Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ФУКИДИДТІҢ ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ӨЗЕКТІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет454/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

ФУКИДИДТІҢ ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ӨЗЕКТІЛІГІ 
 
Қонысбай А.Ж. 
Ғылыми жетекшісі: Шаймерденова Ж.Қ лектор,аға оқытушы Ш.Уәлиханов атындағы 


850 
Көкшетау университет,Көкшетау қ. 
A-konysbay@inbox.ru 
 
Тарихи білімнің сипаттары б.з.б. ҮІ-Ү ғғ. грек жазушыларына тән. Геродотқа дейінгі 
жазушылар өз әңгімелеріне тек мифтік аңыздар ғана емес, сондай-ақ, байлардың үйлері мен 
храмдарында сақталған жазба құжаттардың да мәліметтерін келтіреді. Алайда, бұл 
жазушылар тарихи оқиғаларды бір-бірімен байланыстыра алған жоқ. Дегенмен, «История 
– Тарих» сөзі осы жазушылардың кезінен бастап пайда болып, қолданысқа енді. Геродот 
«Тарихы» – тарихтық және жағрафиялық білімдердің энциклопедиясы. 
Ал одан асып тарих 
ғылымының 
дамуына зор үлес қосқан 
Фукидид болды. Дәл осы Фукидиттен
«прагматикалық» тарихнама басталды. Пелопонесс соғысының сипаттамасы болған
«Тарих» деген айтулы еңбектің авторы Фукидид мифтерді сынауда Геродоттан әлдеқайда озып 
түсті. 
Фукидидтің туған жылы нақты белгісіз. Атақты II ғасырдағы Рим жазушысы Авла 
Геллийдің айғақтарына сүйенсек, ол біздің эрамызға дейінгі 470 жылы дүниеге келген. Келесі 
Фукидиттің өмірбаянын жазған Маркеллиннің сөздеріне сүйенсек б. з. д. 450 жылы дүниеге 
келгені туралы қорытынды жасауға болады. 
Атақты ғалым Ш.Уәлиханов сияқты Фукидидте не бәрі 30 жас қана ғұмыр кешіп, болып 
жатқан оқиғаларды түсініп, бақылай білген. Оның жастық шағы ежелгі грек саяси 
қайраткері,Афинаның стратегі,қолбасшысы Периклдің дәуірімен сәйкес келді және 
Сократтың замандасы болды.Фукидидтің өмірбаяны нақты белгісіз.Ең сенімді ақпарат- 
тарихшының өзі жасаған оның құнды еңбектерінен ғана байқауға болады. 
Фукидид бай және аристократиялық асыл,текті отбасынан шыққан: оның ата — бабасы 
Фракия патшасы Олор болған және Афины мемлекет қайраткері мен ескі ақсүйектер 
Филаидтердің отбасымен байланысты болған.Марафон шайқасының жеңімпазы, қолбасшы 
Мильтиад Фукидидтің замандасы және куәгері болған.Осы кезде ол «Пелопоннес соғысының 
тарихын» жазды. Оның мәлімдемесіне сәйкес, ол өз жұмысын соғыс басталғаннан кейін бірден 
бастады, оның маңыздылығына алдын-ала өзі көз жеткізді. Дегенмен, оның «тарихын» 
құрастыру және өңдеу уақыты туралы мәселе ең даулы мәселелердің бірі болып табылады. 
Фукидидтің «Пелопоннес соғысының тарихы» 8 кітаптан тұрады.[3-138бет] I кітап әйгілі 
кіріспеден тұрады-Грецияның ежелгі тарихының эскизі, соғыстың себептері мен оның нақты 
себептері, «елу жыл» эссесі (Платея шайқасынан Пелопоннес соғысының басталуына дейінгі 
алшақтық) және Афина мен Спарта арасындағы алшақтық; II кітаптан соғыс тарихы 
басталады.Кеңестік және Ресейлік тарихшы,С. Г. Карпюк атап өткендей, соңғы сегізінші кітап 
аяқталмаған және Фукидидтің өмір жолының соңында жазушы өз үлесін қосып, өңдеп жазған. 
Тарихтың жалғасын тарихшы Кратипп те жазды. 
Фукидидтің мақсаты,өзі анықтағандай, «шындықты табу» болды. Ол анекдоттардың, 
фантастиканың, поэтикалық әшекейлердің жауы болды. Ол тарихтың атасы Герадотқа 
қарағанда бұл стилистикаларды қолданбады. Оның жұмыстарын сол кезде халық 
мойындағанымен үкімет басшылары қолдамады. Фукидидтің еңбектерінің бір бетінде 
«адам табиғатағы жаман өзгерістердің себебін түсінуі үшін,болашақта осындай нәрсе болуы 
мүмкін болғандықтан, өткенді анық және шынайы түсінгісі келетіндер оны танып білуі,және 
ақиқатқа сүйенуі қажет» деп айттып кеткен. Ол өз жұмысын уақытша тыңдаушылар үшін 
емес, «мәңгілік қазына» ретінде қалдырды.Фукидид, өз сөзімен айтқанда, нақты білімге 
ұмтылды.Басқалардан алынған мәліметтерге сүйене отырып, шындықты білу қиын екенін 
білді , бірақ оған бірінші болып көрінген немесе хабарлаған нәрсеге емес, мұқият және 
тексеріп отырды.Көптеген жазбалардан мәліметтер ала отырып,белгілі бір оқиғаның немесе 
қате нұсқаның шығу тегін түсіндіру үшін миф пен аңыздарды ақиқаттай алды. Мұнда тарихшы 
кері тұжырымдау әдісін кеңінен қолданады- бүгіннен бастап өткенге дейін, белгісізге дейін, 
оның қорытындылары мен эпостың дәлелдерінің үйлесімі үшін негіз, топографиялық 
деректер, материалдық ескерткіштер, сақталған есімдер, мәдени жағынан артта қалған грек 
тайпалары мен варварлардың өмірі, әдет-ғұрыптар, мерекелер мен рәсімдер, жалпы мәдени 
тәжірибелері.Фукидидтің еңбегінде -адамзат тарихындағы басты тарихи ерекшеліктерінің 


851 
бірі. 
Кітап Спарта мен Афина арасындағы Пелопоннес соғысына арналған. Кітапты зерттеген 
тағы да бір Кеңестік ғалым бұл Қазан университетінің профессоры Федор Герасимович 
Мищенко (1848-1906) аударған. Кітаптың соңғы 100 беті Фукидидке, оның өмірбаяны мен 
шығармашылығын сипаттауға арналған..Бұл кітап Ежелгі Греция тарихындағы, Пелопоннес 
соғысындағы бетбұрыс кезеңіне арналған.Әлемдік тарихи ойдың маңызды туындыларының 
бірі.14.54бет]Фукидидтің көрнекті жұмысы ежелгі әлемнің, Ренессанс пен қазіргі заманның 
тарих ғылымының негізін қалады, көптеген ғасырлар бойы байсалды және ұтымды тарихи 
ойдың үлгісі болды. Орыс тіліне аударма ең бай түсініктемемен бірге революцияға дейінгі 
уақыттың көрнекті отандық антикологы Ф.Мищенкоға тиесілі және оны академик С. А. 
Жебелев қайта қараған болатын. Жоғары оқу орындарының Тарихи мамандықтарының 
студенттері, аспиранттары мен оқытушылары, сондай-ақ ежелгі тарихқа қызығушылық 
танытқандар үшін басыламдар Кеңес Одағы кезінде басылып шығарылып отырған.Әрине, бұл 
кітап танылып зерттелгеннен кейін,ұзақ мерзімді әскери қақтығыстың барысы туралы егжей-
тегжейлі баяндайтын тарих ғылымындағы ең маңыздыларының бірі болып табылды. 
Пелопоннес соғысының көптеген сабақтары әлі де өзекті болып қала береді.Фукидид әдістері 
Қазіргі зерттеушілерге ұқсас және оның кері қорытынды әдісі салыстырмалы әдіс болып 
табылады. Оның еңбектерінде себептілік идеясы айқын көрінеді: Фукидид жалпы, негізгі 
себептер мен немесе кездейсоқ жағдайлармен екі ел арасындағы қақтығысты ажыратып 
дәлелдеп отырған. Мысалы, ол Эпидамна мен Потидеядағы оқиғалар, Мегара мен Эгинаның 
шағымдары соғыстың себептері мен негіздемелері екенін атап өтті; оның шынайы себебі 
Афинаның өсіп келе жатқан күшімен жасырылды, бұл лакедемондарда қорқыныш пен 
қызғаныш тудырды.Қазіргі кездегі болып жатқан соғыстармен тікелей байланыс жасауға 
болады. 
Пелопоннес соғысы аяқталғаннан кейін (404 ж.) кейбір зерттеулерге сәйкес,ол өз отанына 
оралды делінген, бірақ көп ұзамай қайтыс болды шамамен 399-396 жж, өйткені Фукидидті 
кейбір сол кездегі халық тұрғындары ауырып жүргенін байқаған депте 
айтылады. Жалпы Фукидидтің нақты қай жерде қайтыс болғаны белгісіз,бірақ 
археологиялық зерттеулер бойынша және ғалымдардын тұжырымдамасына сәйкес олардың 
пікірінше-Афинада, басқа ғалымдардың пікірінше-шетелде, Фракияда немесе өз Отанына 
барар жолда делінген. Оның зорлық-зомбылықпен қайтыс болғаны туралы жаңалықтар бар 
деген де мәлімет бар.Жалпы Фукидид өмірінен өтер шағына дейін,ол Пелепонес соғысына 
қолбасшы ретінде сайланған болатын.Сол соғысқа атанғаннан кейін «Пелопоннес соғысының 
тарихын» оңай түсіне бермейтін біле отырып, күрделілігіне қарамастан, ол сол кездегі де 
қазіргі кезде де ғалымдарға айтарлықтай әсер етті.Фукидид елінін жеңілске ұшырағанынан 
кейін,үкімет басшылары ссылкаға жіберіп,одан қолбасшы шенін алып қойған болатын.Бірақ-
та халықтың ықыласына бөленген тарихшы,өзінің туып өскен жерін ұмытқан емес. 
Фукидидті өз заманында мойындамасада,ол өмірден өткеннен кейін,қазіргі замандағы 
ғалымдар терең зерттеген болатын.Сол зерттеудің арқасында әлемдегі болашақ оқиғаларды 
алдын алуға болатынын көптеген саясаткер,тарихшылар түсінген болатын.Әр з а м а н н ы ң б е 
л г і л і а ғ а р т у ш ы л а р ы м е н о й ш ы л д а р ы н ы ң с о л у а қ ы т т а 
бағаламайтынын,қадірлемейтіні баршамызға белгілі.Қай елді алып қарасақта бұл актуалды 
факт десекте болады.Жалпы осы уақытқа дейінгі ағартушылар мен ойшылдардың халық үшін 
жасаған істері,үкіметке қарсы деп есептелінген,бірақ-та қазір ол басқаша өңделіп жарлық 
ретінде шығып жатқанын байқаймыз.Жалпы әрбір мемлекетке қатысты құжаттың барлығы 
тарихпен тікелей қатысы бар екенін мойындауымыз қажет. 
Құнды еңбектің қазіргі замандағы өзектілігі Еуропалық Одақтың Конституциясы мәтіні 
жобасының ұраны болды.Ньюпорттағы (АҚШ) Әскери-теңіз колледжінде, сондай- ақ басқа 
әскери академияларда міндетті түрде оқытылуы қажет болды.Бұл бізге АҚШтың әскери 
базасының қаншалықты стратегиялық тұрғыда,өздерінің сауаты мықты екенін дәлелдеп 
көрсетеді.Қазіргі таңда қандай да бір соғыс төнетін жағдайда АҚШ әскери стратегиялары 
басым екенін көрумізге болады. Қытай Халық Республикасының үнемі өсіп келе жатқанын, 


852 
жаһандық ықпалын ескере отырған. Әйгілі американдық саясаттанушы,американдық 
ұлттық қауіпсіздік саясатының жетекші талдаушысы Грэм Аллисон 2010 жылдары 
Фукидидтің Афины билігін жаулап алудан қорқып, Спартаның ұлы державасынан қорқып, 
Пелопоннес соғысы сөзсіз болды деген идеясы сияқты.Фукидидтің Қазіргі замандағы саяси 
көзқарастарына келетін болсақ, ол экстремалды демократияға қарсы болған, ол көпшіліктің 
өзгергіштігі мен тұрақсыздығын менсінбеді, ол демагогтарға деген антипатияны сезінеді( 
мысалы, оның Клеонға деген көзқарасы) өте қалыпты демократияны құру туралы (б. з. д. 400 
жылы олигархияны құлатқаннан кейін)[7.21бет]ол бұл туралы айтты. Мемлкетті басқару 
уақыты ең жақсы түрі олигархия мен демократияның қалыпты бірігуі болғандықтан болды. 
Жалпы Фукидид өзінің жеке пікірін көпшілік алдында сирек айтқан,ол бөгде адамдармен 
сөйлесуден аулақ болған және тек тарихи фактілерді ғана айтады-дейді зерттеуші 
ғалымдар.Қазіргі заманның өзектілігінде Фукидид өркениеттің әлемдік тарихтағы орны мен 
маңызын анықтап, адамзат мәдениетін дамытуға қосқан үлесін көрсетеді.Фукидид 
өркениеттің гүлдену,құлдырау себептерін аша отырып,олардың басқа ежелгі халықтармен 
байланысын,олармен өзара ықпал ету дәрежесін талдаған болатын.Қазіргі кезде де біз байқап 
отырсақ біздің заманымызда да бұл өзекті мәселе болып табылады.Бұл мақаланы ашу үшін 
негізгі дерек көзі Фукидидтің құнды, асыл еңбектері болып табылады.Бұл еңбектер негізінде 
грек тайпаларының тарихын құрметтеуімен,әскери тактикалармен,саяси бағдарламалар 
ұсынылған.Осы мақала арқылы грек халқының тұрмыс-тіршілігі мен өмір сүру салтын 
қарастырсақ,қазіргі кезбен тұспа тұс келмеседе бірақ көптеген кездер сәйкес келеді.Греция 
мемлекетінің құрылу ерекшеліктерін меңгеріп,деректерді талдау арқылы бұл әрбір 
мемлекетте болатын процесс екенін біз байқаймыз .Одан әрі грек қоғамының таптық құрамы 
қарастырылып,Афина қоғамымен салыстыра өту керек,себебі әр мемлекеттің салыстырма 
түрінде қасында бәсекелестік мемлекет болады.Фукидид еңбектерімен таныса 
отырып,Афиныда демократия орнату үшін күрестің кезеңдерін бақыласақ сол кездегі 
құлиленушілікті жоюға Фукидидтің атсалысқанын көреміз,реформаларының мәнін 
маңызын аша отырып,олардың жүйелілігіне талдау жасайтын болсақ Фукидид әскери 
тактикаларды жазып,сонымен қатар саяси тұрғыда қарастырып,әрбәр адам өз тарихын білуі 
қажет делінген.Сол сияқты,қала салу,архитектура,өнер салаларындағы жетістіктер 
көрсетілген,олардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі өте зор екенін атап өтсек болады. 
Фукидидтің жеке басының қасиеттерін сипаттай келе , оның ішкі саясатына талдау 
жасалды,яғни оның сенаторлар мен аттыларға,плебстер мен құлдарға қатынасы нашар 
болды. Ф укидидтің еңбектері қазақ т ілінде толықт ай еңбектері
зерттеліп,мемлекеттік саяси тұрғыда қолдануы қажет.Еңбектерді ЖОО орындарында 
ұсынылуы тиіс.Бұл мемлекетке оң әсерін әкелетініне мен кәміл сенім артамын.Сондай-ақ 
әскери борыш өтеуші азаматтар мен Отан қорғаушы азаматтар,саясаткерлер танысуы тиіс.Бұл 
Фукидидтің еңбегі еліміздегі орасан зор өзгерістер алып келетіне сөзсіз. 
Сондықтан да ежелгі дүние тарихын оқу тарихи білім берудің міндетті бөлігі болып 
табылады. Бұл кезеңде экономикалық қатынастардың,әлеуметтік және мемлекет 
құрылымының,мемлекеттік ұйымның,идеологиялық және діни өмірдің жаңа формалары 
қалыптасып жатты,адамзат қоғамының кейінгі дамуы үшін бастама болған мәдени 
құндылықтар пайда болады. 
Әдебиет 
1.История древней Греции/Под ред.В.И.Кузищина. -М,.1991 
2 . Н е м и р о в с к и й А . И И с т о р и я д р е в н е г о м и р а : А н т и ч н о с т ь : У ч е б . д л я 
студ.высш.учеб.заведений:в 2 ч.-М,.2000 
3.История Древнего Мира/Под ред. В.И.Кузищина. -М,.1994. 
4.Виппер Р.Ю.Греция. -Ростов-на-Дону,1995. 
5.Хрестоматия по истории древнего мира / Под ред. В.Г Боруховича – Саратов,1973. 
6.Берве Х.Тираны Греции. -Ростов-на-Дону,1997. 


853 
7.
Федетов В.В.Историческая география античного мира. -М,.1996. 
8.
Шишова И.А Ранее законодательство и становление рабства в античной Греции. 
-Л,.1991. 
9.
Колпинский Ю.Д Исскуство Эгейского мира и Древней Греции. -М . 
1970. 10.Кругликово И.Т.Античная археология. –М. 1984. 
11.
Бузескул В.В Открытия 19 века и начала 20в. В области истории древнего мира.Ч.2 
Древнегреческий мир. -Пг,.1924. 
12.
Куманецкий К.История культуры Древней греции И Рима. /Пер.с.польск.-М,.1992. 
13.Античная культура. /Под ред.В.Н.Ярхо./М,.1995. 
14.Виппер Б.Р ИСкусство Древней Греции.М,.1972. 
15.Нерсесеянц В.Сократ. -М,.1984. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет