Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» шжқ рмк



бет6/7
Дата25.11.2023
өлшемі76,79 Kb.
#125899
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Билингвизм – қостілділік.
Билік – қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен идеология ықпалының негізінде және қйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын механизм.
Бихевиоризм және необихевиоризм – сананың дербестігін мойындамайтын, психиканы адамның өзіне қажет нәрселерге жету мақсатында жүзеге асыратын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп көрсететін ғылыми бағыт.
Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және эксперименттердің мақсатының негізділіг мен барабарлығы.
Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
Дезинтеграция – жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.
Деноминация – басқа діндердің заң аясындағы қызметін қолдайтын және қоғаммен арақатынасын позитивті принциптерге негіздейтін діни ұғым.
Депривация – адамдар мен топтардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айыру немесе оларды шектеу процесі.
Еңбек – адамның іс-қимылының негізгі түрі, оның тіршілік ету тәсілі. Еңбек арқылы көзделген мақсатқа жетуге болады. Еңбек адамның қалыптасуына, оынң қоршаған ортаға бейімделуіне шешуші әсер етеді.
Коммуникация – бір адамның екінші бір адамға мәлімет беруі. Коммуникацмя кез келген әлеуметтік өзара қатынастардың негізі.
Конвергенция ілімі – капиталистік және социалистік қоғамдардың біртіндеп, біте қайнасып, бір біріне сіңісуін уағыздайтын бағыт.
Конформизм – бұқаралық санада қалыптасқан стереотиптерді, салт-дәстүрлерді, бедел мен принциптерді қарсылықсыз қабылдау және сақтау.
Қоғамдық пікір - әлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, әлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық сананың жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет