290
аңсаған ұлтжанды қазақ азаматының тағдыры бейнеленген. Бұл шығармасы араб, орыс, неміз,
ұйғыр тілдеріне аударылған.
Қуандық Түменбай – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өмірдің қиындықтарын,
қоғамда орын алған келеңсіздіктерді ашық көрсете білген тілі уытты жазушылардың
қатарында. Жазушының «Қобыздың мұңы» деп аталатын жинағына енген шығармаларына
тоқталып өтелік. Тағы бір айта кететін жайт, жазушының туындыларын ғана тән бір ерекшелік
– өмірдің көлеңкелі тұстарын ашып, қоғамдағы келеңсіз оқиғаларды шынайы жеткізу.
Мәселен, «Түрмедегі торғай» деп аталатын хикаятын алсақ, қоғам мен адам, өмір туралы
толғаныстан басталған хикаятта «Түрмесіз өмір жоқ. Адамзат бостандықта қалай өмір сүрсе,
түрмеге де солай көндіккен. Бірақ, адамның болмысы қызық. Олар өздерін емдеп, сәбилерді
өлімнен алып қап жүрген ақ желеңді дәрігерлерден гөрі қызыл жаға тәртіп сақшыларын артық
көреді. Тіпті, бірге отырған жерде дәрігердің дәрежесін төмен санап, әлгілерден именеді» [3]
дей отырып, екі мамандық иесінің өмір мен тыныс-тіршілігі арқылы мамандық иелерінің
қоғамдағы шынайы орнын ашып көрсетеді.
Жазушы Қ. Түменбайдың прозаны «Түрмедегі торғай» деп атауының да өзіндік себебі
бар. Негізінен әңгіме түрмеге ұя салған қараторғай жайында емес, қоғамдағы озбыр жайттар,
яғни торғайдай шырылдаған жас дәрігердің қыл үстінде тұрған тағдыры жөнінде болмақ.
Табиғаттың төсінде ешкімге зияны жоқ, өз күн көрісімен жүрген кіп-кішкентай құстың
ғұмырын адам өмірімен салыстыра көрсетіп, параллелизм стилін шебер пайдалана білген.
Жазушының басты ұстанымы – тірі жанның киесі бар деген тұжырым секілді. Қуандық
Түменбай «Түрмедегі торғай» хикаятында заманға сай төңіректе болып жатқан жайттар мен
оқиғалар арқылы өз оқырмандарына терең ой салады.
Жазушы Қ. Түменбайдың көршілікке ой салар тағы бір шығармасы – «Бекеттегі
бейкүнәлар». Жазушы романда басты кейіпкер – қазақ ұлтынан шыққан алғашқы диссиденттің
бірі Халелдің өмірін суреттей отырып, сол арқылы өте қымбатқа түскен және аңсап жеткен ел
тәуелсіздігіне қандай жолмен жеткеніміз туралы баяндайды. Оқырманның көз алдына
тәуелсіздіктің қандай бақыт екені, оған жеткен жолдың қандай ауыр екені елестейді. Оқиға
желісінің оқырманды бей-жай қалдырмайтыны анық.
Қорыта келсек, жазушы Қуандық Түменбайдың алты томдық прозалық шығармалары,
хикаяттары мен әңгімелерінде қоғамның ащы шындығы мен тарихи, халықтық сипатқа ие
болған имани мәселелерді, ауыл адамдары мен қала тұрғындарының өмірі мен тұрмыс-
тіршілігі, күнделікті тұрмысына қатысты ақиқатқа толы жайттарды шеберлікпен бейнелеп,
күрмеуі күшті күрделі мәселелердің шешімін табуға тырысады.
Әдебиеттер
1. Дәулетұлы А. Қуандық Түменбай. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 110 б.
2. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің ғасыры. – Астана: Күлтегін, 2002. – 582 б.
3. Түменбай Қ. Қобыздың мұңы: хикаяттар мен әңгімелер. – Астана: Фолиант, 2008. – 360 б.
Достарыңызбен бөлісу: