Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» шжқ рмк



бет7/7
Дата25.11.2023
өлшемі76,79 Kb.
#125899
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Макросоциология – күрделі әлеуметтік процестерді, әлеуметтік топтарды және қоғамдық өмірді тұтастық тұрғысынан зерттейтін бағыт.
Маргиналдық – екі мәдениеттің өзара әсері процесіне қатысушы, бірақ екеуінің біріне де толық сіңісе алмай, екі арада қалған адамдардың немесе әлеуметтік топтардың рухани жағдайы.
Микросоциология – шағын әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдайтын социологиялық зерттеулер.
Моногамия – бір күйеу мен бір әйел арасындағы неке.
Монотеизм – бір ғана құдайды мойындайтын дін.
Өркениет – қоғамның сапалық дамуы барысын көрсетеді.
Полигамия - бірнеше адамдардың арасындағы неке.
Респондент – социологиялық зерттеу барысында сауалдарға жауап беруші.
Референтті топ – әлеуметтік топтардың ішіндегі ең артық көрінетін тобы, сол топтың қасиет, сапасы туралы біртұтас түсінік.
Социеталдық – күрделі әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік қарым-қатынастар мен процестерді белгілейтін ұғым.
Социометриялық әдіс – социология ғылымы шешуге тиісті көптеген міндеттерді шағын топтарда болып жатқан процестерді зерттеу арқылы орындайтын әдіс.
Сұхбат – (интервью) респонденттен ауызша қойылған сұраққа тікелей жауап алу арқылы жүргізілетін социологиялық зерттеу әдісі.
Этнос – (тайпа, халық дегенді білдіреді) ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, салт-дәстүрлері бар белгілі аумақта тарихи қалыптасқан топ.
Элита – (өте жақсы, таңдамалы дегенді білдіреді) әлеуметтік топтардың ішіндегі ерекше жеңілдіктері бар жоғарғы топ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет