ОТБАСЫНДА БАЛАЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІ Назымбекова Г.К Ғылыми жетекшісі: Кусаинова А.Ж.,педагогика және психология магистрі, лектор
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшeтaу қ.
nazymbekova.gulzhan@gmail.com Қазақстан тәуелсіздікке, егемендікке ие болғаннан кейін деморкратиялық зайырлы
мемлекет болып қалыптасуда. Қазақстан азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша
құқықтық тәрбие мен білім беру қажеттілігі туып отыр. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі,
мәдениетті, білімді болуы ең алдымен ата-анадан, отбасы ошақ қасынан басталады. Отбасы
- адам қоғамының ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестігі. Отбасы
берекесі, ондағы «ахуал» оның мүшелерінің барлығына әрдайым әсер етеді. Сондықтан да ата-
бабаларымыз отбасын құруда әдеп сақтап, берекесін кетірмеуге өте ұқыптылықпен қараған.
Ол туралы Қазақстан Республикасының заңында мынадай анықтама берген: “Отбасы
некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де
нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге
байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар
тобы. Отбасы қарым-қатынастарына физиологиялық, психологиялық, әдет-ғұрып және
мүліктік аспектілері жатады”[1]
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Бірақ кейбір ата-аналар
өздерінің жұмыс бастылығымен балаларының бос уақытын дұрыс қадағалай алмағандықтан,
көп жағдайда балалар тәртіп бұзушылыққа барады. Себебі Қазіргі қоғамдағы
жеткіншектер
арасында нашақорлықтың, зорлықтың, ұрлықтың, бұзақылықтың орын алуы және заңдарды
бұзушылық, адамның өз құқықтарын қорғау тәсілдерін білмеуі әлі де болса кездесіп тұрады.
Зерттеліп отырған мәселенің теориялық негізі шетел ғалымдары Э.Дрюкгейм, М.Вебер,
Т.Парсонс және т.б; ТМД ғалымдары Г.П.Давыдов, Н.М.Кейзеров, И.Ф.Рябко және т.б