Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


Жасанды интеллектің мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет261/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Жасанды интеллектің мүмкіндіктері
Жасанды интеллект қазірдің өзінде көптеген салаларда қолданылады. Бизнесте ол 
өнімділікті арттыруға, процестерді қадағалауға , шығындарды азайтуға және өнімдер мен 
қызметтердің сапасын жақсартуға көмектеседі. Медицинада жасанды интеллект ауруларды 
диагностикалауға, олардың дамуын болжауға және науқастарды емдеуге көмектеседі. 
Сонымен қатар, жасанды интеллект армияда ұшқышсыз ұшатын аппараттарды автоматты 
басқару, барлау және мәліметтерді өңдеу, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника 
саласындағы жаңа технологияларды әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін. Білім беруде жасанды 
интеллект оқу процестерін автоматтандыру, жеке оқыту бағдарламаларын құруға көмектеседі 
деп ойлаймын.Білім сапасын жақсартуға және де өте ыңғайлы бағдарламау жүйесін құруға 
көмектеседі. 
Жасанды интеллекттің қауіптілігі 
Дегенмен, артықшылықтармен қатар, Жасанды интеллекттің қауіпті болуы да мүмкін. 
Ең көп талқыланатын қауіптердің бірі - жасанды интеллект адам жұмысшыларын 
алмастырып, көптеген адамдарды жұмыстан шығарып, экономикалық тұрақтылыққа қауіп 
төндіреді. Сонымен қатар, Жасанды интеллект жаңа қаруларды жасау үшін қолданылуы 
мүмкін. Сондай-ақ жасанды интеллект тым көп күшке ие болуы және адам өміріне қауіп 
төндіруі мүмкін және оның жұмыс процесін бақылауды жоғалту мүмкіндігі. 
Британдық ғалым Стивен Хокинг жасанды интеллекттің (ЖИ) дамуы туралы адам 
баласының ықтимал жойылуының нақты себебі ретінде жиі айтқан. 
2017 жылдың сәуірінде Стивен Хокинг Бейжіңде Жаһандық мобильді интернет 
конференциясы аясында өткен бейнеконференцияда:«Жасанды интеллекттің дамуы адамзат 
үшін ең жағымды және ең қорқынышты факторға айналуы мүмкін. Біз оның ұсынатын 
қауіптілігін білуіміз керек», - деп атап өтті ол. 
2018 жылы SpaceX, SolarCity және Tesla Motors компанияларының жетекшісі Илон Маск 
бастаған жасанды интеллект туралы фильм шығарып өз ойын айтып кетті.Олардың көбісі 
жасанды интеллекті бақылауда ұстау керектігін атап өтті.Илон Маск жасанды интеллект қаупі 
жайлы Біріккен ұлттар ұйымына хат жазып ,жасанды интеллектіге ие әскери қаруларды 
бақылауда ұстау керектігі жайлы айтып өтті.
Басқада көзқарастар бар. Енді жасанды интеллект өзі бағдарламаланған 
тапсырмаларды ғана орындай алады. Болашақта компьютер адамға ұқсайтын өзіндік санаға ие 
бола ма, жоқ па, ол неге айналатынын ешкім білмейді. Адамдар мұндай машиналарды 
бақылауда ұстай алады ма? 
Көптеген мақаларға сүйенсек және жазушылардың айтуынша ,қазіргі кезде бұл сұрақ 
көпшіліті алаңдатады. Мұндай жүйелерді құру үшін заңдық шектеулер мен қауіпсіздік 
стандарттары әзірленетін шығар. Бірақ мұндай шаралар тиімді бола ма, әзірге белгісіз. 
Қалай болғанда да, технологиялық прогресті тоқтату мүмкін емес. Сондықтан біз жақсылыққа 
үміттеніп, Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануымыз керек деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет