Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет168/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Тергеуші: 
Ешкімнің ақы тӛлемесі анық. Жарайды қазіргінің кейбір жазушылары ертеңгі 
күні мақтанатынын біліп отырып жазады. Ал сіз ше? Сіз ертең тергеуде отырып, 
сотталатыныңызды біліп жаздыңыз ғой. 
-
Ахмет Байтұрсынұлы: 
Балам, ақталатын адам да, сотталатын адам да ӛмір сүреді, ӛледі. 
Бірақ екеуіндегі мазмұн екі басқа. Жақын туысың, айнала жұртың тұтас қауымыңның 
қорлықтағы ӛмірі сені тыныш ұйықтата ма? Олар үшін қылған еңбегің ақтан емес, міндет. 
Менде тейттейде ӛкініш жоқ. Мен де, сен де бір күні ӛлеміз. Мен не тірлік қылсам да ұлтым 
үшін жасадым. Мен білдім және біле тұра істедім. Егер қайта туылсам бұл ісімді қайта 
істеймін. Мен бұл жасағандарымнан ешқашан ӛкінбеспін. 
Жоқ! Жоқ! Сӛнген жоқ, ӛлген жоқ ол. Бойындағы күллі күш қуатын, барлық мүмкіндігін 
езгіге түскен елі үшін сарықа жұмсаған саңлақ ер. Жер бетінде қазақ барда сен барсың. 
Бүгінгі ұрпақ сенің басып ӛткен жерлеріңнің топырағына басын сүртер. Әрі талай жыр етер, 
қуат алар. Күрделі уақыт тудырған күрескер перзент. Ӛлді деуге бола ма, айтыңдаршы, 
ӛлмейтұғын артына сӛз қалдырған. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1.
Қыдыршаев А.С.Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы.Моно- 
графия.Орал:БҚМУ,1998.-132б 
2.
Ахаң туралы ойлар // Қазақстан мектебi.-1998.-№ 6.-3 б., 
3.
Байтұрсынов А. "Тіл тағлымы"А,"Ана тілі" 1992 
4.
Қамаева С. Әліппенің атасы.Бастауыш мектеп. 1998 
5.
«Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмі 


313 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ГРОТЕСК ЖӘНЕ КҮЛКІНІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Тұрсын А.Н. 
Ғылыми жетекші: Смагулова.К.Н., 
Aqerketursyn@mail.ru 
 
Әдеби тіл жай тіл емес, көркем тіл, баурап алар сұлу сөз. Жаңа әдебиеттегі 
тілкөркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды, көзбояушы жалт-жұлтта, күлдібалам бояуда 
емес,сөздің табиғилығы мен тазалығында, қарапайымдылығы мен нақтылығындажатыр. 
Қазіргі қазақ әдебиеті үлкен сынақ, өзгеріс алаңына айналды десек болады. Бүгінгі 
әдебиетімізден түркілік сарындар да, сатиралық, драмалық бағыттар да, мистикалық, 
мифологиялық бағыттағы көркем шығармалар да бой көрсетіп жүр. 
Кеңес одағының тұсында жабық, жұмбақ болған тақырыптар да жаңаша үлгімен ашылып 
жазылуда. Оған өзіміздің оқып жүрген шығармалар дәлел бола алады. Қазақ әдебиеті қашанда 
ұлттың сөзін сөйлеуден қалыс қалған немесе айныған емес. Өзекті тақырыптар қашанда 
қозғалып келген, әлі де ол үрдіс тоқтаған жоқ. 
Қазіргі қазақ прозасында әлеуметтік тақырыпта жазып жүрген жазушылар бар, дегенмен, осы 
тақырыпты әлеуметтік сатира, гротеск, сарказм әдісі арқылы жазатын жазушылардың көп 
болғаны артықтық етпейді. Осы жерде ең алдымен осы ұғымдарға тоқталып өтсем.
Сатира – өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға 
алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Ол қоғам ішіндегі жағымсыз болмыс, 
құбылыстарды, адамбойындағы ұнамсыз, жұғымсыз мінез-құлық, әдеп-тәртіптерді әшкерлеп, 
күлкіге жығу,келемеж ету ниетімен жазылады.
Сарказм –  күлкі етудің бір түрі, зілді кекесінмен әжуалау. Гротеск – фантастикалық 
формада күлкі мен қорқынышты, сұрықсыздық пен асқақтықты байланыстыратын, 
үйлеспейтін жайларды үйлестіріп, нақтылық пен жүзеге аспайтын нәрселерді, қазіргі мен 
келешекті араластырып, қайшылықтырды ашып көрсететін күлкі тудыру тәсілдерінің бірі. 
Аталған үш ұғымның да бір-бірінен ауылдары алыс емес екені көрініп-ақ тұр, десе де бұл 
құбылыстарды әдебиетте оның ішінде әңгіме жанрында қолданудың өзіндік ерекшеліктері 
болатынын айтып өткен жөн. 
Әдебиет әлемінде сатира, юмор жанрлары бойынша адамзат танып сатирикдеп 
мойындаған жазушылар саусақпен санарлық. Ал төл әдебиетіміздегі фольклорда халыққа жат, 
дұшпантектес, арам ниетті жезтырнақ, мыстан кемпір тәрізділерден кейінгі ертегі қазақ 
арасындағы күлдіргі адамдардың жинақталған прототиптері Қожанасыр, Алдар Көселерді 
айтпағанда ақын-жыраулар Бұхар, Шалкиіз, Шөже, Базар, Махамбет, Сүйінбай, Біржан, Ақан 
сері т.б. әдебиеттегі белді өкілдер түрлішекомикалық образ жасау, тіл қолдану қағыту, 
мысқылдау, күлкі қылу тәсілдерінәдебиетке әкеліп, қазақ сатирасын қомақтандыра, дамыта 
түсті. 
Бұдан бөлек мысал жанрында да бұл шығармалар біршама бой көрсетті. Осы сөзімізге 
дәлелдеме келтірмес бұрын, бірінші мысал ұғымына анықтама беріп кетсем.Мысал қай 
халықтың болса да өміріне ыңғайлы ескіден келе жатқанауызекі әңгімеде, фольклорлық 
дүниелерде көп кездесетін түр. Өйткені ол - өмірдің қат-қабат құбылыстарын пернелеп 
жеткізетін өміршең жанр.Мысал қара сөз түрінде де, өлең формасында да жазыла береді. 
Әлемдік әдебиет тарихында олар қатарласа дамып, мысалшылардың талант-дарынынатқарай 
кейде прозалық, кейде поэзиялық түрлері көркемдік биіктерге жетіпотырды. 
Осы мысалдарды орыс тілінен қазақ тіліне аударудың алғашқы дәстүрі Ыбырай 
Алтынсаринннен бастау алып, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсыновтарға жалғасты. Бұл 
тұлғалардың орыс жазушыларының ішінен И.А.Крыловтан көптеп аударғанын білеміз. Ал 
И.А.Крылов мысалдарының қоғамдық-әлеуметтік мәні оқырман арасына кеңірек тарап 
қарапайым оқырманға түсінікті де қызықты, астарлы болып келуімен арта түсті. Осынау 
шағын жанр - ой жеткізудің шағын формасы үлкен мағынаны сыйдырарлық құдіретке ие еді. 


314 
Сондықтан да: Басқаларға ұқсап, мысалды тек мысал шеңберінде қалдырмай, оған 
өткірсатиралық мән берген нағыз данышпан орыс тілді адам И. А. Крылов болса, қазақ 
халқына сатиралық астарлы мағынамен әсер еткен Ахмет Байтұрсынов болды. Ол өзінің 
мысалдарында сұрықсыздық пен асқақтықты, күштінің әлсізге тырнақ батыруын, күлкі мен 
қайғыны, нақты өмірде кездесетін және кездеспейтін сюжеттерді келтіреді. Байқап қарасақ бұл 
өзіміз зерттеп қарайын деп жатқан гротеск тәсіліне ұқсап кетеді. Яғни Ахмет Байтұрсыновтың 
шығармаларының өзекті болып, жылдан жылға, ғасырдан ғасырға құндылығының арта түсуі 
осындай әдебиет тәсілдерді дұрыс қолдана білгенінен деп ойлаймын. 
Мұхтар Әуезов бірде: «Жалпы, сықақ, көңіл ашар күлкі түрі де газет үшін, 
әдебиетіміздің ескілік қалдығы сияқты әр алуан міндермен алысуы үшін де аса қымбат… 
Кейде әзілі, кейде зілі кезектесіп отырмаса, әдебиет өзінің тәтті, дәмді қызығынан, ыстық 
лепті, жанды жалынынан айырылады» деген екен. Осы пікірге толықтай қосыла отырып 
Темірбек Қожакеев өзінің «Сатира негіздері» еңбегінде сатира, юмор әдебиеттің тұздығы, 
оның дәмін кіргізер, тұшымын арттырар сарала сорпасы. Сонымен тұздықталған әдебиетті 
оқыған, тыңдаған жұрт рахаттанып күледі, оның парқын біледі, айта-айта жүреді-дейді.[1]. 
Сатира, юмор саласына елеулі үлес қосқан жазушыларымыз баршылық. Олар: 
Садықбек Адамбеков «Қожанасыр қақпасы», «Көсенің көзі» , «Аюбайдың ажалы», Қазыхан 
Әшенов «Ара», Алпысбай Боранбайұлы «Қызық кітап» . Бұл қаламгерлер өз кезеңіңдегі 
билікті, үстемтап өкілдерін сынап, астарлы зілмен шығармаларына арқау еткен болатын.
Ал гротеск жанрына келетін болсақ бұл жанрда ерекше сөз саптауы мен ғажайып 
шығармаларымен көзге түскен Тұрсынжан Шапай десек қателеспегеніміз болар. Ол кісі 
«Тарғыл», «Сайтан», «Ауыз бен құлақ» деген шығармаларында түрлі деңгейде гротескілік 
ұлғайту тәсілін пайдаланып, қоғамдағы, адам болмысындағы келеңсіздіктерге, мәнсіз, 
мағынасыз тірліктерге көңіл аудартып, әжуалап, келеке етеді. Ол кісіден бөлек «тың 
тақырыптың тарланы» аталған Д.Исабековтің де гротеск жанрына байланысты жазылған 
шығармалары бар.Олар: «Ескерткіш», «Социализм зәулімі». Ең алдымен Тұрсынжан 
Шапайдың мысал үлгісінде жазылған «Тарғыл» шығармасына назар салатын болсақ. Бұл 
шығармада автор қаладан келген мысық жайында баяндайды. 
Ол мысықтың қай жерден 
келгенін ешкім білмейді. Денесіндегі тарғылына қарап жұрт оны жолбарыстың мысығы екен, 
жабайы екен десіп, сөз солай тарап кетеді. Өзі де басқалармен солай танысады. Жолбарыстар 
оны еркелетіп, ойнатып қызық көріп жүреді. Көпшіліктің арасында атағы аспандап, мұрнын 
көкке шиіре береді. Жолбарыстардың абыройын түсіріп, мысықтардай болуымыз керек, сонда 
жер әлемге де сыямыз деп үндеу айтады. Тіптен жолбарыстар мен мысықтар арасында аралас 
некені орнатуымыз керек дейді. Өзі де осы жолды ұстанып сұлу жолбарысшамен көңіл қосып, 
ақырында бұл жасағанынан түк те шықпай екі айдан соң “мінезіміз жараспады, бір-бірімізге 
келмейміз” деген жалған сылтаумен ажырасып тынады. [2,12] Арманы жолбарыс болу болып 
жүрген тарғыл мысық бір күні бір жолбарыспен теке тіреске түсіп қалып, жолбарыс абайсызда 
қолымен қағып жібергенде мерт болады. Бүкіл шаһар аза тұтып тарғылды жоқтайды. Соңына 
келгенде бәрібір жұрт тарғылдың шын мәнісіне келгенде мысық екенін білмей де қалады. 
Автор бұл шағын ғана мысалында гротескімен қоғамдағы әліне қарамай билікке ұмтылып, 
көтере алмайтын шоқпарды белдеріне байлап, ел мен жұртты әбігерге салып жүрген кейбір 
билік өкілдерін сынап, әжуалайды. «Әлін білмеген әлек» демекші «аңқау елге арамза молда» 
болам деп жүріп сан соқпасқа кім кепіл деп, тарғылдың өмірін сабақ етіп, «көп асқанға бір 
тосқанның» соңы осылай болатынын айтып кетеді.
Ал, Д.Исабековтің «Ескерткіш» әңгімесі жайлы сөз етер болсақ бұл әңгіменің алғашқы 
беттері диалог арқылы басталады да, әңгіменің басты кейіпкерлерінің бірі саналатын 
аудандық партия комитетінің секретары – Жанайдаровтың телефонмен тілдесуі арқылы оның 
барлық бітім-болмысы, әлеуметтік жағдайы, дүниетанымдық көзқарасының ерекше, шебер 
берілуі оқырманды тәнті етеді. Д.Исабеков – диалог кезіндегі әрбір бейненің көңіл-күй 
нюанстарын бақылап, жіті аңғарып, олардың бет-жүзіндегі өзгерістерді түгел суреттей біледі. 
«– Алло, – деді, ол даусын әрі шаршаған, әрі таң атпай жұмыстан басқаны ойламай 
отырған іскер адамның мақамына салып, маңғаздана... – Тыңдап тұрмын! Жанайдаров! Ә-ә, 


315 
сәлеметсіз бе? Тұрсын Сатанович! – Оның әлгі самарқау маңғаздығынан тұқым да қалмай, 
трубканың ішіне еніп кете жаздады. – Қалай, денсаулығыңыз жақсы ма? «Тұмауратып қалды», 
- деп естіп едім, құлан-таза айығып кеттіңіз бе?» [3, 456]. Осы бір қысқаша үзіндіде автордың 
кейіпкер психологиясын, мінезін, жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын сөйлеу кезінде қатар 
қадағалайтыны көрінеді. Адамның мінез өзгерісін, белгілі бір сәттердегі сезім-күйлерін 
тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мән-мағыналы бейнелеуде диалог – ерекше тәсіл екеніне тағы 
бір дәлел болды-десек қалт айтпағанымыз. 
Д.Исабеков шығармашылығына тән тағы бір ерекшелік – кейіпкер тіліндегі 
өзгешеліктерді аңғарту арқылы сатиралық портреттер жасауы. Көбіне әңгіме көлемі шағын 
болып, кейіпкерлердің әрқайсысына жеке, кеңінен тоқталуға мүмкіндік бермейтіндіктен, 
оларды диалог үстінде таныту тәсілін жазушы шебер ұстанады. 
Д.Исабековтың стиліне тән тағы бір негізгі белгі – сөз тіркесінің жатықтығы, 
қарапайымдылығы, әр алуан жасанды әдебилікке бой ұрмай, диалогты өмірдегідей қалпында 
беруі.
Мысалы, райком адамдары Әштенді «Ескерткіш» болып, бір сағат тұруға көндіруге 
келген тұстағы мына бір диалогқа зер салайық: 
« – ... Бірақ бір сағаттан асса, ағылшын-мағылшыныңа қарамаймын, секіріп түсем де, 
кете берем, – деді ол, қырсық мінезіне салып. 
– Байқа, обком хатшысы болады. 
– Болса қайтейін, хатшы болса, өзіне хатшы. Осы уақытқа дейін бір мүсінді 
дайындауға ықпал ете алмаған хатшының кісімсігені кімге керек? – деді Әштен 
нұсқаушылардың зәресін одан бетер алып» [3, 464]. 
«Ескерткіш» әңгімесінде Д.Исабеков юмор, гротескі арқылы ащы шындықты 
әшкерелегісі келген. Мұнда сол өмір сүріп отырған жүйенің әміршілдік сипаты, бір билікке 
бағынудың салдары бейнеленген. Әңгіменің құндылығы да сонда: кешегі мал бағып, тері 
илеген қазақтың ұрпағы бір шөлмек арақтың құлы болып, биліктің дегеніне көніп, тірідей 
ескерткішке айналып тұрғаны келеңсіз құбылыс ретінде эстетикалық тұрғыдан суреттеледі. 
Қорыта келгендеосы мақаланы жазу барысында қазіргі қазақ әдебиетіндегі күлкі жайлы, 
гротеск тәсілдері жайлы әлі де зерттеуді қажет ететін жайттар көп екені байқалады. 
Әдебиеттер тізімі 
1.
https://qazaqadebieti.kz/26492/yzaly-k-lkini-zi-aj-y-sha-yrady
 
2.Шапай.Т. Қазақтың жаны. Астана. Елорда.2001. 
3.Исабеков.Д. Таңдамалы шығармалары-Алматы, 2014 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет