1. Пән туралы ақпарат Білім берудегі цифрлық технологиялар, 5 ECTS, -курс, -семестр, 2022-2023 оқу жылы
Шифр және Білім бағдарламасы (ББ): Институт: Математика, физика және информатика
Кафедра атауы: Информатика және білімді ақпараттандыру Оқытушының аты-жөні: Сағымбаева Айнұр Есенғазықызы, п.ғ.д., профессор
Қатынас ақпараты: тел. +7 747 287 97 77, e-mail: aiya_c@mail.ru
2. Бақылау түрі(ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан) Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін.
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды. Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы Курс білім беруді цифрландыру әдістерін меңгерген, өздерінің кәсіби педагогикалық қызметтерінде заманауи цифрлық технологияларды мақсатқа сай пайдалана білетін болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу курсының типі: МК/ЖООК/ТК Пәннің мақсаты студенттердің инновациялық тәсілдер мен цифрлық технологиялар негізінде оқушыларды оқытуды және дамытуды жүзеге асыру қабілетін; цифрлық технологияларды пайдалана отырып сабақ өткізу дағдыларын, цифрлық технологияларды пайдалана отырып педагогикалық қызмет саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру.
Пәннің міндетібілім алушыларда пәндік құзыреттіліктермен қатар келесі оқыту нәтижелерін (зерттеу және әлеуметтік) қалыптастыру болып табылады:
1. өз идеялары мен ойларын білдіру үшін ақпаратты әр түрлі формада жалпылау және жинақтау;
2. ақпараттық нысандарды құру және олардың жұмысының нәтижелерін жобалау үшін цифрлық технологияларды жіктеу және қолдану;
3. жалпы білім беру және нақты кәсіби қызмет саласында қойылған мақсаттарға сәйкес оқу-тәрбие қызметінде цифрлық технологияларды пайдалану нәтижелерін бағалау;
4. инновациялық және цифрлық технологиялардың негізгі даму үрдістерін, олардың оқу үдерісінде және жалпы білім беруде қолданылуын түсіндіру;
5. білім беру контентін құру, зерттеу жүргізу,оқу үдерісінде және оқудан тыс және әкімшілік қызметті ұйымдастыру кезінде инновациялар мен ЦТ-ны оңтайлы және ұтымды пайдалануды таңдау туралы шешім қабылдау.