855
-
стереотиптер мақсатты аудиториямен байланыс орнатуға мүмкіндік береді: олар
көптеген пайдаланушыларға таныс және түсінікті;
-
гендерлік стереотиптерді қолдану арқылы сатушылар жарнамалық науқандарды
әзірлеуге аз уақыт жұмсайды;
-
жарнамаланған тауардың ерекшеліктеріне және әртүрлі жыныстағы тұтынушылар
алатын артықшылықтарға баса назар аударылады [4].
Ер мен әйел жынысына арналған жарнаманың аудиторияға барынша қарапайым және
түсінікті болуы жарнама мәтініне де тығыз байланысты. Әйелдердің жарнамасында гендерлік
стереотип бойынша эмоционалды-экспрессивті, абстрактілі сөздер мен риторикалық
сұраулар жиі кездеседі. Ал ерлерге арналған жарнама мәтіндерінде гендерлік стереотиптер
бойынша қысқа да нұсқа ойлар, сенімді фактілер, арнайы термин сөздер мен толымсыз
сөйлемдер жиі кездеседі.
Ғалым В. И. Воронкова «Гендерные особенности рекламы на уровне текста»[5]
мақаласында жарнама тіліндегі гендерлік маркелерді төмендегідей топтастырады:
1)
Тақырыптық гендерлік маркерлер: жарнамада «ер» және «әйел» тақырыптарына
байланысты сөздерді қолдану. Мысалы, әйелдерге қатысты бет күтімі, шаш күтімі
тақырыбына байланысты лексемаларды пайдалану. Ер адамға экономика, спорт,
техника тақырыбына қатысты лексемаларды пайдалану тән ерекшелік.
2)
Лексика-семантикалық гендерлік маркерлер: ер (әке, аға, ата) немесе әйел (ана, әже,
әпке) адамды атайтын немесе «әйел» немесе «ер» семантикалық компонентін
қамтитын сөздердің қолданылуы;
3)
Морфологиялық гендерлік маркер – ер мен әйел мағынасындағы сөздер мен
формаларды қолдану (род категориясына байланысты).
Жоғарыда көрсетілген гендерлік стереотиптерге сүйене отырып, күнделікті өмірде
пайдаланатын тауардың жарнамаларын салыстырып көрелік.
Достарыңызбен бөлісу: