Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі к оммерциялық



бет2/10
Дата17.03.2023
өлшемі170,8 Kb.
#75165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ОН 2 Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық білімдерін көрсету.

ОН4 Мұнайгаз кәсіпшілігі нысандарын пайдалану және қызмет көрсетуде заманауи технологиялар мен әдістерді пайдалана отырып, ұтымды өндіру, тазарту тәсілдерін таңдауға, проблемалық міндеттерді шешуге қатысу.
ОН5 Мұнай, газ және конденсат өндіру жөніндегі геологиялық барлау, инженерлік-құрылыс, өндірістік – технологиялық, монтаждау – реттеу, сервистік – пайдалану бөлімшелерінің құрылымдарындағы жұмыстарды орындау.

ОН3 Ақпаратты жалпылау, талдау, қабылдау, мақсатты қою, оларды шешу жолдарын таңдау.

ОН6 Ғылым мен техниканың заманауй жетістіктерін пайдалана отырып, регламенттік жұмыстардың негізгі түрлерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау.
ОН12. Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өз әрекеттерін түзету және әр түрлі әдістерді қолдану.

Келісілген
ББ жетекшісі ___________
Пәнді оқудың мақсаты: 6B07215 - Мұнай және газ өндіру объектілерін пайдалану және оларға қызмет көрсету; 6B07216 – Газмұнайқұбырларын жжәне газмұнайқоймаларын пайдалану ББ бойынша бакалаврлардың кәсіби білімдерін шыңдайтын арнайы пән. Пәнді оқып үйренудің мақсаты – білім алушыларды мұнай өңдеу өнеркәсібі және оның Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызы туралы қазіргі заманғы әдістерімен, мұнай өңдеу жолдары туралы негізгі мағлұматтармен таныстыру.
Пәнді оқудың міндеттері:
- мұнайгаз саласының химиялық өнімдердегі қажеттіліктері туралы түсінік беру және мұнай өңдеу саласының перспективалық бағыттары бойынша негізгі бағыттарды айқындау, шикізатты қайта өңдеу тереңдігін ұлғайту жолымен өз өндірісі есебінен Қазақстанның отынының барлық түрлеріне қажеттілігін тұрақты қамтамасыз етуге бағыттау;
-мұнайдың құрамы мен қасиеттері, мұнай және мұнай өнімдерінің жіктелуі, мұнайды өңдеуге дайындау бойынша білім беру;
-мұнайды алғашқы өңдеу мақсатын, атмосфералық және атмосфералық-вакуумдық қондырғылардың жұмыс режимдерін, мұнайды және мұнай ілеспе газдарын термиялық және термокаталитикалық процестерін игеру;
-мұнай өнімдерін өндіру технологиясын, Евро стандарттарына сәйкес іштен жану қозғалтқыштарына қойылатын талаптарды үйрету;
- қазіргі заманғы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және салу перспективаларымен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет