 
морфемаларды  (зат  есімнің  сын  есімді,  етістіктердің  жалғауларын  және  жаңа 
түр  жасайтын  жұрнақтарды)  меңгереді.  «Сіз  байқайсыз  ба...,-  деді  
К.  Д.  Ушинский,  -  бала  өзіне  таныс  емес  сөзді  (естісімен)  көбіне  оны  дұрыс 
септеп, жіктеп, басқа сөзбен байланыстыра бастайды...». «... Егер бала ана тілін 
үйрене  отырып,  халыққа  тіл  жасауға  мүмкіндік  берген  творчестволык  күш-
қуаттың сол бір бөлшегін  меңгермесе, бұлай болуы (мүлдем жана лексикалық 
мағынасы  бар  сөз  үшін  дұрыс  грамматикалық  форманы  осылай  оңай  табу) 
мүмкін  бе?  Балаға  ана  тілді  жақсы  үйренуіне  және  сөйлегенде  кең  көсілуіне 
мүмкіндік  беретін  «жұмысшы  механизмі»  есте  сақтау  болып  табылады,  есте 
сақтау - тіл сезімін дамытудағы негізгі құрал. [43] 
Б.В.  Беляев  ана  тілінің  «сезім  дәрежесінде»  игерілетіндігін  дәлелмен 
негіздеді,  өйткені  «сезім  кез  келген  психикалық  әрекеттің  негізін    жасайды». 
Ана  тілінің  лексикалық  және  грамматикалық  мағынасын  адам  оны  түсінуден 
әлдеқайда  бұрын  сезінеді,  өз  сезіміне  ой  жүгірту  тілді  ішкі  сезім  арқылы 
меңгергеннен  кейін  ғана  мүмкін  болады.  Адамның  тілді  жақсы  немесе  нашар 
білуі,  өз  сөзіне  ой  жүгірте  ала  ма,  жоқ  па  соған  байланысты  емес,  оның  сөзді 
ішкі  сезім  арқылы  қаншалықты  терең  және  дұрыс  ойлау  дәрежесінде  емес, 
сезім  деңгейінде  үйренгендігіне  байланысты»  [44].  Ана  тілінің  даму 
барысындағы  осы  заңдылықтарды  қазақ  тіліне  оқытуда  да  негіз  етуге  болады. 
Ш.А.  Амоношвилидің  бала  тілді  ұқсын-ұқпасын,  ести  беруін  қамтамасыз  ету 
түбінде  бір  нәтижеге  жеткізетінін  айтуы  құптарлық.  Қазақ  балаларының  орыс 
тілін  қай  жаста  да  меңгеріп  шығып  жатқандығы  –  айналасындағы  ақпарат 
құралдарының және адамдардың сол тілдегі мәліметтері негізінде болып отыр.  

 
41 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет