мәдениетінің өзегінде қалыптасқан түркі өркениеті мыңдаған жылдар бойы
барлық негізгі өркениеттермен (қытай, жапон, үнді, араб, иран, еуропа, славян)
үнемі қарым-қатынаста болып, Еуразияның трансконтиненттік архитектоникасы
мен мультикультурализм кеңістігін қалыптастыру қызметін жоғары деңгейде
жүзеге асырып, көп нәсілді, көп тілді, көп мәдениетті және көп дінді түркі
қалаларының мультикультуралист дүниетанымының нақты көрінісі ретінде
дамыған. Тарих сахнасынан кеткен ежелгі дәуір өркениеттерінің (Мысыр, шумер,
майя т.б.) жаңа өркениеттермен түрленіп, өзгергені мәлім. Ал түркі өркениеті
болса, көне дәуірден қазіргі дәуірге дейін жалғасып келе жатқан бірегей
өркениеттердің бірі. Алайда өркениет проблемаларына қатысты бірқатар теория
мен тұжырымдамаларда әлем өркениеттері жіктелген кезде түркі өркениеті
феноменінің белгілі бір саяси көзқарастар мен мүдделерге байланысты ғылыми
назардан әдейі шетқақпайланғанын да ескеру керек. Көптеген жағдайда, осы
өркениеттің әлемнің саяси-мәдени тарихындағы рөлін азайтып, не болмаса
толықтай жоқ етіп көрсетуге тырысу әрекетін байқауға болады. Адамзат тарихы
тудырған ең тамаша өркениеттердің бірі болып саналатын түркі өркениетінің
ескерілмей қалуының нақты бір себебі бар. Түркі өркениетінің тарихы, бүгіні мен
келешек бағдарларының бұдан да қарқынды түрде ғылыми зерттеулерге арқау
болуы оның жаһандық мәдени-гуманитарлық кеңістік тұтастығын қазіргі кезеңде
де қорғап, сақтап қалғанын көрсетеді және бұл кеңістіктің саяси біртұтастығының
қалыптасуы оның жаңа күш орталығына айналу мүмкіндігін арттырады
. Түркі өркениеті тарихта жеке-жеке емес, бір жүйе, бір процесс түрінде
пайда болған. Ол әртүрлі өркениеттердің Еуразия бойынша ұрпақ өзгерістерінің
генераторы (қуат көзі) қызметінде осы өзгерістерден нәр алған, жаңадан пайда
болған өркениеттерге тың серпін берген. Осы орайда, түркі өркениеті тек өзін ғана
тудырған бір жүйе емес, сонымен қатар әлем өркениетін құраушы басты
детерминаттардың (айқындауыштардың) бірі екенін айтып өту керек. Түркі
өркениетін жоққа шығарушылардың пікірінше, түркілердің тек мәдениеті ғана
қалыптасқан, ал өркениет тудыру деңгейіне жете алмаған. Бұл толықтай жаңсақ
көзқарас. Себебі мәдениет ішінде мәдениеттердің болу фактісін растау, жалпы
алғанда, мүмкін емес. Белгілі бір өркениет жүйесінің өз ішінде оның даму
сатылары секілді жеке-жеке мәдениеттер қалыптасады. Түркі өркениеті де тарихи
даму заңдылығына сәйкес бір-бірімен генетикалық байланысы бар әртүрлі
мәдениеттер тудырған. Бұл ұлттық мәдениеттер (түрк, әзербайжан, қазақ, қырғыз,
өзбек, түрікмен, ұйғыр, башқұрт,татар және т.б.) ғасырлар бойы өзіне тән
ерекшеліктер алуына қарамастан, ұқсас сипаттарын да жоғалтпаған. Сонымен
қатар, олар түркі өркениетінің ішінде әмбебап құндылықтарға ие мәдениеттер
секілді тармақтала түскен.
Достарыңызбен бөлісу: