Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ОТБАСЫНДА БАЛАЛАРҒА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРСЕТУДІҢ СЕБЕПТЕРІ



Pdf көрінісі
бет124/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 ОТБАСЫНДА БАЛАЛАРҒА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРСЕТУДІҢ СЕБЕПТЕРІ 
Маликова Жансая Ерболатовна
Ғылыми жетекшісі: Кусаинова А.Ж.,педагогикалық ғылымдарының магистрі,лектор. 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
malikovazhansay@gmail.com
 
Біздің айналамыздағы қандай адамнан сұрасаң да, зорлық-зомбылық туралы білмейтін 
адам жоқ. Әлемнің барлық бөлігінде соғыстар жүріп жатыр, адам өлтіру, зорлау, ұрлық жасау 
қылмыстарының саны өсуде.Сондай әлемнің тынышсыздығынан, стресстерден тығылып, 
отбасынан тыныштық, жылулық іздейміз, ең жақын адамдардан тіректіктің болуын қажет 
етеміз. 
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас 
Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу–отбасындағы 
көптеген проблемаларға елдегі қоғамның назарын аудара түсу мақсатын көздейді. БҰҰ 
сарапшыларының пікірі бойынша, бір отбасындағы негізгі құқықтарға көз жұма қарау, ондай 
проблемаларды елемей, құқықты белден басу – тұтастай адамзаттық отбасына да қауіп төндіре 
түседі. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның 
қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай 
жүзеге асып отыр. [1, 25б] 
Бірақта, кейбір көптеген адамдарға отбасылық тыныштық сақтау тілегі орындала 
қоймайды, қайта сол туыстары үлкен қауіпті тудырып тұрады.Отбасылық зорлық-зомбылық 
Қазақстанда болмаған жайт емес. Қазір елімізде адам жаны түршігерлік жыныстық зорлау, 
ата-аналардың өз балаларын ұрып-соғуы сияқты жайттар көптеп кездеседі.


231 
Бұл стратегиялық міндетті шешуде білім беру саласындағы білім беру санасын 
арттыруымен, тәрбие берудің пәрменділігіне баса назар аудару қажет. Өйткені статистика 
мәліметтеріне сүйенсек, күйеуінің әйелдерін ұруы және балалармен қатал болуы, зорлық-
зомбылықтың отбасында болуы,қалалардағы, даладағы зорлық-зомбылық сияқты болуы, жыл 
сайын арта түсуде. Мысалға 2020 жыл қорытындысы бойынша, Қазақстанда тұрмыстық 
қылмыс алдыңғы жылдармен салыстырғанда 4,7% өскен. Дағдарыс орталықтарына 11 мыңнан 
астам әйел хабарласыпты. Ішкі істер департаменті хабарлауынша, отбасындағы қылмыстың 
артуына карантин мен оқшаулану әсер еткен. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап 
шегетіндердің 50%-ы — әйелдер, 6,4%-ы— кәмелет жасқа толмағандар. Зорлықшылардың 
жартысы мұндай қылмысқа, әдетте мас күйінде барады. Жауапкершілікке тартылғандардың 
81%-ы еш жерде жұмыс істемеген. Ал, «Қазақстандық отбасылар – 2020» ұлттық 
баяндамасының деректеріне сәйкес отбасындағы зорлық-зомбылық (43,2%), ерлі-
зайыптылардың бірінің маскүнемдік, нашақорлық проблемалары (39,7%), ерлі-зайыптылыққа 
опасыздық (35,8%) жағдайлары қазақстандықтардың пікірі бойынша ажырасудың ақталған 
себебі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика 
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша 2021 жылы отбасы-
тұрмыстық салада жасалған 1047 құқық бұзушылық (2020 жылы - 1072), отбасына және 
кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық – 502 (2020 жылы - 443) 
тіркелген. 
Отбасы-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтар саны бойынша жоғары деңгей 
Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында, төмен деңгей Атырау, 
Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сақталуда. 
Сондықтан да, отбасындағы зорлық-зомбылықты танып білу мәселесі бүгінгі күннің 
көкейкесті ортақ мәселесі болып табылады. 
Зорлық-зомбылықтан 
кейін танымдық сферада,танымдық қызығушылығының 
төмендеуі, ұйқының бұзылуы, нашақорлықпен айналысуы, алкогольдік ішімдікке салынуы 
жеке тұлғалық өзгеріске түсуінің себебі болып табылады. 

Зорлық-зомбылық-бұл адамға күш көрсету, адамды өзінің еркіне бағындыру. Шын 


мәнінде зорлық-зомбылық механизмі адамдарды белгілі бір іс-әрекетке мәжбүр ету, не 
болмаса күш көрсету деп анықталады. 
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына 
тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. 
Балаға зорлық көрсету мәселесі өткен ғасырдың 60-жылдарында зерттеле бастады. 
Балаға деген мейірімсіздік 19 ғасырдың өзінде-ақ қоғам алаңдаушылығының тууына 
себеп болғанын атап өткен жөн. Бірақ, адамның көпшілігі зорлықты белгілі бір 
психологиялық бұзулардың салдарынан пайда болатын және жұрттың азғантай ғана
бөлігіне тән, өте сирек кездесетін құбылыс деп сенген. 
Отбасындағы зорлық-зомбылықты зерттеген ТМД елдері ғалымдары: Геттинг жас 
қылмыскерлер көбіне толық емес отбасыларынан шығады, ал Маккарти зорлық бар 
отбасыларда балалар тәртіпсіз болып өседі деп есептейді.Д.Ж..Джонс, Л.Штраус колледж 
студенттерінен, олардың зорлық формалары қандай болғаны жөнінде мәліметтер 
жинаған.А.Бандура, Басса-Дарки, Л.Страус жүргізген лангитюдтік зерттеулерін дәлелге 
алуға болады. Сонымен қатар, А.Л.Варга мен В.В.Столин,А.Е.Личко ата-ананың балаға 
қарым-қатынасын анықтайтын тест сауалнамасы, отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы 
сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен 
баланы жақындатуының маңызын — Ю.П.Азарова, И.В.Гребенников, Т.А.Маркова, 
АГ.Харчев т.б. белгілеген.Ал біздің елімізде бұл мәселені зерттеген ғалымдар Ж.Әбиев, 
Р.Төлеубекова, Г.Байдельдинова, Б.Айтмамбетова, С.Қоңырбаева және т.б. ғалымдар 
тарапынан кеңінен зерттеп келеді. [2,119 б] 
Педагогикалық -психологиялық тұрғыдан зорлық-зомбылық мағынасына алуан түрлі
түсініктемелер беріледі. 


232 
Необихевиоризм бойынша жеке тұлғаның басынан кешкен әлеуметтік тұрмыстық
қиындықтарынан туған фрустацияның зардаптары деп есептеледі.(Дж.Доллард, Н.Миллер, 
А.Бандура). Ал когнитивизм бойынша субьектің дүниетанымының сәйкессіздігінің
нәтижесінде туындайтын зомбылық.( Л.Фестингер, Г.Тешфел) 
Балалармен зорлық-зомбылық қатынас жасаудың негізгі 4 түрі бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет