Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет328/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

әдемі көйлек
деген тіркесті 
алатын болсақ, екі жеке сөздің тіркесіп тұрғандығын байқаймыз. Екі сөз екі түрлі сұраққа 
жауап беріп тұр. Не? Көйлек. Қандай көйлек? Әдемі көйлек. Яғни, сөз тіркесінің құрамындағы 
сөздер әртүрлі сұраққа жауап беріп, сөйлемде екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып 
тұрғандығын көре аламыз. Ал егерде сөз тіркесінің құрамындағы сыңарларының бірі күрделі 
сөздерден жасалған болса, тек бір сыңары ғана бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады. 
Жоғарыда алынған сөйлемнен мысал келтірер болсақ, 
жұртты тәнті етті.
Не істеді? Тәнті 
етті. Кімді? Жұртты. Берілген сөз тіркесінің басыңқы сыңарының құрамында екі сөздің 
қолданылып тұрғанын байқап тұрмыз және бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бір сөйлем 
мүшесінің, яғни, баяндауыштың қызметін атқарып тұрғандығын көреміз. Сол себепті де, сөз 
тіркесі жеке тұрғанда бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтындығын нақты айта 
аламыз. 
Сөйлем мүшесіне берілген анықтамаларды қорыта келе, мынандай тұжырым шығара 
аламыз. Сөйлем мүшесі – сөйлемде бір немесе бірнеше сөздер мен күрделі сөздердің басқа 
сөздермен қатынастары арқылы белгілі бір арнайы сұраққа жауап беріп, грамматикалық 
мағынаға ие болатын түрі. Жоғарыда қарастырылған ғалымдардың тұжырымын негізге ала 
отырып, осындай өзіндік көзқарас қалыптастыра аламыз. Бірқатар ғалымдардың (Қ.Басымов, 
М.Балақаев, Р.Әміров, М.Серғалиев) тұжырымдарын теріске шығармай, тек өзіндік пікір мен 
талқылау нәтижесінде белгілі бір анықтама қорытып шығара алдық. Сөйлем мүшелерінің 
анықтамаларын қорытындылап болған соң, оның негізгі белгілеріне тоқталып өтпесек болмас. 
Әр заттың, терминнің өзіне ғана тән белгілері болатынын біз бұрыннан білеміз. Белгілі тіл 
маманы І.Бәйтенов сөйлем мүшелері, олардың жасалуына тоқтала келіп, сөйлем мүшелерін 
айыру үшін алдымен мүше басына бірнеше сұраулар сайлап алып, сонан кейін ғана қай мүше 
екенін сол арқылы білу керек деген орыс тіліндегі әлі толық зерттелмей тұрған кездегі пікір 
екенін, сонымен бірге сөйлем мүшелерінің бас-басына сұрау таңдап алу, сол бойынша сөйлем 
мүшелерін дұрыс айырам деудің қате екендігін сынға алады [7; 119-бет]. Яғни ғалымның 
пікірінше, сөйлем мүшелерінің әрқайсысына сұрақ арнаудың қажеті жоқ, тек кейбір 
мүшелерге ғана сұрақ арнау жеткілікті деп санайды. Біз автордың берілген тұжырымына 
келісе алмаймыз. Біздің ойымызша, әр сөйлем мүшесінің өзіне тән арнаулы сұрақтары болуы 
тиіс. Оны біз жоғарыда да айтып, талқылаған болатынбыз. Сөйлем мүшесіне сұрақ қойып, сол 
арқылы қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығын анықтай аламыз. Сондықтан да, 
сұрақ қою сөйлем мүшесінің өзіне тән басты белгілерінің бірі болып саналады. Ғалым 
Т.Сайрамбаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты аталмыш еңбегінде сөйлем мүшелерін 
бастан аяқ талдай отыра, сөйлем мүшесі болудың белгілері мен шарттарын ұсынады. Оны 
төмендегідей етіп бөліп, әрқайсысына тоқталып өткен: 
1) Сөйлем мүшесі болу үшін сөздер бір-біріне қатысты болуы керек. Сөздің өзі сөйлем 
мүшесі болған кезінде мынадай тұлғада кездеседі: 
а) Негізгі сөз, туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз және қысқарған сөз түрінде; 
ә) Сөздің дербес мағынасы бары да, дербес мағынасы жоғы да дара-дара күйінде емес, 
сол негізгі сөз бен көмекші сөздер түйдектеліп немесе өзара қайталануы арқылы жұмсалады; 
б) Сөйлем мүшесі қызметінде тұрақты тіркестер де жұмсала алады; 
в) Сөйлем мүшесі қызметінде сөйлемдер де қатысады; 


594 
г) Сөйлем мүшесі ретінде жеке дыбыстар да қатыса алады [2; 381-бет] . Ғалым осыларға 
қарай отырып сөздің сөйлем мүшесінің жасалуындағы ең басты шарты болуы тиіс деген 
тұжырым жасайды.
2) Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде дара күйінде, күрделі түрінде де қатысады. Ал 
сөздердің күрделі түрлерінің өзін 2 топқа бөлуге болады дейді ғалым: а) дербес мағынасы бар 
сөздердің өзара қатысы; ә) дербес мағынасы бар сөз бен көмеші сөздердің түйдектелуі арқылы 
және де кейде дербес мағынасы бар сөздердің қосақталып жұмсалуынан болған деп бөліге 
болады деп қарастырған; 
3) Сөздер сөйлемге енгенде грамматикалық мағына білдіруі тиіс; 
4) Сөздер сөйлем мүшес болған кезде белгілі бір сұраққа жауап беруі тиіс; 
5) Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде өзара байланысқа енуі керек [2;381-бет]. Көріп 
тұрғанымыздай, ғалым екінші, үшінші, төртінші және бесінші тұжырымда сөйлем мүшесі 
болудың нақты белгілерін ұсынған. Осы белгінің негізінде, біз қорытып шығарған 
анықтаманы ала аламыз.
Белгілі профессор-ғалым Б.Шалабайда синтаксис саласының, оның ішінде сөйлем 
мүшесінің зерттелуіне атсалысқан ғалымдардың бірі. Автордың «Қазіргі қазақ тілінің 
синтаксисі» атты еңбегінде сөйлем мүшелерінің негізгі шарттарын айқындаған болатын. 
Сөйлемдегі сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары мыналар: 
1. дербес толық мағыналы болып, белгілі бір сұраққа жауап беру; 
2. белгілі грамматикалық тұлғада тұруы; 
3. байланысқан сөзімен еркін синтаксистік қатынасқа түсуі; 
4. сөйлем ішінде өзіне тән орны болуы [8; 60-бет]. Б.Шалабайдың еңбегінің негізінде 
сөйлем мүшесінің өзіне тән бірнеше белгісі болуы керек екендігін аңғардық. Автордың 
тұжырымы ғалым Т.Сайрамбаевтың көзқарасымен сәйкес келетіндігін көруге болады. Аталған 
ғалымдардың пікірлерін бірлестіре отырып мынандай тұжырым шығаруға болады. Сөйлем 
мүшесі болу үшін осы негізгі шарттарды негіз етіп алып, мынандай пікір қалыптастыруға 
болады: сөйлем мүшесі деп сөйлемде бір не бірнеше сөздер тобының басқа сөздермен 
синтаксисік қатынастары арқылы арнайы бір сұраққа жауап беріп, грамматикалық мағынаға 
ие болатын түрін айтамыз. Осындай пікірді, біз, жоғарыда да ұсынған болатынбыз. Аталған 
шартты белгілер негізінде бүтін бір анықтама қорытып шығаруға болатындығына көз 
жеткіздік.
Кез келген нәрсенің, құбылыстың, терминнің атауымен, белгісімен танысып өткен соң, 
міндетті түрде оның құрамы мен құрылымына зерттеу жұмыстары жасалынады. Сол сияқты 
сөйлем мүшесінің анықтамасының басын ашып алған соң, міндетті түрде оның құрылымына 
тоқталып өту қажет. Сөйлем мүшелерінің құрылымын зерттеу барысында көптеген ғалымдар 
ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың көзқарасын негізге алады. Зерттеу барысында, біз де Ахметтің 
тұжырымын негізге алатын боламыз. Ғалым Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Тіл-құралы» атты 
еңбегінде сөйлем мүшелерін егжей-тегжейлі зерттеп, өзіндік ой қалдырған. Сөйлем мүшелерін 
өзімізге мектеп кезінен таныс тұрлауы және тұрлаусыз мүшелер деп екіге бөліп алған. Міне, 
тіл біліміндегі негізгі осы екі атау Ахметтен бастау алды деп толығымен айта аламыз. Ахмет 
Байтұрсынұлы тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге келесідей анықтама береді. «Сөйлем 
болған жерде қалмай айтылатын сөздер немесе қалса да қалғандығы сезіліп тұратын сөздерді 
тұрлаулы мүшелер деп атаймыз»[9; 193-бет]. Мысал келтіретін болсақ, «баланы жастан, 
қатынды бастан» деген мақалды алатын болсақ, бұл жерде сөйлемнің етістігі, яғни, 
баяндауышы түсіріліп берілген. Мақал халық арасында ертеден тарап кеткендіктен, көп 
жағдайда белгілі етістіктің түсіріліп берілгені байқалмай жатады. Мақалды толықтыратын 
болсақ, бұлай дер едік: «Баланы жастан үйрет, қатынды бастан үйрет». Демек, көріп 
тұрғанымыздай, үйрет етістігі түсіріліп қолданылған. Сол сияқты «Асыл тастан, ақыл жастан» 
деген кезекті мақалды алатын болсақ, бұл жерде де «шығады» сөзінің түсіріліп 
айтылғандығын көре аламыз. Сонда толықтырып айтатын болсақ: «Асыл тастан шығады, ақыл 
жастан шығады». Байқағанымыздай, аталған етістіктер сөйлемде берілмесе де, олардың 
түсіріліп айтылғандығы сезіліп тұрады. Ғалым осындай ерекшелігі бар сөздерді тұрлаулы 


595 
мүшелер деп атаған. Ал тұрлаусыз мүшелерге мынандай анықтама ұсынған: «Сөйлем ішінде 
бірде болып, бірде болмайтын сөздер немесе керек болған жерде айтылып, керек болмаған 
орында айтылмай қалып отырған сөздер және де қалған жерде қалғандығы анық сезілмейтін 
сөздерді сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп атаймыз» [9; 193-бет]. Мысалы, «Әрине, қатал 
тәртіп өте керек» (Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты») деген сөйлемдегі «қатал» сөзін түсіріп 
айтатын болсақ, сөйлемдегі негізгі ой мүлдем өзгермей, сол қалпында жұмсауға болатынын 
көреміз. Бұл жердегі «қатал» сөзі тәртіптің сипатын білдіру мақсатында ғана жұмсалып тұр. 
Міне, осындай сөздерді, яғни, сөйлем құрауға қатысатын, алайда сөйлем ішінде түсіріліп 
айтылған жағдайдың өзінде де мән-мағына өзгермейтін сөйлемнің түрлеріне ғалым тұрлаусыз 
сөйлем мүшелері деген атау берген. А.Байтұрсынұлы сөйлем мүшелерінің құрылымын ары 
қарай зерттеп, тұрлаулы мүшелерді өз ішінен бөліп, әрқайсысына жеке тоқталып өткен. Ғалым 
сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің санын екеу деп қарастырып, оларға бас мүше және баяншы 
мүше деген атау берген. 
Әдебиет 
1
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. 
(өңделіп және толықтырылып, 4-басылуы). Оқулық. – Алматы, «Білім», 2004.-224 бет. 
2
Сайрамбаев Т. «Қазақ тіл білімінің мәселелері» / Құраст: ф.ғ.д. Ғ.Әнес және 
К.Шаймерденова. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. – 640 бет. 
3
Қ.Басымов. «Ауыл мұғалімі» 1938. 
4
Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: Оқулық. - Өңд., толық., 2-бас. - Алматы: 
Қазақ университеті, 2003. - 199 б. 
5
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 10-том / құраст.: М.Малбақов, 
Н.Оңғарбаева, А.Үдербаев және т.б. – Алматы, 2011. 10-том. – Қ–М. – 752 б. 
6
Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі. Алматы: Ана тілі, 
1991, 113-119 б. 
7
Бәйтенов І. «Сөйлем мүшелері туралы»// Халық мұғалімі, 1939. 
8
Б.Шалабай. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 
2012. 186 б. 
9
А.Байтұрсынов 5 томдық шығармалар жинағы. – 3т. Тіл-құралы (қ.тілі мен оқу-ағартуға 
қатысты еңбектері) – Алматы: «Алаш», - 2005. 352 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет