Еліміздің Оңтүстігімен шығысында б.з.б 1 мыңжылдықта мекендеген Сақ тайпасы
қоғамдық даму үдерісінде мемлекеттік құрылыс кезеңіне келген.
Сол уақыттарда
Сақ тайпасында мал өсіру шаруашылығы сондай - ақ егіншілікпен қатар темір
қорыту да дамыған тұсы еді. Қызыл - қоңыр және магнитті темір рудасынан үй
шаруасына қажет құралдар, түрлі қару- жарақ түрлерін
және зергерлік
бұйымдарды өндіргенімен қатар тоқыма өнерінен де қалыс қалған жоқ. Жалпы
түркілерде кілем тоқу ерте дәуірлерден бастау алған деседі.
Олардың өзіндік
кілем тоқу техникасы мен өздеріне тән мотивтері болды. Әдемі кілемдердегі
мотивтерден кезіндегі түркілердің ойлау жүйесін, әлеуметтік мәртебесін
сондай -
ақ наным сенімдерін аңғарамыз. Мысалға алатын болсақ, Оңтүстік Сібірдегі ең
ескі түркілердің қолынан тоқылған кілем Пазырык өңірінде жүргізілген
қазба
зерттеу жұмыстары кезінде біздің заманымызға дейінгі 5-4 ғасырларда тоқылған
Хун Пазырык кілемімен бірге табылды.
Түріктердегі жазбаның болғандығы алғашқы болып
Қытай деректерінде
айтылады. Одан тыс Еуропа мен Азия ғалымдарыда көне түркі халқында жазу
өнерінің болғандығын мойындағандай. Әрине, барша дүниежүзі тарихта болды
деп мойындау үшін айнымас дәлелдер керек екені анық.
Олардың бірі
Моңғолияның солтүстігінде Орхон өзенінен табылған көне түркі жазбаларының
ескерткіштері - стелалар, яғни тас плиталар. Көне түркі халқының тағы бір ауыз
толтырып айтар ескерткіштері, ел билеген қаған мен батыр Білге - қаған және Күл
- Тегіннің құрметіне тұрғызылған ең ірі руна жазуы бар ескерткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: