Біздің білімімізді екі бөлікке бөлуге болады: бірінші бөлігіне – Табиғат туралы ілім, екінші бөлігіне – адамзат пен олардың туындыларын жатқызуға болады. Алғашқысын жаратылысты–ғылыми, соңғысын – гуманитарлық ілім деп атайды. Мұндай бөліну адам (субъект) мен Табиғатты (объект) оқуға негізделген. Жаратылысты-ғылыми ілім - объектіні, гуманитарлық ілім -субъектіні оқытуда қалыптасады. Бұл бөліну шартты маңызға ие деген шешімге келуге болады. Адам Табиғаттың бір бөлігі болғандықтан оны осы тұрғыдан қарастыруға болады. Жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері жаратылысты-ғылыми мəдениетке, ал қоғамтану ғылымдарының жетістіктері гуманитарлы мəдениетке əкеледі.
Өте ертеректен осы күнге дейін жеткен ғалым есімдері көбіне энциклопедистер болған. Авиценна тек көрнекті дəрігер ғана емес, сонымен қатар атақты діншіл жəне заңгер болған. Декарт есімі геометрияны алгебра тіліне аударып, түпнұсқалы философиялық жүйені құрумен қатар, физика мен психология тарихына да енді.
Соңғы екі ғасырда жаратылысты ғылымдар мен математика алға үлкен қадам жасады. Жаратылысты жəне гуманитарлық ғылым жолы тез бөліне бастады. Физика, химия, математика мамандану жолында талпына қозғалды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында «физиктер» жəне «химиктердің» көп болуынан əртүрлі факультеттердің кафедра мүшелері өздерінің көршілерінің математикалық аппараттарымен эксперименттік əдістемесін тек шамамен ұсынды. Ал ХІХ ғасырдың басында Д.И Менделеев бір факультетте биология, химия, физика жəне математика мамандарын дайындауды ұсынған.
С.П.Капицаның айтуы бойынша ХХ ғасырда гуманитарлық жəне жаратылысты– ғылыми мəдениеттің дамуы жоғарғы деңгейде болған.
Мəдениет дегеніміз - адамның қолымен жасаған материалдық жəне рухани байлықтардың жиынтығы жəне де адамның осы байлықтарды қолмен жасай білу мүмкіншіліктері.
Жаратылысты-ғылыми мəдениеттің қамтитын аймағы - жаратылыстану ғылымдарына, техникалық жетістіктерге, өнеркəсіптік технологияларға негіз болатын заттардың таза табиғи қасиеттері, олардың арасындағы байланыстар мен заңдылықтар. Ал гуманитарлық мəдениет адамдардың бір-бірімен байланысын, қарым-қатынасын реттеуге бағытталған қоғамдық сана-сезіммен, рухани байлықпен байланысты мəселелерді қарастырады. Бұл сұрақтарды «адамтану» ғылымдары (философия, əлеуметтану, этика, тарих, т.б.) жəне дін, мораль, құқық жəне т.б. ғылымдар зерттейді.
Жаратылысты–ғылыми жəне гуманитарлық мəдениеттерді бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты жəне бір-біріне біздің оң жəне сол қолдарымыз сияқты, есту мен көруіміз сияқты өте қажет. Бұл мəдениеттердің біртұтастығына мына мысалдарды келтіруге болады. Біріншіден, жаратылысты-ғылыми
мен гуманитарлы мəдениеттер – екеуіде адамның іс-əрекеті мен сана-сезімінің нəтижелері. Екіншіден, жаратылысты-ғылыми жəне гуманитарлық мəдениет түрлері мен ғылымдары арасында ортақ «шекаралық» мəселелері көп. Осы мəселелерді шешу олардың бірігуін, жақындауын қажет етеді. Мысалы, экология, антропосоциогенез, гендік инженерия жəне т.б. мəселелер. Үшіншіден, мəдениеттің осы түрлері адамның өмірлік көзқарасын қалыптастырады; ал көзқарастың біртұтастық сипаттамасы болатынын білесіз
– оң көзбен бір нəрсені, сол көзбен басқа нəрсені көруге болмайды.