ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы
______________Жусупова Ж.А.
«_____»___________2022 ж.
|
Пән бағдарламасы (SYLLABUS)
БП/ЖК ІBB 3213 Инклюзивті білім беру
Модуль 8.1 Инклюзивті оқыту және кәсіби даму
ББ шифры мен атауы
|
6В01502-Физика, 6В01501-Математика, 6В01509-Математика-Информатика, 6В01102-ПжБМ
|
Курс/семестр
|
2/3
|
Кредит саны (сағат саны):
|
5 (150)
|
- дәрістер
|
15
|
- практикалық сабақ
|
30
|
- БОӨЖ/БӨЖ
|
25/80
|
Аралық бақылау (емтихан) формасы
|
тест
|
Ақтөбе, 2022 ж.
Құрастырушылар:
1. Пән оқытушысы: ________ оқытушы, магистр Кеншілікова К.М.
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ хаттама, «_____» ______________________ 2022 ж.
Кафеда меңгерушісі _________________ Туребаева К.Ж.
Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданды
№ хаттама, «_____» ______________________ 2022 ж.
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушы: (аты-жөні, қызметі, электронды пошта, Zoom конференцияның ID номері)
Кеншілікова Камшат Мұратбекқызы - аға оқытушы, магистр, kamshat_93_12@mail.ru
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Білімнің қолжетімді болуын қaмтaмaсыз ететін aлғышaрт – инклюзивті ортa. Инклюзивті білім берудің зaмaнaуи міндеті интеллектуaлды дaмуды, психофизиологиялық жəне жеке-дaрa ерекшеліктерді ескеріп, білім aлуғa тең қолжетімділікті қaмтaмaсыз етуді қaрaстырaды.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға теңдік қатынасты қамтамасыз ету идеологиясы жатыр.
Оқыту мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті процестерді ұйымдастыру мен басқарудың негізгі ережелері туралы студенттерде жан-жақты білім беру.
Оқыту нәтижелері:
Білім алушылардың инклюзивтік білім беру ортасының ерекшеліктеріне бейімделуімен байланысты жеке айырмашылықтарды, психофизиологиялық ерекшеліктерді, ықтимал проблемаларды біледі және түсінеді. Инклюзивті білім беру пәнін оқытуда инклюзивті білім беру, интеграция, жалпыға бірдей білім ұғымдарының мәні түсіндіріледі. Негізгі міндеттері, ерекшелігі, халықаралық тәжірибесі, қағидалары меңгертіледі. Қазақстандағы инклюзивті білім беру мәселелері, даму тенденциялары қарастырылады.
ЕБҚ бар балаларды арнайы оқыту мен дамытудың оңтайлы әдістерін қолдана отырып, психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыруда алған білімдерін қолданады. Инклюзивті оқытудың инновациялық жолдарын жүзеге асырудың заңдылықтарын қамтиды.
Арнайы білім беру саласындағы нормативтік - құқықтық құжаттарды, түзету-дамыту қызметінің ұйымдастырылуы мен бағыттарын реттейтін әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдайды. Сонымен қатар инклюзивті білім беруде басшылыққа алынатын халықаралық және мемлекеттік құжаттармен таныстырылады.
ЕБҚ бар білім алушыларды оқытудың мазмұнын анықтап, білім алушылардың әртүрлі санаттары үшін оның мазмұнын даралау негізінде білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін салыстырады.
Қолайлы, психологиялық жайлы, толерантты әлеуметтік ортаны құру және модельдеу параметрлерін бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |