Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН



Pdf көрінісі
бет169/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
ДАМЫТУ 
Тыныштық Дариға Бахытқызы 
Ғылыми жетекшісі: Тезекбаева Н.Ш. педагогика ғылымдарының магистрі 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
tynyshtykdariga2002@mail.ru
 
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухани жағынан, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге 
ден қойып, олардың қоғамда өз орындарын табуға,кірпіш болып қаланып кетуіне көптеген 
үлес қосылу керек.
Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы, шығармашылық қабілеті,бір 
затқа икемділігі кіші жастан яғни бастауыш сыныптан басталады. Өркениетті қоғамға 
талантты адамдар керек. Қазіргі дамыған қоғамда жан-жақты,білімді,жоғары мәдениетті, 
жұмысты шығармашылықпен істей алатын адам қажет. Бүгінгі ақпараттың ғылымның, 


316 
техниканың, мәдениеттің жедел дамуы процесінде мұғалімнің де шығармашыл қабілеті дамуы 
керек. Сонда ғана мұғалім белгілі оқушы бойындағы қызығуды,қабілетті байқап қалады. 
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы өте зор. Ал, әрбір баланың 
мүмкіндігі мен қабілеттерін өз уақытында тану, көру, іске асыруда отбасы және мектептің рөлі 
маңызды. Осы тұрғыда отбасында ата-ана, мектепте мұғалімнен көп көмек берілуі керек. Әр 
бір бала қабілетті.Сол қабілетті оқушы бойынан таба білуі,байқай білуі және онымен жұмыс 
жасау арқылы жетілдіруі мұғалімнің қызметі. Оқушы бойындағы қабілетті байқай алатын 
мұғалімнің өзі де шығармашылыққа жақын, түрлі шығармашылық жұмыстарға жаны құмар, 
қабілетті болуы керек. Мұғалім өз мұғалімдік мамандығын сүйе білуі керек.Осы орайда 
мұғалімдік мамандық дегенге орыс педагогы В.А.Сухомлинский өз ойын білдірген болатын: 
«Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты,шым-шытырығы мол 
рухани жан дүниесіне үңіле білу». Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол 
даналықты жүректен ұға білу болып табылады» Мұғалім өз пәнін жақсы білетін,білімді де 
білікті,барлық іске қабілетті болуы керек.Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге 
тиіспіз?Өзінің оқытатын пәнін терең білуді,адал да сезімтал жан дүниесі болуын… Д.Дидро. 
Сонымен қатар Д.Дидро айтқандай мұғалімнің сезімтал жан дүниесі де оқушыларды өз 
таза,нәзік жүрегімен баурап алатын, оларға мейірім көзбен қарайтын жанашыр болуы да 
қажет. Дәл осындай мұғалімнен болашақта адал, парасатты,әдепті, бойынан барлық 
адамгершілік қасиеттер табылатын, білімді,зерделі,шығармашылық қабілеттері дамыған 
оқушылар шығады.
Қазіргі мектеп талабы- әрбір оқушыға терең,сапалы білім беру. Сондықтан мектеп 
жоспарында баланың білім, білік, дағдысын қалыптастыруға, 21 ғасыр оқушысының бойынан 
табылу керек дағдылар, шығармашылық қабілеттер, сыни тұрғыда ойлауын, функционалдық 
сауаттылығы жетілген оқушыларды бейімдеу болып табылады. Мұғалім әр түрлі 
педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, баланың пәнге деген қызығушылығын 
арттыра алуы қажет.Сонда ғана оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабақты 
зейін қойып тыңдап, сабаққа деген құлшынысы артып және оқушының бойынша 
шығармашылық қабілеті де артады. Мұғалім ең бірінші оқушының қай сфераға 
қызығушылығы барын байқау керек. Яғни оқушының сурет салуға деген қызығушылығы бар 
ма немесе өлең айтуға деген қызығушылығы бар ма және т.с.с Мұғалім оқушылардың сабаққа 
деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, белгілі бір жетістікке жету үшін әрі қарай 
сабақ тақырыбы бойынша шығармашылық тапсырмалар беруі қажет.Мектептегі әрбір оқушы 
әрбір іске икемді, әрбір затқа қызығушылығы бар және шығармашылық қызығушылығы 
байқалады. 
Алдыменен шығармашылық дегенге түсінік беріп кетсек.Шығармашылық бұл-адамның 
қызығуынан туған, соған икемі бар,жаңа нәрсені жасауға негізделген іс-әрекет.Адамның ой 
қиялында, шығармашылығында шек жоқ. Шығармашылық қабілет тек таңдаулы адамдарда 
немесе талантты адамдарда ғана болмайды. Ол барлық адамның бойынан табылады. 
Шығармашылық жұмыс кезінде ең негізгі рөл қиялға беріледі. Яғни адамның ой қиялы 
шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылықпен айналысқан көптеген адам жетістікке 
жетеді.Адам ол істен рахат алады және әрі қарай шабыттанады. Ол ой қиялында тұрған нәрсені 
шығармай тыным таппайды. Шығармашылықтан туған нәрсенің барлығы бағаланады.Белгілі 
бір іс-әрекетті жасауда әртүрлі деңгейде көрінетін жеке қасиеті,адамның дара психологиялық 
ерекшелігі-қабілет деп аталады. Барлық адам бір қабілет күшке ие. Қабілет туралы тұжырым 
бұл – сонау ерте заманнан бастау алады. Баланың қабілеті жайлы біздің заманымызға дейінгі 
кезеңдердегі ұлы ойшылдарымыз өз тұжырымдамаларын, өз ойларын,өз еңбектерінде 
ашып,білдіріп кеткен. Мысалы: Сократ өз оқушыларына аса қамқорлықпен қараған,олардың 
әрбір жеткен жетістігіне,әрбір жасаған жұмыстарына, әрбір қызыққан нәрселеріне 
қуанған.Оқушыларының дамуына өз үлесін қосып отырған.Ал бертін келе тұлға 
шығармашылығының 
маңызы 
жайлы 
көрнекті 
біздің 
қазақ 
ойшылдары 
мен 
зиялылары,ағартушылары атап айтар болсақ: Әл-Фараби,Ж.Баласағұни, А.Құнанбаев, 
Ш.Құдайбердиев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ақын-


317 
жазушыларымыз бірқатар еңбектерінде,өлеңдерінде көрсетіп,қарастырып өткен. Ұлы 
ақын,ойшыл, біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам А.Құнанбаев өзінің 
еңбектерінде соның ішінде қара сөздерінде бала отбасында өмір келгеннен бастап, анасынан 
немесе отбасынан берілген қабілеттерді әрі қарай дамытуды, қалыптастырып, шыңдау 
керектігін назарға алған. Сонда ғана ол бала өмірінде пайдаға асатынын айтқан. Ал қалған 
байқамаған қабілеттер сол күйі шықпастан көрместен бара-бара жойылып кететінін 
нақтылаған. Адам бойында кездескен қабілетін әрі қарай жетілдірсе, онда ол адам белгілі бір 
жетістікке, көздеп жүрген мақсатына жетеді.Осы тұста Роберт Де Нироның сөзі: «Тәуекелге 
бара алмайтын жандар өздерінің икемділігін, қабілеттілігін аңғармайды.» яғни тәуекелге бел 
буып, беріліп тұрған жұмысқа кіріссе онда оның бойынан сол нәрсеге деген қабілетінің 
қаншалықты бар екенін аңғарар еді. Сол затқа деген қабілетіңізді белгілі бір тапсырмаларды 
орындағанда мысалы:ән айтуға деген қабілетіңізді сіз ән айтып көру арқылы біле 
аласыз.Демек өз-өзіңізді тексеріп көру қажет.Сол секілді мектеп қабырғасынан бастап 
оқушылардың қай салаға қабілетті екендігінен мұғалім хабардар болуы қажет. Қабілеттілікті 
байқау оның ішінде шығармашылық қабілетті байқауда көптеген әдіс-тәсілдерді қолданса 
болады. Қарапайым сабақтың белгілі бір кезеңінің өзінде тақырыпқа сай топтарға ән айтып 
жарыстыру әдісін немесе ойынын алса болады. Сол арқылы қай оқушының әнге деген 
жақындығы бар екенін және тыңдау барысында кімнің тыңдалымы жақсы екендігін аңғаруға 
болады.Әрі қарай сол оқушымен жұмыс жасау арқылы, киелі сахнаға шығарып, түрлі 
мектепішілік, аудандық әрі қарай облыстық т.б байқауларға қатыстырып, жұлдызының жанып 
кетуіне септігін тигізсе нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар би билеу,сурет салу,қолөнер, 
көркемсөз оқу, робототехникамен айналысу монолог оқу,актерлық шеберлік секілді 
оқушылардың бойынан түрлі қабілеттер табылып жатады. Және тағы да қабілеттерін байқауға 
болатын ең тиімді іс-әрекет сыныптан тыс тәрбие сағаттары. Тәрбие сағаттарының бұл 
жағынан септігі орасан зор. Тәрбие сағатында барлық оқушылар өз қиял, ойларын ортаға 
салып,барынша дайындалады. Сабақ процесінде тақырып бойынша өлең шығар деген 
тапсырманы оқушыларға беру арқылы кімнің өлең шығаруға деген қабілеті бар екендігін біле 
алуға болады. Еңбек және бейнелеу өнері сабақтарында оқушылар кесте тоқу, сурет салу, 
бисермен жұмыс т.б шығармашылық жұмыстармен айналысады. Қазіргі кезде оқу-тәрбие 
процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері негізінде тек 1-сыныптар 
үшін «Еңбеке баулу» пәні «Көркем еңбек» оқу пәнінен ажыратылып,бөлек пән ретінде 
оқытылып жатыр.«Еңбекке баулу» пәнінің мақсаты – білім алушыны еңбек іс-әрекетіне 
дағдыландыру, олардың қарапайым құралдармен және әртүрлі материалдармен жұмыс жасау 
біліктілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.Сол секілді 
«Бейнелеу өнері» пәні де «Көркем еңбек» оқу пәнінен ажыратылып,бөлек пән ретінде оқытылу 
үстінде.
«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың басты мақсаты - білім алушының қоршаған ортаны 
бейнелі қабылдау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды көркем өнерге баулу.
Оқушыларды шығармашылық жұмыспен айналыстыру: 
-өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады; 
-уақытты тиімді пайдаланады; 
- сыни көзқараспен қарауға үйренеді; 
- шығармашылық қабілеті артады; 
- шығармашылық жұмысқа бейімделеді т.б. 
Осы іс-әрекеттерді жасау арқылы оқушы бойында шығармашылық ізденіс пайда болады.
Оқушы бойында шығармашылық қабілет даму арқылы ізденімпаздық,ұшқыр ой-қиял, 
шығармашылыққа деген құштарлық байқалады.Шығармашылықпен айналысу бұл- 
оқушының өмірде өз орнын таба білуіне, көптеген жетістіктерге жете білуіне 
көмектеседі.Шығармашылықпен айналысып жатқан оқушыларды мұғалім мақтай,мадақтай 
білуі керек.Сендердің қолдарыңнан келеді! Мен сендерге сенемін! Сонда оқушы шабыт алып, 
жасап жатқан шығармашылық тапсырмасынан екі есе жетістікке қол жеткізеді. 
Қорыта келе «Әрбір бала бір жұлдыз,жарқырауына жәрдем ет» демекші әр баланың өмірде 
өз орнын табатындай көмегімізді көрсетейік. 


318 
Әдебиет 
1. Таубаева Ш.Т,Иманбаева С.Т,Берикханова А.Е «Педагогика» Алматы,2018 жыл. 255 б 
2.Тұрғынбаева Б.А «Ұстаздық шығармашылық» Алматы, 2007 жыл 
3.Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Алматы, 1999 ж. 47б. 
4. Есқалиева.С «Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі» Астана, 2014 
жыл.145 б 
5. Мұсаева С.А, Бегалиев Т.Б «Жас ерекшелік педагогикасы»Астана,2010 жыл. 423 б 
6.Бабаев С.Б «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы, 2007 жыл. 155 б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет