Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет327/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
Ахылбек С. 
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. Қияқова Р.Ж. 
Ш.Уәлиханова атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
Saraakylbek66@gmail.com
  
Тіл білімінің негізгі салаларының бірі – синтаксис. Синтаксис – грамматиканың 
морфология сияқты негізгі салаларының бірі. Синтаксис саласын зерттеген ғалым Мәулен 
Балақаев өзінің «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде оны грамматиканың негізгі саласының бірі 
ретінде есептеп, өз ішінен 2 негізгі салаға бөліп қарастырған. Сөз тіркесі синтаксисі және 
сөйлем синтаксисі. Сөз тіркесі синтаксисінің қарастыратын мәселелеріне – сөздердің өзара 
тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-
түрін жатқызса, сөйлем синтаксисінің зерттеу нысанында сөйлемнің құрылу принциптері, 
сөйлемнің құрамы және олардың түр-түрі қарастырылады [1; 4-бет]. Аталған салалардың 
ішінде сөйлем синтаксисіне, оның зерттеу объектісінің құрамындағы сөйлем мүшелерінің 
зерттелуіне баса назар аударылған десек қателеспейміз. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі 1935-
40 жылдар арасында актуалды бола бастады. Ахмет Байтұрсынұлының зерттеуінен бастау 
алып, кейіннен көптеген ғалымдардың еңбегінде, атап айтар болсақ, С. Аманжолов, М. 
Балақаев, Қ.Жұбанов, Х.Басымов сынды біршама ғалымдардың еңбектерінде басты зерттеу 
нысанына айналды. Десек те, сөйлем мүшелерінің зерттелуі, бөлінісі мен анықтамасы 
жайында ғалымдардың пікірі әр алуан. Күні бүгінге дейін сөйлем мүшелерінің құрамы 
зерттеліп келеді. Сол себепті де сөйлем мүшелерін күрделі процесс қатарына жатқыза аламыз.
Сөйлем мүшелерін бір адамдай зерттеп, талдаған ғалым Талғат Сайрамбаевтың «Қазақ 
тіл білімінің мәселелері» атты еңбегіне сүйенер болсақ, ғалым лингвистикадағы сөйлем 
мүшелерінің зерттелуін төмендегідей топтастырған болатын: 
1) 1922-1940 жылдар арасындағы ғылыми айтыс; 
2) 1940 жылғы оқулық, ғылыми еңбектер бағытындағы айтыс; 
3) 1950 жылдан кейінгі әртүрлі бағыттағы айтыс [2; 375-бет]. Сөйлем мүшелерін 
зерттеуде ғалымдар арасында түрліше көзқарастар таралған. Әсіресе сөйлем мүшелерінің 
анықтамасына тоқталғанда пікірталастар жиі кездесетіні сөзсіз. Негізінен, сөйлем 
мүшелерінің түрлері, олардың белгілері, жасалу жолдары мен тыныс белгілері, бөлінісі 1 
кезеңде, яғни 1922-1940 жылдар аралығында жақсы қолға алынған. Аталған кезеңдегі сөйлем 
мүшелері жайлы сөз етуші ғалымдардың (А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов т.т.) 
бөлінісі мен пікірлері кейінгі ғалымдарға бастаушы бағыт болды деп ауыз толтырып айта 
аламыз. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ғалымдардың көзқарасы сөйлем мүшелеріне берілген 
анықтамаға келген кезде жан-жақты екендігін байқадық. Негізінен, сөйлем мүшесі – 
сөйлемнің ішкі бөліктерінің жиынтығы. Сөйлем құрамындағы сөздердің санының аз болуы 
немесе көп болуы ой ерекшелігімен, стиль ерекшелігімен байланысты. Сөйлем ішіндегі белгілі 
бір сөз сөйлем мүшесі болуы үшін міндетті түрде осы сөйлем құрамындағы басқа сөзбен 
байланысқа, тіркеске түсе алатындай болу керек, тіркес құрамына енбейтін сөз сөйлем мүшесі 
бола алмайды. Мысалы, бастауышты баяндауышына қарап, анықтауышты анықталатын сөзіне 
қарап сөйлем мүшесі деп танимыз. Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшесіне берілген анықтамалар 
түрліше болып келеді. Профессор ғалым Қажым Басымовтың зерттеуі бойынша: 

«Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз»; 

«Сөйлемде қанша сөз болса, солардың барлығын соншалық сөйлем мүшесі дейміз»; 

«Сөйлемдегі мағыналы сөзді сөйлем мүшесі дейміз»; 

«Сөйлемдегі әртүрлі сұрауға жауап берген сөзді сөйлем мүшесі дейміз»[3] 
Көріп тұрғанымыздай, ғалым сөйлем мүшесі болудың бірнеше тұжырымдарын ұсынған. 
Аталған тұжырымның барлығы дерлік сай келеді ме, жоқ па талдап көрелік. Ең алдымен, 
бірінші көзқарасқа оралсақ, «Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз». Сөйлемнің құрамында 
көптеген сөздер мен сөз тіркестері кездесетіні сөзсіз. Алайда, сөйлемде кездескен кез келген 


592 
сөзді сөйлем мүшесі ретінде қарастыра аламыз ба? Жоқ. Себебі сөйлем мүшесі болу үшін, 
аталған сөз толық лексикалық мағынаға ие болуы тиіс. Сөйлемнің құрамында толық мағынаға 
ие бола алмаған көмекші сөздер қатары кездесетіні анық. Сол себепті де, кез келген сөзді 
сөйлем мүшесі ретінде қарастыра алмаймыз. Бұл жөнінде сөйлем мүшесі бола алатын 
тұлғаларды анықтаған кезде толықтырып өтеміз. Ғалым Қ.Басымовтың бірінші және үшінші 
тұжырымын біріктіре отырып, бір толық тұжырым шығаруға болады. Сонда сөйлемдегі толық 
мағынаға ие сөзді сөйлем мүшесі деп атаймыз деген тұжырым алуға болады. Екінші көзқарас 
та бірінші пікірмен тұспа-тұс келеді. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей сөйлем құрамында 
кездесетін барлық сөздерді біз сөйлем мүшесі ретінде қарастыра алмаймыз. Төртінші 
тұжырым көпшілік адамды ойландырары сөзсіз. Сөйлемдегі әртүрлі сұрауға жауап беретін 
сөздер сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды. Сөйлем мүшесі болу үшін сөйлемдегі 
сөздер белгілі бір сұраққа жауап беруі тиіс. Мысал келтірер болсақ, сөйлем мүшесінің бірі 
ретінде қарастырылатын бастауыштың кім? не? деген арнаулы сұрақтары бар. Сол себепті де 
жоғарыда берілген төрт тұжырымның ішінен тек үшінші көзқарасты ғана негізге алуға болады. 
Аталған тұжырымнан өзге кейінгі кездегі ғалымдардың да сөйлем мүшесіне берілген 
анықтамалары жинақталды:
Ғалым М.Балақаев пен Т. Сайрамбаевтың бірлесе отырып жазған еңбегінде сөйлем 
мүшесіне төмендегідей анықтама берілген: «Мағыналық, синтаксистік қарым-қатынасы 
дербес синтаксистік қызмет атқаратын сөздерді, күрделі сөздер тобын сөйлем мүшесі деп 
атаймыз» [1; 95-бет]. Ғалымдардың сөйлем мүшесіне берілген анықтамасына талдау жасайтын 
болсақ, синтаксистік қарым-қатынасы дербес, яғни, кез келген синтаксистік қатынаста 
(атрибуттық, объектілік, адъективтік) бола алатын, белгілі бір синтакситік қызмет (бастауыш, 
баяндауыш) атқаратын сөздерді сөйлем мүшелері деп атай аламыз деп көрсетілген. Сонымен 
қоса ғалымдар күрделі сөздер тобын да сөйлем мүшесінің қатарына енгізуге болады деп 
көрсеткен. Күрделі сөздер белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бір сөйлем мүшесінің 
қызметін атқаратындығын бұрыннан білеміз. Берілген тұжырыммен толықтай келісуге 
болады. Себебі ғалымдар сөйлем мүшесі болудың екі тұжырымын нақты келтірген десек 
қателеспейміз.
Ал Р.Әміров пен Ж.Әмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» атты еңбегінде, «Сөйлем 
мүшелері – сөйлем құрауда қалыптасқан қатынастық компонент. Сөйлем мүшелері ретінде 
толық мағыналы сөздер жұмсалады» [4; 116-бет] деген пікір ұсынылады. Аталған 
ғалымдардың сөйлем мүшесіне берілген анықтамалары ғалымдар М.Балақаев пен 
Т.Сайрамбевтың пікірлерімен тұспа-тұс келеді. Ол дегеніміз ғалымдардың ойлары бір жерден 
шықты деп дөп басып айта аламыз. Сөйлем құрауда қатынастық компонент деп, сөйлем 
құраудың негізі деп қарастыра аламыз. Яғни, сөйлем мүшелері сөйлем құраудың негізгі 
компоненті болып саналады. Сөйлем мүшелерінсіз (бастауыш, баяндауышсыз) сөйлем құрау 
мүмкін еместігін біз мектеп табалдырығынан бастап білеміз. Ал сөйлем мүшелері ретінде 
толық мағыналы сөздер қолданылады деген пікірмен толықтай келісуге болады. Себебі, 
жоғарыда профессор Қ.Басымовтың тұжырымын талдағанда, сөйлем мүшесі ретінде толық 
мағыналы сөздер жұмсалады деп айтып өткен болатынбыз. Яғни, толық мағыналы сөз болу 
үшін белгілі бір сұраққа жауап беріп, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы керек. 
Сол себепті де сөйлем мүшесі болу үшін сөздер, күрделі сөздер толық лексикалық мағынаға 
ие болу керек. Ал лексикалық мағына дегеніміз не? «Лексикалық мағына дегеніміз – сөздерді 
бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке-даралық (единицалық) 
сипатқа ие болады» [5; 694-бет]. Яғни, сөздерді бір-бірінен белгілі қасиеттері арқылы 
ажыратып тұратын мағына есебінде жұмсалады. Ғалымдардың аталған пікірімен біз 
толыққанды келісетінімізді жоғарыда да айтып өткен болатынбыз.
Сөйлем мүшелерін зерттеген келесі ғалым М.Серғалиевтің аталған терминге берген 
анықтамасына талдау жасап өтсек. «Сөйлем ішінде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа 
түсіп, бір сұрауға жауап беріп, бір ұғымды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем 
мүшесі дейміз» [6; 113-бет]. Ғалым М.Серғалиевтің пікірі өзге ғалымдардың пікірімен 
салыстыра қарағанда, нақты әрі түсінікті түрде баяндалған деп айта аламыз. Себебі ғалым әр


593 
сөйлем мүшесінің сөйлем құрамында басқа да сөздермен синтаксистік қатынасқа (атрибуттық, 
объектілік, адъективтік) еркін түсе алатындығын көрсетіп өткен. Сонымен қоса, белгілі бір 
сұраққа жауап беретіндігін негізге ала отырып, ойын жеткізге білген. Ал ғалым Қ.Басымовтың 
пікірі бойынша сөйлем мүшесі әртүрлі сұрауға жауап береді деген тұжырымды (төртінші 
тұжырымында) байқаған болатынбыз. Сол себепті де М.Серғалиев өз көзқарасында 
нақтылықты әрі дәлдікті негізге алған. Алайда өз пікірінің соңында ғалым бір ұғымды 
білдіретін сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дейміз деген сөйлемді қолданған. Сөз 
тіркесі бірге қолданылған жағдайда бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды. Мысалы, 
Еркежан әдемі көйлек киіп, жұртты тәнті етті деген сөйлемдегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет