Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлуметтік



Pdf көрінісі
бет443/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлуметтік
 
бағыттылуының 
күшеюімен 
байланыстырылады,оның 
сипаттайтын 
келесі
 
көрсеткіштер:
 
1.халықтың 
материалдық 
әл-ауқатының 
жақсаруы; 
2. 
адамның 
бос 
уақытының 
көбеюі; 
3. 
әлеуметтік 
инфрақұрылым 
салаларының 
даму 
дәрежесінің 
жоғарылауы; 
4. 
адам 
капиталына 
инвестицияны 
өсіру; 
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
6. 
жұмыссыздар 
мен 
жұмысқа 
қабілеті 
жоқтарды 
әлеуметтік 
қорғау; 
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды 
қолдау. 
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның 
тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. 
Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей 
факторларға 
бөлінеді. 
Экономикалық 
өсудің 
факторлары: 

Еңбек 
ресурстарының 
саны 
мен 
сапасының 
өсуі. 

Негізгі 
капитал 
көлемінің 
өсуі 
және 
сапалық 
құрамының 
жақсаруы. 

Өндірісті 
ұйымдастырумен 
қатар 
технологияның 
жетілдірілуі. 

Пайдаланатын 
табиғи 
ресурстардың 
саны 
мен 
сапалылығының 
артуы. 

Қоғамдағы 
кәсіпкерлік 
қабілетінің 
өсуі. 
Жанама 
факторлар: 
- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі. 
- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие 
алу 
мүмкіншілігінің 
өсуі. 
- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану. 
Қазіргі уақытта әлем экономистері экономикалық өсудің деңгейін қандай факторлар 
анықтайтындығына басты назар аударуда. Әлем елдерінің экономикалық өсу 
көрсеткіштерінің деңгейлері бірдей емес, мәселен, дамыған батыс елдерінің экономикалық өсу 
қарқыны мен дамушы елдердің (мысалы, Үндістан, Нигерия, Индонезия) өсу қарқыны 
арасындағы айырмашылық шамамен он еседен асады. Осыған ұзақ жылдар бойы зерттеу 
жүргізген американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Лукас «әр елдерде 
экономикалық өсу қарқыны мен адамдардың өмір сүру деңгейлері неліктен әртүрлі» деген 


823 
сұрақ қояды. Олай болса, Лукастың айтуынша, адамзат баласы экономикалық өсу туралы 
ойлағанда басқа нәрселерді ойлаудың қажеті жоқ.
Сондықтанда, экономикалық өсу – макроэкономикадағы маңызды мәселелердің бірі. 
Мұнда нақты ЖІӨ деңгейінің ұлғаюы экономикалық өсу қарқынының ұзақ мерзімдік 
тенденциясы болады. «Экономикс» оқулығында экономикалық өсудің нәтижесі болатын 
нақты ЖІӨ ұзақ мерзімдік тенденция түріндегі құбылысының ауытқуларына көп көңіл 
бөлінеді. Экономикалық өсуді талдау үшін нақты ЖІӨ деңгейінің көрсеткіштерін және 
олардың қалай есептелетіндігін түсінуіміз керек. 
Тәжірибе жүзінде экономикалық өсуді өлшеудің екі көрсеткіші болады: 1) Нақты 
жалпы ішкі өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт аралығында өсуі; 2) Нақты жалпы ішкі өнім 
көрсеткішінің белгілі бір уақыт аралығында жан басына шаққандағы өсуі. 
Сонымен, нақты жалпы ішкі өнім көрсеткішінің экономикалық өсудің нәтижесі 
екендігін түсіне отырып, біз экономикалық өсуге мынадай анықтама береміз. Экономикалық 
өсу – қандай бір елдің ұлттық экономикасында белгілі бір уақыт аралығында нақты жалпы 
ішкі өнім деңгейінің сандық өсуі мен сапалық жетілдірілуі. 
Экономикалық өсу қоғамның өркендеуінің аса маңызды мақсаты болып табылады, 
өйткені сол арқылы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетуге болады.
Экономикалық өсудің өлшемі ретінде қосылған құнды көбейту, өндірісті кеңейту, 
ғылым мен мәдениетті дамыту сияқты көрсеткіштер саналады. 
Экономикалық өсу арқылы қоғамның даму болашағын болжауға болады. Бұдан басқа, 
экономикалық өсу ресурстардың шектеулілігі мәселесін шешуге жағдайлар жасайды. 
Әлеуметтік жағынан дамудың ең жоғары өлшемі болып адамның тұлға ретінде дамуы, оның 
материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы табылады. Өскелең 
экономика қоғамның жаңаша қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндігіне және 
әлеуметтікэкономикалық мәселелерді шеше алуға мүмкіндік табады. Қазіргі өскелең 
экономика бір уақытта қоршаған ортаның ластануымен күресу бойынша жаңа 
бағдарламаларды қабылдап қоғамдық игіліктер өндірісінің қысқаруына жол бермеуге 
тырысады. Жалпы алғанда, экономикалық өсу әлемнің барлық елдерінің ортақ мақсаты, елдің 
экономикалық қуатының көрсеткіші болып табылады. Нарықтық экономикада тауарлар мен 
қызметтерді өндіру үшін еңбек, капитал және жер сияқты негізгі үш фактор қажет. 
Нәтижесінде жиынтық өнім сол еңбекті, капиталды және табиғи ресурстарды қолданудың 
функциясы болып табылады. Сәйкесінше, жиынтық өнім көлемі өндірістің осы әрбір 
факторына тәуелді болып табылады. Бұл кезде өндіріс көлемі өндіріс факторларының 
жұмсалуына қарағанда үлкен дәрежеде өсуі мүмкін. Оған әсер ететін бірден бір фактор болып 
ғылыми-техникалық прогресс табылады. 
Қазіргі уақытта, экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің факторлары 
төмендегідей топтастырылады: 1. Ұсыныс факторлары, бұларға адам ресурстарының болуы, 
табиғи ресурстар, негізгі капитал, технология деңгейі жатады. 2. Сұраныс факторлары, 
бұларға бағалар деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар, мемлекеттік 
шығындар, таза экспорт көлемі жатады. 3. Бөлу факторлары, бұлар экономикалық айналымға 
тартылатын ресурс-тардың тиімділігін, ресурстардың өндіріс үдерісінде толық, әрі ұтымды 
түрде пайдаланылуын көрсетеді. Қазіргі заманғы нарықтық экономика экономикалық өсудің 
жаңаша сапалық кезеңіне өтумен сипатталады. Жаңаша сапалық экономикалық өсудің 
бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, ғылыми-техникалық прогресстің 
жетістіктері, ресурстарды үнемдейтін технологияны қолдану негізінде өндірістің тиімділігін 
көтерудің интенсивті сипаты ескеріледі. Екіншіден, технологиялық прогрессті анықтайтын 
және адамдардың қажеттіліктеріне қызмет ететін салалардың өнімдерін көбейту 
қарастырылады. Үшіншіден, экономикалық өсудің әлеуметтік жағынан қақтығыстарға алып 
келмейтін шекараларын белгілеумен көрінеді. Мұндай шектеулерді енгізу арқылы адамның 
өмір сүру ортасын және қалпына қайтып келмейтін ресурстарды сақтап қалуға мүмкіндіктер 
ашылады. Жаңаша экономикалық өсудің осындай ерекшеліктерін толығымен сақтамайтын 
бүгінде әлемде ешбір ел жоқ. Өйткені, әлем елдерінің, әсіресе, дамыған елдердің 


824 
экономикасын өсудің жаңаша сапасына нарықтық іс-қимылдар мен нарықтық 
шаруашылықтың заңдылықтары күш беріп соған қарай итермелейді. Сондай-ақ, мемлекеттің 
де экономикалық өсудегі рөлін жоққа шығармау қажет.
Экономикалық өсу ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан 
жетілдірілуін көрсетеді. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен 
байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін 
атайды.
Экономикалық өсуді өлшеудің тәсілдерін екіге бөлуге болады:
1) Нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі. Бұл әдіс экономика мүмкіншілігінің молаю 
шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2) Жалпы ішкі өнімнің бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын 
талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді:
1) нақты экономикалық өсу – бұл статистикалық органдардың кезеңділікпен жариялап 
отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы 
шынайы түрде өсуі.
2) потенциалды экономикалық өсу – экономиканың белгілі бір жылдамдықпен немесе 
қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дәрежесі.
Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар: 
Экономиклық өсудің факторларын сұраныс факторлары, ұсыныс факторлары және 
бөлу факторлары деп бөледі. 
Әдебиеттер: 
1.
Макконел К.Р., Брю С.Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика / пер. с 19-го 
англ. изд. – М.: ИНФРА - М. 2013. 
2.
Мауленова С.С.,Экономикалық теория А 2003
3.
Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға 
арналған оқулық / ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. 2-басылым, өңделген және 
толықтырылған. – Алматы, Print-S, 2012. – 460 б.
4.
Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 
2003. 12-тарау. Макроэкономика: Учебник / П 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет