Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет1/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Ф.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ







Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАСЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ


«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ» КАФЕДРАСЫ


Жаратылыстану» пәні бойынша
Дәрістер жинағы

әдістемелік нұсқау


6В01550 –Биология мамандығы студенттері үшін

Шымкент, 2023 ж.




Кіріспе

«Жаратылыстану» термині екі сөзден, екі түбірден куралады: «жаратылыс» - неғұрлым кең мағынадағы «табиғат» және жаратылысану зерттеу. Демек, терминнің сөзбе-сөз мағынасы - табиғат туралы білім.


Жаратылыстану - табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы, табиғат туралы ғылымдар кешені. Қазіргі кезде жаратылыстану физика, химия, биология, геология, география, астрономия және т. б ғылымдарды камтиды жэне де ол ғылымдар, өз кезегінде, тағы да косымша салаларға жіктеледі.
Табиғат біртұтас, бірак адам оның жекелеген бөліктерін зерттеуді жеңілдету үшін оны бөлшектеп қарастырып, әртүрлі ғылым салаларын ажыратып жүр. Сондықтан да жаратылыстану табиғат нысандары мен табиғат кұбылыстарына катысты көптеген мәселелерді эртүрлі қырларынан қарастырады.
Табиғатты зерттеу - адамның өзін қоршаған әлемді түсініп, білуге талпынысынан туындаған заңды кұбылыс. Зерттеулер қоршаған табиғатка қатысты негізгі ұғымдардың қалыптасуына, табиғат кұбылыстарынын көрініс беруі, өзгеру заңдылыктары туралы пікірлердің калыптасуына алып келеді. Табигатқа, табиғатта жүріп жаткан құбылыстарға қатысты көзқарастар адамзат өркениеті дамуынын әртүрлі кезеңдерінде ғылыми жүйелер мен философиялық мектептердің негізін қалады.
Қазіргі кезде жаратылыстану саласындагы зерттеулердің нәтижелері тікелей техникалык, технологиялық шешімдерге негіз болатын дәрежеге жетті, экономиканың эртүрлі салалары ғана емес, адамның күнделікті өмірінің, тұрмысының ажырамас бөлігіне айналды.
Біріншіден, қазіргі ғылымның негізін құрайтын, алдыңғы шебінде тұрған салыстырмалылық теориясы, генетика, синергетика, әлеуметтік биология, экология, этология және баска да ғылымдардан хабардар болмайынша, көзі ашық, мәдениетті адам болу мүмкін емес.
Екіншіден, күнделікті өмірде кездесетін көптеген құбылыстардың, іс-әрекеттердің заңдылықтары ғылыми әдістемелер негізінде анықталған, біз оларды байқамауымыз немесе мэн бермеуіміз мүмкін, бірақ олар ешқайда жоғалып кетпейді, сондықтан біліп, мүмкіндігінше қажетімізге жаратып, пайдалана алуымыз тиіс.
Үшіншіден, кез келген мамандық иесі үшін қажетті білімдер ғылымның әртүрлі салаларындағы жетістіктерге негізделген. Осы аталып өткен себептер «жаратылыстану » курсын оқып-білу не үшін қажет? деген сұраққа жауап бола алады.
Сонымен, әлемді сол тұрған, табиғи қалпында зерттейтін, табиғаггың күйі, оның заңдылықтары адамның санасына тәуелді емес деп есептейтін ғылым саласы жаратылыстану деп аталады.
«Жаратылыстану» пәнін мақсат - студенттерге жаратылыстану ғылымдары саласындағы проблемаларды және зерттеу нәтижелерін жеткілікті түрде түсіндіру, неғұрлым маңызды заңдылықтармен, ережелермен, концепциялармен, олардың ішкі байланыстылығын, даму заңдылықтарын ескере отырып, жалпылама түсініктер деңгейінде таныстыру. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
- жаратылыстану ғылымдарындағы, соның ішінде биологиялык ғылымдардағы негізгі концепциялар бойынша түсініктер қалыптастыру;
тірі және өлі табиғат туралы, олардың болмысы туралы жалпы білімдер жүйесін қалыптастыру;
-қазіргі жаратылыстану ғылымдарының, соның ішінде биологиялық ғылымдардың даму бағыттарын бағалауда жүйелілік көзқарасты қолдану қабілетін дамыту;
-накты ғылыми теориялардың жэне олардың негізін калаушы концепциялардың мазмұнын талдауға үйрету;
студенттерді қазіргі жаратылыстану ғылымдарының, соның ішінде биологиялык ғылымдардың неғұрлым маңызды жетістіктерімен таныстыру.
Сондай – ақ, жаратылыстану адамзаттың жан мəдениетінің маңызды жəне ажыратылмас бөлігі. Жаратылысты–ғылыми мен əдістемелік қорытындылар негізін салушы қазіргі заманғы көзқарастар білімі кез–келген қызмет саласындағы жалпы мəдени мамандар дайындаудың қажетті элементіне айналды.
Жеке білім саласының бір – бірінен алыстауы, бізге бізді қоршаған əлем, қоғам жəне адам жайында біртұтас түсінік бере алмас еді. Философия ғылымы да жаратылыстанумен қарым – қатынасынсыз бұл міндетті орындай алмайды. Жаратылыстану ғылымы білімі мен материалына сүйенген, біртұтас болып кіріктірілген философиялық көзқарас қазіргі заманғы əлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін түсінуге мүмкіндік береді.
“ Жаратылыстануды ”оқу гуманитарлық бағыт саласындағы студенттерде ғылыми көзқарас, теориялық ойлау, болашақта өз мамандықтарында жаратылыстану ғылымының əдістемелік негізін қолдануға үйретеді.
“ Жаратылыстану ” негізделген əлемнің жаратылысты ғылыми бейнесі туралы көзқарасты алу үшін, алдымен тұтастай жаратылыстану, жаратылысты - ғылыми жəне гуманитарлық мəдениет не екенін анықтау қажет. Сонан соң Табиғаттың қазіргі заманғы дамуы туралы көзқарасты қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет