Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі к оммерциялық



бет13/15
Дата23.04.2023
өлшемі93,96 Kb.
#85874
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2.Оқу сабақтарын өткізу түрлері:
Лекциялар: онлайн-форматта, бейне-дәрістер, вебинарлар, бейнеконференциялар, белсенді интерактивті оқыту әдістерін қолдану, дискуссиялар;
Практикалық сабақтар: практикалық жағдайларды талдау (case-study), практикалық тапсырмаларды орындау, іскерлік ойындар және т. б.
СӨЖ: Тапсырмаларға жатады: лекция конспектілерін құрастыру, бақылау жұмыстарын орындау, кесте сызу, кроссворд құрастыру, microsoft Power-Point бағдарламасы көмегімен презентация дайындау, кейс-стадия дайындау, іскерлік ойын дайындау, топтық жоба дайындау
3.1 Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімдерін бақылауды қамтиды: лекциялардағы сұрау, практ. сабақтарындағы сұрау және сабақ айту, үй тапсырмасын орындау және қорғау, СӨЖ қорғау;
3.2 Аралық бақылау - коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер.
4. 1 Оқытушының талаптары:
4.1.1 Студент өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкес кафедра анықтайды.
4.1.2 Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсырмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады;
4.1.3 Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу;
4.1.4 Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну;
4.1.5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады.
4.1.6 Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау;
4.1.7. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде – студентті осы сабақтан блоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді.
4.1.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлеріне жол бермеу;
4.1.9 Жазбаша емтихандарда плагиатқа тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады;
4.1.10 Білім алушыларға сабақта бетпер тағу және антисептіктері болуы міндеттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет