Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет423/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Закирьянова Ж.У. 
Ғылыми жетекшісі: педагогика және психология магистрі Г.Ж. Искакова
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
G-mail: jadyra1298@gmail.com  

 
Мектепте білім беру барысында алға қойылатын ең басты мақсаттардың бірі 
оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру. Бұл жайлы бастауышта жалпы білім берудің білім 
стандартында былай көрсетілген: «Білім беру бағдарламасы оқушының жеке тұлға ретінде 
қалыптасып алған білімін өмірде қолдана алуына, бойындағы дағдыларды мейлінше 
дамытуға, бойына адамгершілік қасиеттерін жинай отырып өзгелермен дұрыс сауатты қарым-
қатынас жасай білуіне бағытталған» [1]. Бүгінгі күні қоғамда болып жатқан жаңашыл тың 
өзгерістер білім мазмұнын өзгертуге, оқушылардың алған білімді өмірде қолдана алатындай 
қабілеттерді дарытуға түрткі болып отыр. Әлеуметтік орта адам өміріне тікелей әсер етуімен 
сипатталады. Осы ортада өзің көрсете білген, қоғамда өз орнында нық тұрған тұлға ғана 
өзгермелі қоғамның заңдарына ілесіп бәсекеге қабілетті бола алады. Бәсекеге қабілетті тұлға 
бойынан мынадай қасиеттерді көреміз: өз білімін өмірде қолдана алатын, ақыл-ойы, санасы, 
шығармашылық ойлауы, жеке көзқарастары дамыған және үздіксіз білім алуға қабілетті, өз 
пікіріне дәлелдер келтіре отырып нақты тұра алатын тұлға. Осы қасиеттерді өз бойында 
дамыта білген адам өз ортасында лидер бола алады.
 
Әр нәрсе кішкентай дүниелерге уақыт бөліп жұмыс жасағанда ғана дамып өседі. Дәл 
солай бәсекеге қабілетті тұлғаның негізі мектеп кезінен, дәлірек айтсақ, бастауыш білім беру 
сатысынан басталады. Қазіргі таңда бастауыш білім беруде білім мазмұны өзгергендігіне 
байланысты өзгертілген оқу бағдарламасымен білім алуда. Ол Елбасы Н.Назарбаев 2012 
жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық 
сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты 
міндет қойылуына байланысты қабылданған шешім болатын [2]. Осы мақсатта оқу 
бағдарламалары қайта қарастырылып, қазір мектепте негізгі мақсаты сөйлеу әрекетінің 
түрлері жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалымды дамытуға бағытталған, функционалды 
сауаттылққа негізделген тапсырмаларға мән беріліп оқытылуда.
Қашанда дамып білім шыңына ұмтылу, өздігінен білім алу өзекті тақырып. Осы 
ұстаным арқылы оқушылардың бойындағы функционалдық қабілеттерді одан әрі дамыту 
жолдарын қарастырайық. Ғалымдардың көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі функционалдық 
сауаттылықты дамыту үшін оқуда мәтіндерді пайдалану ең тиімді нұсқа екенін көрсеткен. 
Бұған дәлел ретінде мәтіннің көпжақты функцияларды атқаратындығымен түсіндірсек 
болады: 
1.Тілді оқыту және дамыту бойынша мәтін арқылы меңгерілетін білімдер сияқты қызметті 
атқаратын басқа әдістемелік оқыту құралы жоқ; 
2. Мәтіннің көп түрлі қызметтерді атқаруы оның оқытудағы орнын құндыландырады; 
3. Қарапайым бір мәтін тілдік қызметті, қарым-қатынас қызметін, ауызша және жазбаша 
сауаттылықты, психологиялық-педагогикалық қызметті, әрі тәрбиелік жағын да меңгерте 
алады. Бұл көптеген басқа оқу әдістемесінде кездесе бермейтін қасиет; 
4. Бір мәтін барлық төрт дағдыны бір мезетте қамти алады; 
5. Сөйлеу мәдениеті бойынша сөз саптау мен көркем сөз өнерін дамытады; 
6. Жаңадан тіл үйренуші қауым үшін таптырмас құрал; 


791 
7. Тілдік қатысым құралы ретінде қызмет атқарады. 
Мәтін қай кезде де оқытуда маңызды роль атқарған және дәл осы сәтте де өзінің білім 
саласындағы әмбебаптығын дәлелдеуде. Елімізде тілді оқытуды мәтін арқылы жүзеге асыру 
әдістемесі Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсынұлы кезінен бастап дамып келе жатыр. 
Мәтін ‒ бір тақырыпқа қатысты мағыналық тұтастыққа ие бірнеше сөйлемдер 
жиынтығы. Тақырыптың мазмұнына қарай ұзақ немесе қысқа болуы мүмкін. Б.Шалабаев: 
«Мәтіннің маңызды белгілері – оның тақырыбы мен соңы» [3, 228]. Мәтін- бұл аяқталуы 
мүмкін қарым-қатынас үзіндісі – хабарлау немесе адамдардың бір – бірімен пікір алмасу 
ретіндегі кем дегенде екі сөйлемнен тұратын байланыс. Оның тақырыбының болуы, белгілі 
бір жайды хабарлауы, тиянақты аяқталуы, тақырыптың бірлікте тұруы, мәтін 
компоненттерінің жалпы бір ортақ пікірге бағынуы, логикалық жүйеде құрылуы, мәтін 
бөліктерінің сөйлемдердің байланыстылығы, оның стильдік бірлікте болуы керек. 
Мектеп қабырғасында мәтін тақырыбы 2 сыныптан бастап қазіргі жаңартылған оқу 
бағдарламасы бойынша спиральді түрде оқытылады. Мектеп бағдарламасы мәтінге мынадай 
түсінік береді: "Мәтін мазмұны жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен 
құралады. Мәтін құрамындағы сөйлемдер ортақ тақырыппен бірігеді". 
Бірінен кейін бірі болатын әрекет, оқиға баяндалатын, хабарланатын мәтін әңгімелеу 
мәтіні деп аталады. Әңгімелеу мәтініне не болды? не істеді? сұрақтары қойылады. Заттың 
немесе құбылыстың сын-сипаты берілген мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Сипаттау 
мәтініне қандай? сұрағы қойылады. Сипаттауда заттың бірнеше белгісі ‒ түсі, түрі, көлемі 
көрсетіледі. 
Пайымдау мәтіні үш бөліктен құралады: 

бірінші бөлікте түсіндіруді дәлелдеуді қажет ететін ой айтылады; 

екінші бөлікте түсіндіру, дәлелдеу пікірі беріледі; 

үшінші бөлікте қорытынды пікірі беріледі.
Пайымдау мәтініне неліктен? сұрағы қойылады. 
Диалогта әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып, алдына сызықша қойылып 
жазылады.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем соңына не нүкте (.), не сұрау белгісі(?), 
не леп белгісі(!) қойылады.
Бастауыш сыныпта С.Рахметованың әдістемелік жоспары бойынша мәтінмен мынадай 
жұмыстар жүргізілуі керек: 
-шығарманы оқымас бұрын оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындап алу керек; 
-кейін мәтін бойынша сөздік жұмыстарын жүргізу керек; 
-шығарманы алдымен қарапайым оқу; 
-оның бөліктерге бөліп жоспарын құрастыру; 
-кейін ғана мазмұндау; 
-келесі қосымша мәтін бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындау [4, 87]. .
 
Қазақ тілінде мәтін өз алдына оқушы тұлғасын қалыптастыруда үлкен әсерін тигізеді. 
Мәтін үлкен дамытушылық және тәрбиелік әлеуетке ие: ол оқушыны адамзаттың рухани 
тәжірибесімен таныстырады, оның ақыл-ойын, санасын дамытады, оның сезімін арттырады. 
Мәтін немесе басқа да шығарманы оқырман неғұрлым терең және толық оқып қабылдаса
оның оқушыға тұлға ретінде дамуына әсері соғұрлым жоғары болады.
Функционалдық сауаттылық бүгінгі таңда жеке тұлғаның негізгі білімі болып табылады. 
Оқушының мына қасиеттерді игеруі маңызды:
- айналадағы өзгермелі әлеммен сәтті әрекеттесуге дайын болу; 
- әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттарды шешу қабілеті; 
- әлеуметтік қарым-қатынастарды құру қабілеті; 
- өзінің сауаттылығын, әрі қарай білім алуға ұмтылысын бағалауды қамтамасыз ететін 
рефлексиялық дағдылар жиынтығы. «Функционалдық сауаттылық» түсінігі ең алғаш XX 
ғасырдың екінші жартысында ғылымға еніп ғалымдардың зерттеулерінде кездесе бастады. Ол 
білім беруде адамның қоғамдық көзқарастарымен әлеуметтік ортада қолдау тауып өз 
бағытымен жол табуы деп түсіндіріледі. Қазіргі таңда сауатты адам өз бойынан қоғамдық


792 
рухани құндылық, мемлекеттік саясат, экономикалық және экологиялық бағыттарға деген 
дара көзқарастарының болуымен сипатталады. Әр бағыт өз алдына тұрақсыз болғандықтан 
тұлға өмір бойы білім алуымен ерекшеленеді. Функционалдық сауаттылық мәселесін
ғалымдар зерттеушілер жан-жақты қарастырғаны белгілі. Нақтылайтын болсақ, оқудағы 
философиялық көзқарасты Б.С.Гершунский, В.В.Мацкевич, С.А.Крупник; үздіксіз білім беру 
жүйесіндегі С.А.Тангян, И.А.Колесникова; құзіреттілік жағынан О.Е.Лебедев, А.В.Хуторской
қарастырса, тәлімгердің тілдік фунционалдық сауаттылығын сөйлеу мәдениетпен
технологиямен байланысын Л.М.Перминова, О.Е.Лебедев зерттеген.
Сонымен қатар,
отандық ғалымдардан Н.Оразахынова, Г.М.Кенжебаева, А.К.Рауандина қазақ тілі
сабақтарында оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын қарастырған. 
Аталған теориялық-әдіснамалық негіздер алға қойылып отырған келелі мәселенің бастау 
көздерін танытады, дегенмен бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде
«функционалдық сауаттылық» ұғымын қолдануда бірізділіктің байқалмайтындығын атап 
көрсетеді. 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамның қоғамның әр саласына тұрақты түрде 
белсене араласуы, жас ерекшеліктеріне қарамай қандай мамандық иесі болса да өзін өзі 
дамытып өмір бойы білім алуға дағдылану.
Қазақ тілі пәнінде мәтінді оқытқанда қалыптасуы тиіс функционалдық сауаттылықтың 
мынадай модельдерін қарастырайық: коммуникативтік дағдылар(оқу сауаттылығы, жазылым, 
айтылым, тыңдалым), құзыреттіліктер, шығармашылық қабілеттер, сын тұрғысынан ойлау. 
Бұны басқаша 4К моделі деп те атайды. Осы модельдермен жұмыс жасауды біз бір мәтін 
арқылы жүзеге асыра аламыз.Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет