Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


  Үш-төрт  жастағы  балалармен  өткізілетін  арнайы  әңгімелесу



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

3.  Үш-төрт  жастағы  балалармен  өткізілетін  арнайы  әңгімелесу 
сабақтары  
Диалог  түрінде  байланыстыра  сөйлеуге  үйрететін  арнаулы  сабақтар 
сөйлесу (әңгімелесу) және еліктету әдісімен өткізіледі . 
Көрсетілген этюдтер көбінесе мына екі жағдайда іске асырылады: 
1) алдын ала әзірленген әңгімелесулер сөйлесу тәсілдерімен; 
2) сахналық түрге бейімдеу; еліктету, қайталап айту тәсілдерімен. 
Алдын  ала  әзірленген  әңгімелесулердегі  басты  міндет—балаларды 
әңгмелесе  білуге  үйрету,  айтушыны  тыңдауға,  оның  сөзін  бөлмеуге,  өзін-өзі 
ұстауға,  сөз  қыстырудың  ретін  таба  білуге,  өз  ойын  әңгімелесуші  адамға 
жеткізуге  баулу;  екіншіден,  жанама  міндет  –  сөзді  дұрыс  айта  білу  және 
грамматикалык  дағдыларды  қалыптастыру;  балаларға  таныс  сөздердің 
мағынасын анықтау. 
Алдын  ала  әзірленген  әңгімелесулер  дегеніміз  –  сабақ  өту  қарсаңында 
(бірнеше күн бұрын) тәрбиеші балалардың назарын өздерін қоршаған ортаның 
келесі  әңгімеге  тақырып  боларлық  бір  құбылысына  аударады.  Сөйтіп,  алдағы 
әңгімелесулер  тақырыбы  нақты  материал  балаларға  бұрыннан  таныс  болуға 
тиіс. Әңгіме сабағына әзірленудің ең тиімді тәсілі: 
Сабақ  өтпес  бұрын  соған  жақын  тақырыпқа  еркін  түрде  алдын  ала 
әзірленбеген  әңгіме  өткізіп  алу  керек.  Біз  әр  жастағы  балалармен  өткізілген 
сабақтардан мысал үзінділерлер келтірдік, ондағы мақсат — әңгімелесуге дейін 
жұмыс  әдістерімен  барлық  топтарда 
 
бірдей  екендігін  көрсету.  Әңгімелесу 
арқылы 
балалар 
сөздік 
қорларын 
молайтады, 
фонетикалык 
және 
грамматикалық  дағдыларды  жетілдіреді;  айырмашылығы  тек  сабақтың 
мазмұнында  ғана:  балалар  өскен  сайын  сабақтың  мазмұны  қиындай  түседі, 
оларға  күрделірек  грамматикалық  формалар,
 
бейнелі  сөз  құралдары 
қолданылады. 
Мысалы:  Көркем  шығарма  оқылғаннан  кейін  өткізілетін  әңгімелесулер 
туралы мысалдарды қарастырып көрелік: Тақырыбы: «Қарлығаш пен торғай». 
Тәрбиеші: Кәне, балалар, кім торғайды, қарлығашты көрді? 
Алмас: – Мен көрдім. 

 
63 
Тәрбиеші: – Кәне,  оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады, олардың 
бір-бірінен қандай өзгешелігі бар? 
Алмас: Торғай кішкентай, қарлығаш ұзын, үлкен? 
Тәрбиеші: Торғай туралы өлеңді еске түсірейік. 
Айжан: Торғай, торғай, тоқылдақ, 
             Жерден бидай шоқып ап, 
             Бөтекесі бұлтиып, 
             Шиқ-шиқ десіп отырад. 
Тәрбиеші: – Бұл құстар туралы тағы  кімдер әңгіме, ертегілер біледі? 
Ержан айта ғой. Өлеңде торғай қалай сипатталған? 
Ержан: Ол кішкентай құс. Бөтекесі бар. Жерден жем шоқып жейді. 
Тәрбиеші: Қарлығаш туралы кім сипаттайды? 
Сәния: Қарлығаштың қанаттары ұзын болады. Ол шиқылдамайды. 
Тәрбиеші: Қарлығаштың қанаттары не сияқты, балалар? 
Сәния: Қиылған қағаз сияқты. 
Тәрбиеші: Қарлығаштың қанаттары ұзын, қиылған қиық сияқты, әдемі. 
Қарлығаш ұя салады.  «Қарлығаш ұя салған үйге береке  келеді»  – дейді 
халқымыз.  Енді  балалар  мен  әңгімені  бір-екі  рет  оқып  беремін,  сосын  сендер 
өздерің іштеріңнен түсініп алып, мен қойған сұрақтар бойынша маған қайталап  
айтып бересіңдер. 
– Ұяға не орналасып алды? 
– Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды?  
 – Көп қарлығаштар нені ұядан қуып шықты?  
 – Қарлығаш қайда қоныстанды?  
Балалар естерінде қалғандары бойынша ауызша жауап береді. 
Осындай сабақ алдында әзірленген әңгімелесулер сабақтарды тиімді етуі 
үшін  балаларды  әңгімеленетін  заттармен,  құбылыстармен  күні  бұрын 
таныстырып  қойған  дұрыс.  Ондағы  мақсат  –  балалар  назарын  сол  заттар  мен 
құбылыстарға  аударып,  оның  аттарын  сөзбен  айтып,  көрсетіп,  олардың 
белгілерін  танытып  қою.  Жаңа  сөздерді,  олардың    тіліндегі  грамматикалық 
формаларын  қолдану  дағдыларын  қалыптастыратын  әңгімелесу  кезінде 
балалардың  болмысқа  логикалық  қатынастары  көрінеді,  олардың  ойлау 
қабілеттері дамиды. 
Әзірленген әңгімелесулерді қалай құру керек: 
1) Кіріспе (бастама); 
2) Әңгіме тақырыбын дамыту; 
3) Әңгіменің  аяқталуы. 
Кіріспе  сөздің  мақсаты  –    Әңгіме  болғалы  отырған  тақырыпқа 
балалардың  көңілін  аудару.  Мысалы,  әңгімеге  кіріспе  ретінде  мынадай 
сөйлемдер  келтіруге  болар  еді:  «Мен  әр  кез  балықтар  қалай  өмір  сүреді  деп 
ойлаймын...»; « «Балалар менің қолымдағы не екенін кім біледі?..»  
Кіріспе  сөз  ретінде  әңгіме  болғалы  отырған  мәселе  туралы  тәрбиешінің 
ұсынысымен  жұмбақ  айтуға  да  болады  немесе  сол  тақырыпқа  қатысы  бар 
суреттерді көрсетіп, өлеңдер оқумен бастауға да болады. 

 
64 
Әңгіме  тақырыбының  еркін  бір  мақсатқа  негізделген  болуы  керек. 
Тәрбиеші  балалардың  әңгіме  болып  отырған  тақырыптан  алшақтап  кетпеуін 
бақылап, ал кейде осыған қатысы бар бір мәселені түсіндіру үшін тақырыптан 
алшақтап  кетуге  тура  келгенде  де,  әңгіме  соңын  міндетті  түрде  сол  мәселеге 
бұруға  тырысуы  керек.  Ол  үшін  тәрбиеші  күні  бұрын  әңгіменің  жоспарын 
белгілеп алады 
 
4.  Үш-бес  жастағы  балалардың  ауызша  сөйлеу  тілін  дамытуда 
суреттердің рөлі 
Сурет  қарастыруда,  дидактикалық  ойын  барысында  болсын,  әр  баланың 
жеке  дамуына  жол  ашылады.  Дидактикалық  ойындағы  танымдық  деңгей 
ойынның  ережесінде  және  ойын  әрекеттерінде  байқалса,  оқыта  отырып 
ойнатуда  не  суреттер  қарастыра  отырып  оқытуда  баланың  әрбір  тапсырманы 
дұрыс  орындауға  бағыттайтын  шеберлігі  мұғалімнің  тікелей  нұсқауынан 
байқалады.  Мұғалім  түсіндіріп,  нұсқау  берген  кезінде  даусының  үнімен  ең 
негізгі  білуге  қажетті  мәселені  екпін  түсіре  бөліп  айтады.  Дидактикалық 
материал әрі мәтін, әрі сол мәтінге негізделген сурет болған жағдайда баланың 
сол материалмен әрекетіне баса назар аударылады. 
Бала  өзіне  берілген  суретке  негізделген  тапсырмалар  алдында  еркін 
жауап  береді,  яғни  олардың  әрқайсысы  суреттегіні  өзінің  жекелей  дамуы 
тұрғысында  барлап,  байқап  жауаптар  бере  бастайды.  Осы  кезде  баланың 
жекелей  психикалық  ерекшеліктері  де  (меланхолиг,  сангвинник,  холерик) 
айқын  орын  алады.  Тәрбиеші  сөйлесіп,  жауап  аларда  осыны  басты  назарда 
ұстайды.  Жинақтап  айтқанда,  баланы  айналамен  таныстырғанда  заттарды,  зат 
сұлбалары  орналастырылған  суреттерді,  мазмұнды  сериялық  картиналарды, 
пейзажды суреттерді көрсете отырып дамытудың өзіндік әдістемесі бар [55]. 
Олар мынандай: 
1.  Балаларға  берілетін  суреттер,  картиналар  баланың  жас  ерекшелігіне, 
қабылдауына сай алынып, әр түрлі персонажды бейнелейтін болуы керек. Яғни, 
баланың  ойы  ертегінің  қай  бөлігін  қайталап  айтып  беруге  тартса,  соған  негіз 
болатын  мазмұнды суретті таба алуы керек; 
2.  Сурет,  картина  арқылы баланы  нәзік  сезімге  тәрбиелейміз.  Сондықтан 
берілетін  суретте  баланың  жақсы  көру,  ұнату  сезімдерін    оятатындай  әдемі 
персонаждар  болғаны  жөн.  Сүйкімді  аппақ  лақ,  жұп-жұмсақ  жүнді  мысық, 
сүйкімді қуыршақ, т.б. 
3. Бала суреттегі бейнеден алған әсерін ойша көңілге тоқып, ол турасында 
қорытынды  ой  айта  білуі  керек.  Сол  сурет  арқылы  берілетін  эстетикалық 
тәрбие біржақты қалмауы керек, ол баланың жақсы азамат болып өсуіне ықпал 
ететіндей болғаны жөн.  
4.  Үлкеннің  оқытуды  дұрыс  ұйымдастыруы:  яғни  сабаққа  балалардың 
барлығының  қызығушылығын  тудыратындай  етіп  суретті  дұрыс  таңдап,  оны 
тиімді,  жүйелі  қолдануы,  әр  баланы  сол  суреттер  арқылы  құрылған  әңгімеге 
белсенді  қатыстыра  алуы,  тақырыпқа  қатысты  бала  білімін  дамытып, 
практикалық дағды-шеберлікке бейімдеуі керк. 

 
65 
5. Сабаққа алынған сурет немесе әдемі живопись баланы шығармашылық 
қабілетке тәрбиелейтіндей алынуы тиіс. 
Әрине,  кейде  беріліп  отырған  суреттің  барлығы  бірдей  жеңіл,  баланың 
жасына  сайма-сай  бола  бермейді.  Тіпті  көшеге  шыққанда,  не  үлкен  топтама 
кітаптардан,  энциклопедиялық  жинақтардан  көрсетілетін  суреттерде  баланың 
сол  кезеңіде  тәрбиесіне  лайықты  элементтерінен  басқа  назар  аударатын 
жайлары  көп кездеседі. Әсіресе, төрт жасқа қараған  «Бәрін білсем екен!» деп 
тұратын  баланың  сұрақтары  да  көп  болады.  Мұндай  жағдайда  тәрбиеші 
олардың  ең  негізгі  білуіне  міндетті  сұрақтарды  таңдап  қойып,  тапсырма 
талабын естеріне салғаны жөн.  
Суреттi  сөздiк  үлкендер  басшылығымен  2-3  жас  аралығындағы  сәби 
балалармен  қарастыруға  арналып  дайындалды.  Құрастырушылардың  басты 
мақсаты  –  балалардың  бастапқы  сөздік  қорын  жинақтау,  жетілдіре  түсуге 
бағдар беру. 
Төменде бір суреттің әр түрлі жастағы балалардың қарастырғаны туралы 
мынандай  әдістердің  ұтымды  шыққаны  сөз  болады.  Төмен  жастағы  балаларға 
тәрбиеші  тарапынан  «Бұл  сурет  (ертегі)  не  жайында?»,  «Қыз  бала  қалай 
киінген?»,  «Қыздың  жанында  не  тұр?»  деген  сұрақтар  қойылады.  Жоғарылау 
жастағы  балаларға  «Суреттен  қай  ертегідегі  кейіпкерді  көріп  тұрсыңдар?» 
«Қаңбақ  шалдың  көңіл-күйі  қандай?»  Ертегідегі  негізгі  оқиғаны  және  осы 
жағдайдан кейінгі шалдың өмірін сипаттап беріңдер» деген талаптар қойылады. 
Айналадағы  заттарды  тікелей  қабылдау  бір  басқа  да,  суреттер  бойынша 
қабылдау бір басқа. Тікелей қабылдауда сенсорлық тәрбиенің барлық кезеңдері 
еркін қолданылады. Допты бала алып салмақтайды, неден жасалғанын сипалап, 
соғып,  қолымен  ұрғылап  біледі,  алманы  иіскейді,  дәмін  байқайды.  Ал  сол 
алманың  қалай  піскенін,  үлкен-кішілігін  суреттен  көру  елестету  мен 
қиялындағы  алмамен  салыстыру  арқылы  айқындайды.  Бұдан  шығатын 
қорытынды  суреттерді  қарастыруда  қиял,  еске  сақтау,  елестету  сияқты 
психололгиялық  сезімдер  [56]  түгел  ұштасады.  Бір-бірімен  байланысқа  түсуі 
арқылы  жалған  емес,  нағыз  шынайы  түсінік  шығарылады.  Бұл:  «Апорт 
тұқымдас,  бірақ  көлемі  кішкентай,  әбден  піскен  әдемі,  тәтті  алма»  деген 
қорытынды пікірді бала өз ақылына салып жинақтап айтады.  
Суреттерді  үлкеннің  басшылығымен  қарастырғанда,  (қазақ  баласына 
қатысты алғанда) бала үлкеннің тәжірибесіндегі білімге сүйенуді әдет етеді, ал 
өздігінен қарастыруды әдетке айналдырса, өз қиялы дамиды, өз тәжірибесі арта 
түседі  деп  есептеген  жөн.  Тіл  дамыту  міндеттерін  жүзеге  асыруда  суреттерді 
пайдалану  әрдайым  сәтті  бола  бермейді.  Сөздік  жұмысын  жүргізуде  түр-түс, 
жыл мезгілдері, тұрмыстық заттар мен құрал-жабдықтар, [57] адамдардың дене 
мүшелері,  көлік  түрлері,  т.б.  жеке  мүліктерді,  заттарды  бейнелеген  суреттерді 
қолдану  тиімді  шығып  жатады.  Ал  әдемілікке,  сезімге,  адамгершілік  жақсы 
қасиеттерге баулитын туындыларды дәл тауып, баланың   жасына сай қолдану 
қиынның  қиыны.  Тіл  дамыту  сабағының  тақырыбына  орай  сурет 
қарастырғанда,  алдымен  ескерілетін  талап–суреттің  мазмұнды  болуы.  Суретте 
мазмұнның айқын көрініп тұруы өз алдына, екіншіден сол мазмұнның мәнерлі 
берілу құралдары бірден бір басты рөл атқарады.  

 
66 
Бейнелеу  өнері  -  өнер  туындысы.  Ал  бейнелеу  өнерінің  тіліне 
жататындар:  сурет,  түсі,  ритмі,  айқындылығы,  құрылысы  -  композициясы. 
Мұғалім-тәрбиеші баланың суретті тура түсінуіне тікелей басшылық жасайды. 
Сурет  өнеріне  бала  тәнті  болуы  үшін  бала  оны  стихиялы  түрде  емес,  іштей 
сезіне қабылдауы керек. Мұғалім сурет мазмұнына қарай мақсат қоя басшылық 
жасайды.  Өнер  тілін  баланың  жақсы  сезінуі  үшін  үлкеннің  бірнеше  рет 
қайталап түсіндіруі қажет болады. 
Өнердің  қай  түрі  болсын,  әсіресе  сурет  өнері  бар  болмысты,  өмірді 
шынайы  бейнелейді.  Осыдан  барып  тәрбиешішнің  алдында  қажетті  міндет 
туындайды.  Өмірді,  айналаны  танып  қана  қоймай,  сол  көрген-білгендерін 
ауызша  сипаттап,  суреттеп  жеткізіп  беруге  үйретуде  де  тәрбиеші  жетекшілік 
атқарады.  «Баланы жанды, образды  тілмен сөйлеуге үйрету үшін, ең қажеттісі 
оларды  бақылауға  үйрету»  деген  болатын  Н.К.  Крупская  [58]  кезінде.  Бұдан 
шығатын қорытынды: тіл дамытудың алғы шарттарының бірі – баланың көркем 
өнерді және айналаны бақылап тани алуы болып шығады.  
Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  қалай  бақылауға  үйретуге  болады?..  
Б.П. Никитин «Шығармашылық баспалдақтары немесе дамыту ойындары» деп 
аталатын  еңбегінде  [59]  «Сіздер  өз  балаларыңызды  қабілетті  болуын 
қалайсыздар  ма,  онда  олардың  алғашқы  қадамдарына  көмектесіңіздер,  бірақ 
кешігіп қалмаңдар және  оларға көмектесе  отырып, өзеріңіз де  ойланыңыздар» 
деген  болатын.  Өзі  балаларға  арнап  «Назар  аударыңдар»  деп  аталатын  ойын 
ойлап табады да, баланың айналасындағы заттардан нені аңғарып, нелерді есіне 
сақтағанын тексеріп зерттеу жүргізген. Міне, бала ойыншыққа, суретке қарады, 
ол одан не көрді оның есінде нелер сақталды, нелер сақталмады? Үлкендер осы 
туралы  ойлай  ма  екен?  деп  сұрақ  қойып,  мұндай  іскерлікке  арнайы  үйретуге 
болатындығын  айтады.  «Назар  салыңдар»  ойыны  баланы  жіті  көре  білу 
қабілетіне  және  көргенді  тез  еске  сақтауға  үйретеді.  Ойын  барысы:  ойынды 
жүргізуші  бірнеше  секундқа  белгілі  бір  фигураны  немесе  анық  контурды, 
немесе  шартты  белгіні  балаға  көрсетеді.  Сосын  оларды  жасырады,  ал  2-3 
жастағы  сәби  бала  көрген  шартты  белгіні  еске  түсіріп,  суретін    салады. 
Суреттегі  заттың  пішінін,  ұзындық  өлшемін,  ара  қашықты  дәлме-дәл  салуын 
талап  етеді.  Пішін-  тапсырмалар  балаға  6  түрде  беріледі,  әр  пішін  күрделеніп 
отырады. Бұл тәсіл бақылаушының бақылауына ыңғайлы келеді. «Б-1» ден «Б-
11»-ге  дейін  тапсырма  күрделене  отырылып,  соңына  қарай  сурет  бейнелерге 
айналады. 
Мұндай  жаттығу  ойыны  сәбидің  көру  қабілетін  тұрақтандырады,  ал 
автордың  «Назар  сал-ойлап  шығар»  деп  аталатын  келесі  жаттығу  ойынында 
балаға көргенін еске сақтату ғана емес, көрген штрих-пішіндерден жаңа фигура 
ойлап шығару тапсырылады. Бұл ойында балаға 4 түрлі пішін беріледі. Бірінші, 
екінші, үшінші пішіндер аз-аздап суреттен көрсетіліп, бала есінде сақтатылады 
да,  төртінші  пішінді  баланың  өзіне  ойлап  табу  беріледі.  Өйткені  ол  пішін 
қалған пішіндердің жиынтығы болып табылады.  
Бұл  ойындар  баланың  көрген  мультфильмдерінен,  суретті  кітаптардың 
суреттерінен  әрбір  сурет  детальдарын  жеткілікті  қабылдауына  ашылар  бас-
палдақ  болып  табылады.  Балаларды  «Кім  жылдам?»,  «Кім  тапқыр?»,  «Кім 

 
67 
көреген?  деген  атаулармен  түрлі  ертегі,  мысал  әңгіме  мазмұндарына  ойындар 
ойлап  шығаруға  болады.  Балалардың  көргендерін  тез  еске  сақтатуға 
бағыттайтын  ойынды  тым  қарапайым  жолмен  бастауды  да  ұсынған  Никитин 
Борис Павлович болды. «Назар салып, көргендерін еске ұстауға үйрету үшін әр 
балада жарысқа түсуге қызығушылық болуы керектігін ескерген ғалым ойынға 
баланы  былай  тарту  керектігін  ескертеді  –  Кім  менімен  «Назар  сал»  ойынын 
ойнай алады?– деп сұраңыз балалардан. Егер олар үндемесе, «Онда қазір бәрің 
де үйреніп алатын шығарсыңдар!» деп оларды қызықтырыңдар. 
–  Онда  қайсың  мен  қандай  бума  әкелгенімді  байқадыңдар?  -  деп  балаға 
бума қорапшаны көрсетіңіз. 
 – Суреттер, - дейді біреуі. 
–  Оны  қайдан  біліп  қойдың,  мен  әлі  көрсеткен  де  жоқпын  ғой,-деп 
таңданыңыз, сіз. 
–  Бірақ  қандай  суреттер  екенін  сендер  білмейсіңдер,-деп,  бума  қағаздың 
шетін ашып көрсетпей, қызықтыра түсіңіз. 
–  Нағыз  ұқыптыларың  ғана,  дәл  байқағыштарың  ғана  көре  аласыңдар, 
тіпті суретін де сала аласыңдар – деп, балаларды сурет салуға өзара жарыстыра 
ынтықтыра түсіңдер.  
Әрине,  осылайша  қызықтырып,  сол  суреттерді  ертегі  персонаждарынан 
дайындап,  балаларға  ертегі  мазмұнының  жүйесін  реттеуге,  сонан  соң    өздері 
салғаны жөнінде сөйлетуге де болады.  
–  Мен  «Назар  сал»  деген  уақытта  бірінші  суретті  көрсетем,  сосын  оны 
жасырамын,  ал  сендер  көрген  суреттеріңді  еске  сақтап,  оның  суретін  өз 
дәптерлеріңе саласыңдар . 
Сол  сияқты  тәрбиеші  өзінің  жан-жақты  ізденісімен  осы  ойынды  суретті 
кітапшалар  арқылы  баланың  сөз  қорын  дамытуда  «Кім  жаңа  сөзді  тез 
байқайды?»,  сөздің  грамматикалық  тұлғаларын  тапқызуда  «Не  бар,  не  жоқ 
екенін кім тез байқайды?, сөз тіркестерін құратуда  «Кім екі сөзден бір аталым 
сөзді тез шығарады?», т.б. ойындарға ұластыруға болады. Олар кейде үлкендер 
көрмейтін,  көзге  бірден  түсе  қоймайтын  өзгерістер  мен  құбылыстарды  көреді, 
ал шыдамдары таусылғанда ең қажеттісін жіберіп алып жатады. Осы жағдайда 
ерікті  баланың  өзіне  бергенді  көптеген  зерттеушілер  құптайды.  Мәскеу 
лабораторияларының  бірінде  мынандай  эксперимент  жүргізілген.  Бір  бөлмеге 
сурет  салатын  жабдықтар  алдын  ала  дайындалып,  балалар  бір  бұрышқа 
отырғызылады.  «Сендерге  қазір  бір  топ  қонақ  келеді,  олармен  танысқаннан 
кейін, сендер олар жайлы әңгіме құраңдар, сипаттап айтып беретін ойларыңды 
суретке  саласыңдар,  жақсы  салынған  суреттеріңді,  олар  жайлы  айтатын  өлең-
тақпақтарыңды, ойлап шығарған әңгімелеріңді оларды бағатын жұмысшыларға 
сыйға  тартамыз»  деп  ескертеді  тәрбиеші.  Балалар  қаннен-қаперсіз  отырғанда, 
бір қорап тауық, әтеш балапандар әкелініп, ортаға аудартыла салынады. Кейбірі 
қорқып, артқа шегінеді. Кейбірі жерде шашылып қалған құс ұлпаларын жинай 
бастайды,  кейбірі  құстарға  жақындап,  сөйлесе  бастайды.  «Қане,  қараңдар, 
балалар әтештің түрі қандай? Оның айдары, сақалы қандай, ал тауықта не бар? 
Балапанның тұрысына қараңдар, оның жүні қандай түсті, тауықтың қауырсыны 
қандай  түсті,  ал  балапанда  ше?  Жақсылап  қарап  алыңдар,  сосын  естеріңе 

 
68 
түсіріп  суретін  саласыңдар»  деп  ескерту  жасайды.  Мұндай  сабақтан  соң 
қарастырылған суреттер бойынша балалардың құрастырған әңгімелерінде, еске 
түсірген  тақпақтарында,  оларды  айтып-жеткізуде  ерекше  эмоция  байқалады. 
Бұл  тәжірибеде  тікелей  бақылаудан  баланың  сөйлеу  белсенділігі  артқандығы, 
салған суреттерінің шынайы өмірге жақындығы және сөзге араласа қоймайтын 
баланың сөйлеп кеткендігі айқын аңғарылды. 
Бұл  тәсіл,  яғни  жанды  дүниемен  тікелей  байланысқа  шығу  өте  тиімді 
болды.  Өйткені  балалар  өздерінің  көңілі  қалаған,  қызығушылығы  өте  зор 
нысанды  (обьектіні)  еркін  түрде  таңдады.  Мектеп  мұғалімі,  балабақша 
тәрбиешісі болсын, сурет бойынша  сөйлетуде және шығармашылыққа баулуда 
баланың  өзі  қалайтын  суретін  таңдап  алуына  еркіндік  беру  керек.  Суретті 
қарастырудың жүйесі мынандай болғаны жөн: 
1.  Балалар,  алдымен  суретке  толық  назар  аударыңдар,  бұл  суретте  не 
бейнеленген? 
2. Жалпылай қарап алғаннан кейін суреттегі негізгі заттарды, 
басты фигураны жіктеп алыңдар. 
3. Осы негізгі бөліктерін бейнелеу арқылы суретші не айтпақ болған? 
4. Негізгі ойын суретші қалай жеткізе алған? Өз ойларыңмен қорытыңдар. 
Суреттің  баланың  ақыл-ойына  ықпал  ететіні  осыдан  байқалады.  Бала 
суретті танығанда белгілі бір адамның өнер туындысы екенін түсіне қабылдауы 
керек.  Қай  жас  кезеңіндегі  болмасын,  бала  суретті  қарап  тануға  үйренетін 
идеядан  ләззат  алуы  тис,  оның  әңгімеге  қызыға  араласуы  нысанның  дұрыс 
таңдап берілуіне байланысты. 
Біз  зерттеуге  алып  отырған  5-6  жастағы  балалардың  сөздік  қоры  мен 
байланыстырып  сөйлеу  тілі  туралы  қазіргі  әдістемеде  бұрынғы  зерттеулерден 
алшақ кете қойған жоқ. Ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылатын тіл – өмір 
шындығын  таныту  құралы.  Ал  өмірдегі  бар  дүниені  суреттер  бейнесінде 
балаларға  жеткізу  баланың  еске  сақтау  қабілетін  арттыра  түсетіні  дәлелдеуді 
қажет  етпейді.  Сөз  өнеріне,  тіл  байлығына  тәрбиелеу  ісі  баланың  жас  кезінен 
басталуы  заңды  құбылыс  екенін  зерттеушілер  бірден  айтқан.  Көрнекті 
психолог-педагогтардың  сәби  тіліндегі  ерекшеліктері  мен  заңдылықтарын 
зерттеу  мәселелеріне    арналған  еңбектерінде  баланың  сөз  қорын,  сөйлеу  тілін 
дамыту  оның  психологиялық  процестерін  (ойлау,  қабылдау,  елестету, 
түйсіну,т.б.)  жетілдіруге  тікелей  әсер  ететіндері  жан-жақты  дәлелденген. 
Бұрынғы  одақтық  және  Қазақстан  республикасы  ғалымдарының  жүргізген 
тәжірибелерінің нәтижелері мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі 
ерекшеліктерді,  сөз  түсіну  және  грамматикалық  тұлғаларды  не  жүйелі, 
байланысты  сөйлеу  дағдыларын  меңгерту,  тағы  басқа  тіл  мүмкіншіліктерін 
меңгеру  үстіндегі  психикалық  процестерді  анықтағанын  көреміз.  Жинақтап 
айтқанда,  5-6  жас  аралығында  баланың  тыңдаған  әңгімені,  ертегіні  қабылдап, 
түсінігін ойша жинақтай білуге қабілеті толығынан жетеді. 
Салыстыру  дегеніміз  –  объективтік  дүниедегі  нәрселер  мен 
құбылыстардың  ұқсастығын  және  айырмашылығын  анықтаудың  логикалық 
тәсілі.  К.Д.  Ушинский  «Салыстыру  –  түсінудің,  ойлаудың  негізі.  Дүниеде 
барлық болып жатқан құбылыстарды салыстыру арқылы ғана білеміз, егер бізге 

 
69 
еш  нәрсемен  салыстыруға  болмайтын,  еш  нәрседен  айыруға  болмайтын  бір 
жаңа  зат  кездессе,  біз  бұл  зат  туралы  бірде  бір  пікір,  бір  ауыз  сөз  де  айта 
алмаған болар едік» [60] деген болатын.  
Осы  айтылған  тұжырымдарға  қарап,  мектеп  жасына  дейінгі  баланың 
сөйлеу тілін дамыту үдерісі олардың қабылдау механизмдеріне ерекше әсер 
ететін  көрнекі  заттармен,  не  суреттермен  қатар  ұйымдастырылғанда 
нәтижелі  болатындығына  көз  жеткіземіз.  Жас  ерекшеліктеріне  байланысты 
топтарда  бала  өздігінен  талпынып  қолға  алған  кітапшадағы  суреттерді  бірге 
қарастыру;  кітапша  мұқабасының  көркемделуін,  қағазының  жалпы  түсімен 
түрін, жұқа-қалыңдығын, неше беттен тұратынын, қалай сақталғандығын, әлі де 
қалай сақтауға болатындығын жәй әңгіме түрінде түсіндіру; егер топта бірнеше 
суретті,  мазмұнды  кітапшалар  жинақталса,  әрқайсысын  аттарымен  балалардың 
тани білуі жоспарлы түрде күн тәртібіне енгізілгені дұрыс. 
«Балабақшада  оқыту  мен  тәрбиелеу»  бағдарламасы  бойынша  суреттерді 
қарастыру  сабақтары  барлық  топтарда  өткізіледі.  Сәбилер  мен  естияр  балалар 
тобында  педагогтің  сұрақтарына  жауап  бере  отырып,  суреттерге  сипаттама 
әңгіме  құруға  үйренсе,  ересектер  мен  мектепке  даярлық  топтарда  балалар 
әңгімені  өздігінен  құрастырып  үйренеді.  Мектепке  дейінгі  барлық  балалар  да  
ашық түсті, айқын салынған өздеріне таныс нысандарға қызыға отырып әңгіме 
құрайды. Әңгіме құрап тұрған бала өзінің білетіні жайлы суретке сүйеніп, еске 
түсіріп қатарластарына асыға әңгімелеп жатады.  
Е.И.  Тихеева  [61]  бұл  жайында:  «Балалар  суреттерге  ерекше  сүйіспендік 
танытады:  олар  өздеріне  таныс  жайттары,  бастарынан  кешірген  уақиғалары 
туралы  бөліседі,  тыңдаушыларын  да  соған  ынтықтырады.  Осы  сүйіспендікті 
педагог дер уағында пайдаланып, әңгімелеушінің айқын да анық  бақылай білуін 
және тілін қатарынан дамытуды көздеу керек. Суретті қарастырған сайын бала 
сөйлеп  тұрады.  Педагог  сол  әңгімені  қолдап,  оған  жетелеуші  сұрақтар  қойып, 
әңгімеге қатысушылардың зер салуы мен сөйлеуіне басшылық жасайды»,- дейді. 
Баланы суреттерге сүйене әңгімелеуге үйрету бірнеше кезеңнен тұрады: 
Сәбилер  тобында  балаларды  сурет  қарастыруға  дайындау  кезеңі 
ұйымдастырылды.  Бұл  кезеңдегі  мақсат  –  балалардың  сөздік  қорын  бақылау. 
Жеке  заттардың  суреттері  бар  картинаны  қарастыру  арқылы  балалар  сөйлеуге 
белсенді араласады, картинамен танысу тәртібіне жаттығады.  
Естиярлар  тобында  зат  топтамалары  бойынша  сипаттама,  мазмұнды 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет