Жалпы мағынада, ғылым – математикалық дəлелдемелер мен эмперикалық (сезімталдық) бақылауға негізделген əлемді танудың рационалды əдісі. Ғылымды жан- жақты қарастыра отырып, оның үш қызметін қарастыруға болады:
Ғылым мəдениет саласы.
Əлемді тану əдісі.
Арнайы институттар.
Оларға тек жоғарғы оқу орындары ғана емес, сондай-ақ ұжымдар, академиялар, зертханалар, кітапханалар, журналдар т.б. жатады.
Ғылым үнемі даму үстінде. Көптеген ғылыми ашылулар біздің күнделікті өмірімізде көрініс тауып жатады. Қазіргі кездегі ашылулар қатарына тек соңғы ғылыми ашылулар ғана емес, пайда болу уақытына қарамастан осы күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймаған мəліметтерді де жатқызуға болады.
Ғылымның өзіне тəн талғампазды ерекше белгілерін қарастыруға болады:
Əмбебаптылығы – адам арқылы табылған жағдайда барлық əмбебап үшін шыншыл білімді хабарлайды.
Үзінділігі–ақиқаттың немесе оның параметрлерінің тұтас емес, əр түрлі үзіндісін оқытады.
Жалпы маңыздылығы – берілетін білім бар салада да қажет; ғылым тілі- бар адамды байланыстыратын, бір мəнді түсініктер мен терминдерді бекітеді.
Даралықты жою – ғылыми таным нəтижесі соңында ғалымның жеке ерекшелігі, мекен жайы, ұлты көрсетілмейді.
Жүйелілігі–ғылым бұл байланыспаған бөлшектердің жиынтығы емес, белгілі-бір құрылым иесі.
Аяқталмағандығы – ғылыми білім шексіз дамығанмен де, ол нақты ақиқатқа жете алмайды.
Сабақтастығы–білімнің жаңа анықталмаған бейнесі мен қатаң ережелері ескі біліммен сəйкестендіріліп отырады.
Сыншылдығы – қай кезде де негізін салушы нəтижелерді де күмəнға қоюға жəне қайта қарауға əзір болу.
Нақтылығы–ғылыми қорытындылар белгілі бір қалыптасқан ережелер бойынша тексерісті талап етеді.
Имансыздығы– ғылыми шындықтар иманды - əдепті жүйеде бейтарап болады.
Рационалдығы–эмперикалық дəрежеде шегінен шығатын теориялар мен оның жағдайларын қалыптастыру, ойлау заңдылығы мен рационалды процедура негізінде білім алу.
Сезімталдығы - ғылыми нəтижелерді ұғыну көмегімен эмперикалық төңкерісті талап етеді, содан соң ғана нақтылығы мойындалады.
Ғылыми таным формалары:
Деректер – болжам жəне теориялар арқылы тəжірбиеде түсіндіруге тырысатын нақты, қатаң қалыптасқан білім.
Мəселе– ғалымның сұрақтарға жауап беруі үшін бар білімінің жеткіліксіздігі.
Болжам–нақты ғылыми теория болу үшін тəжірибеде білгісіз-бір құбылыстарды түсіндіру үшін тексеріс пен теориялық түсінікті қажет ететін ғылыми ұйғарым.
Теория – қоғам мен табиғат дамуының əділетті заңдылығын сипаттайтын қоғамдық практика, тəжірибе жиынтығы.
Ғылымизаңдар-объективті заңдарды (зерттелетін процестер мен құбылыстарға байланысты жалпы жəне қажетті) теориялық тұжырымдамалар формасында сипаттайды.
Принциптер– қандайда – бір теорияның негізгі күйі.
Əлемніңғылымибейнесі– қазіргі жағдайда алынған ғылыми білімнің жиынтығы.
Ғылыми таным əдістемесі жалпы адамзаттық ойлау тəсілдерін (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, индукция, дедукция т.б.), эмперикалық пен теориялық (бақылау, эксперимент, өлшеу, моделдеу т.б.) зерттеу əдістерін қарастырады.
Барлық тəжірбиелік физика, химия, астрономия, биология, психология т.б. ғылымдарда шындықты орналастыру үшін басқа зерттеуші тəжірбиесінен тəуелсіз дəлелденген, нəтиже беретін экспериментті қою қажет. Ғылымда қайта өндіру мен қайталануға талап қоймай нəтиже болмайды.
Осылай шындықтың басты төрешісі – эмперикалық тексеріс деректі қалыптастырады. Ғылыми деректер, олардың арасындағы қарым-қатынас жəне ең бастысы бұл ара-қатынастың саналы жеңілдетілген құбылыс моделі көмегімен жүйелеу қарастырады. Мұндай фактілер жүйелеу теориясы деп аталады.
Эксперимент теорияның алдын ала болжауға беріктігін сынайды. Соңында теория төзбегенде, төңкеріс кезінде пайда болатын ескі деректер негізінде жаңасы құрылады. Егер көңілге қонымды құрылған теория қалыптасқан деректерге қолайлы келсе, ғылыми парадокс туындап, ғылым дамуында секіріс болады.