3. Курстың академиялық презентациясы математикалық талдау курсының негізгі бөлімдерін теориялық және практикалық тұрғыда меңгеруі керек.
Оқу курсының типі: МК
Пәннің мақсаты студенттердің қабілетін, дағдыларын, құзыреттілігін, қалыптастыру үшін теориялық материалдарды толық игеріп дәлелденген теоремаларды зерттеу негізінде есептер шығаруға пайдалану
Пәннің негізгі міндеті «Математикалық талдау» курсы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады: Болашақ кәсібінде математикалық талдау курсының негізгі тұжырымдары мен әдістерін қолдана білу, оқу-тәрбие үдерісін модельдей білу және оны оқып - үйрену, тәжірибесінде жүзеге асыра білу қабілеттілігін жетілдіру.
4.Курстың академиялық саясаты: Пән бойынша білім бағдарламасындағы теориялық және практикалық материалдарды толық игеру
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлеріндекөшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: (Интернет-ресурстарды қоса алғанда)*
Негізгі әдебиеттер:
Темірғалиев Н.Т. Математикалық анализ 1,2,3-том. Алматы 2005ж
Жәутіков О.А Математикалық анализ курсы. Алматы: «Экономик» баспасы, 2014. – 832 бет..
Демидович Б.П. Сборник задач и упражнений по математическому анализу. М., “Наука”, 2003
Берман Г.Н. Сборник задач и упражнений по математическому анализу.
Әубәкір С.Б. Жоғары математика. 1-2 бөлім. – Алматы, ҚАЗҰУ, 2000 ж.
Көксалов Қ. Жоғары математика. –Алматы, 2002ж.
Қосымша әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |