Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВАЛЮТА НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ



Pdf көрінісі
бет461/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВАЛЮТА НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 


865 
Мананбаева Н.С. 
Ғылыми жетекшісі: Базылжанова А.С., экономика магистрі, лектор 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті , Көкшетау қаласы 
nazerke.mananbayeva.13@mail.ru
 
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге 1993 жылғы 15 қарашада енгізілді. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның Қазақстан Республикасының 
аумағындағы жалғыз эмитенті болып табылады. Қазақстан Республикасының валюта нарығы 
қалыптасу сатысында тұрған ішкі валюта нарықтары санатына жатады.[4]
Ұлттық валюта нарығы, әдетте, осы елдің аумағында орналасқан банктер өз клиенттеріне 
валюталық қызмет көрсету бойынша жүзеге асыратын операциялардың жиынтығы болып 
табылады, олардың ішінде халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған 
компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін. Бұдан басқа, ішкі ұлттық нарық 
операцияларына жекелеген компаниялар бір-бірімен жасайтын валюталық операциялар, жеке 
тұлғалар арасындағы операциялар, сондай-ақ валюта биржаларында жүргізілетін операциялар 
жатқызылуы мүмкін. Қазақстан Республикасында ұлттық валюта теңгесінің енгізілуімен 30 
жыл ішінде табысты дамып келе жатқан қазақстандық валюта нарығын қалыптастыру процесі 
басталды. 
Өткен жылы отандық валюта нарығындағы ауа-райын геосаясат белгіледі. Жоғары мұнай 
бағалары тарапынан іргелі қолдауға қарамастан, теңге 2022 жылдың қорытындысы бойынша 
2021 жылмен салыстырғанда долларға 7% - ға әлсіреді. Сонымен қатар, елдегі ЕАВ-қа сұраныс 
төмендеді, бірақ Ресей рублімен биржалық сауда-саттық өтімдік үлкен өсімді көрсетті. 
Жалпы, өткен жылы ұлттық валюта бір доллар үшін 431,8 теңгеден 462,7 теңгеге дейін немесе 
7,15% - ға әлсіреді.[1]
Ресми статистикаға сүйенсек, өткен жылы Қазақстанда долларға сұраныс төмендеген. 
Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылы KASE-дегі американдық валютамен сауда көлемі бір 
жыл бұрынғы $34,6 млрдтан (-14,1%) 2022 жылы 29,7 млрд дейін төмендеді. Биржаның 
деректері әртүрлі: KASE ақпараты бойынша биржада 2021 жылы $35,5 млрд ал 2022 жылы 
32,3 млрд(-8,9%) доллар сатылды. Сомалардың алшақтығы биржа статистикаға ашық сауда-
саттық режимінде (үздіксіз қарсы аукцион әдісімен) жасалған мәмілелерді де, келіссөздер 
(тікелей) мәмілелерді де қамтитындығымен түсіндіріледі. Макро реттегіштің статистикасында 
соңғылары ескерілмейді.[2]
Ұсынылған түсініктемелерден, келіссөздер мәмілелері шеңберінде 2022 жылы KASE-де 
тенге 2,6 млрд теңгенің долларға шаққандағы биржалық мәмілелердің жалпы көлемінің 8,1% 
-ы сатылды. Биржа мен Ұлттық Банктің ай сайынғы деректерін салыстыру көрсетілген 2,6 
млрд бір мезгілде сатылмағанын көрсетеді: келіссөздер мәмілелері ай сайын жүргізілді, ең 
төменгі көлемі (8 88 млн) наурыз айында тіркелді, ең жоғары көлемі (4 438 млн) желтоқсанда 
тіркелді.[2]
1-кесте. 2020-2022 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық өордан 
бөлінген қаржы және оның сатылу көлемі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет