Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІК ҚҰҚЫҒЫ ТАРИХЫНДАҒЫ БИЛЕР СОТЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет368/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   532
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІК ҚҰҚЫҒЫ ТАРИХЫНДАҒЫ БИЛЕР СОТЫНЫҢ 
ТӘЖІРИБЕСІ 
Ахметова А. 
Ғылыми жетекші: Мырзаханов Е.Н. заң ғылымдарының магистры, лектор 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
altun_03@mail.ru
 
Тарихтың тереңіне бой тартсақ қазіргі қазақ мемлекетінің ел болып еңсе көтерген 
дәуірден бері қарайғы табиғи болмыс-бітімімен біте қайнасып бойына сіңген әдет-ғұрып, салт-
санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі халқымыздың билер үкімін биік парасатқа 
жеткізгенін айғақтай түседі. Бұны республикамыздағы белгілі заңгер ғалымдар да айтып 
келеді. 
Қазақ соты тарихындағы билер үкімінің алар орны ерекше, тарихы тым тереңде. 
Өкінішке қарай, ол жөнінде жазылған зерттеу еңбектердің көбісі тереңге бара алмай, қазақ 
заңдарының көшбасы Тәуке ханның "Жеті жарғысынан" әрі аса алмай келгені мәлім. Оның 
бірден бір себебі — кеңестік идеология заң орнына жүрген көне әдет-ғұрыптарды кең зерттеп, 
терең талдауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да, тамырын тереңнен тартатып қазақ сотының 
тарихы өзге жұрт үшін көмескі тартқан әдет-ғұрыптың өлшемінен әріге аса алмады. 
Шындығында солай ма еді? Енді осы сауалдың төңірегінде ой өрбітіп көрейік. 
Өзге жұрттар секілді мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан қазақ ұлтының мемлекеттік 
жүйесіндегі қоғамдық құбылыстардан туындаған заңдар өз дәуірінде халық үшін қажетінше 
қызмет атқарғаны күмәнсіз. 
XVII ғасырдағы бірден-бір заңдар жүйесіне айналған "Жеті жарғы" — сот билігінің 
айнымас кодексі екені даусыз. Бірақ, бізге жазбаша емес, ауызша жеткендіктен өзге өркениетті 
елдердің заңгерлері бұл маңызды құжатты кодекс ретінде қабылдай қоймады. Өкінішке қарай, 
кезінде оны негіздеп, тайға таңба басқандай дәлелдеген ғылыми еңбек те жазылмады. Әйтпесе 
Алтай тауынан Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлан-байтақ далада бірнеше мәрте мемлекет 
құрып, бірде әлсіреп сан ғасырға ұласқан Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарлық, Қарахан, 
Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті Қыпшақ тәрізді мемлекеттердің жүйелі заңы болмаса, Еуразияны 
уысында ұстап, елінің тұтастығын сақтап, даңқы әлемге жайылып, тарихта қалмас еді. 
Аталған мемлекеттер туралы тарихи деректерді, жазба мұраларды атқарып қарасаңыз 
үзік-үзік, там-тұмдап кезігетін заң-жарғылардың нұсқалары Қазақ елінің де өз заңы, соған 
бейімделген сот билігі, билер ережесі (кодекс) болғанын дәлелдей түседі. 
Қытайдың "Таңнама", '"Ханнама" деген тарихи жылнамасында қазақ сотының ереже 
үлгілеріне қатысты мынандай деректер бар: "...Сақ, үйсін елдерінде күңнің құны бір түйе, 
немесе 11 — 12 кез мата; құлдың құны бір атан немесе бір ат болады екен... Ол елдің заңында 
бағып алған баланы құл етуге, сатып жіберуге, кепілге қоюға болмайды. Әрі оны ауыстыратын 
зат құн емес, сүт ақы деп аталады", — деп түсінік берілген. 
Пекиндегі Ұлттық университеттің түлегі, ғалым Дүкен Мәсімхан өзінің "Ежелгі заңдар 
ережесі" деген мақаласында осы дерекке қоса аталған тарихи жылнамадан мынандай заңдар 


672 
үлгісін келтіреді: "...һұндер мен үйсіндерде ағасы өлсе оның әйелін інісі, інісі өлсе жесіріне 
ағасы әмеңгерлік ететін заңдары бар еді. Бұл олардың тұқым-жұрағатының құрып жоғалудың 
алдын алуды, сондай-ақ, рулық түзімді қорғауды көздеген әлеуметтік заң-жарғы еді. Олардың 
табиғатқа табынған, жазбаша іс-қағазға бой ұрмаған бейресми заңдары болатын. Мәселен, кісі 
өлтіргенге тиісінше үкім шығару, айыбы үшін мал-мүлкін алу, тәнін кесу сияқты жазалары бар 
еді..."[1,197 б.], — деген нақты деректер келтіреді. Бұл екі мысалды автор бұдан 2 мың 200 
жыл бұрын жазылған "Таңнама" мен "Ханнама" жылнамаларынан алып отыр. 
Көшпелі ғұмыр кешсе де өздерінің қоғамдық өлшеміне сай жасалған заң-жарғыларын 
еш өзгеріссіз ұрпаққа үзбей жеткізіп отырған арғы ата-баба бекзаттығы қайран қалдырады. 
Жоғарыдағы келтірілген заңдар үлгісінің XIX ғасырдағы билер ережесінен айнымай орын 
алуы, ұлтымызға тән заңдардың халық жадында мықты сақталғанын дәлелдейді. 
Біз қазақ сотының тарихына тән ежелгі құқықтық заңдар үлгісін екшеу үшін, мыңдаған 
жылдардың желісіндегі ұлтымыз құрамына енген мемлекеттер мен ұлыстардың үстемдік 
құрған кезеңдеріне шолу жасағанды жөн көрдік. Өйткені халық санасындағы "Хан болсын, 
ханға лайық заң болсын; би болсын, би түсетін үй болсын" дейтін сөздердің қалай болса солай 
айтыла салмағаны мәлім және де бұлжымас заңға, мақалға айналған бұл ойдың мағынасы 
тереңде жатқандығы күмәнсіз. Себебі, мемлекет атынан шығатын түрлі заң-жарғылар, үкімдер 
билер шешімімен қабылданып, хан алдында бекітілген. Сондықтан да ел билігін ұстаған билер 
мәртебесі халық алдында үстем болған, ғасырдан ғасырға өнеге ретінде үзілмей жалғасып 
отырған. 
Бастау көзі сонау Ғұн, Үйсіндерден тікелей тартылатын осындай ғажап дәстүр-салтты 
жыл санауымыздың V ғасырындағы тарих сахнасына шыққан Түркілер өз заманында жаңаша 
жаңғыртып, дәуір тынысына сай қолдана білді. Түркілердің мемлекеттік тарихы, дәстүр-
салты, мәдениеті туралы толымды ойлар айтқан Еуразияға даңқы жайылған Лев Гумилев 
"Көне Түріктер" деген көлемді енбегінде заң орнына жүрген ережелер туралы мынандай 
деректерді: 
"...Түркілерде өте қатал, тіпті қатыгез құқық заңының өзі әйелді қолдап, қорғаған. 
Күйеуі бар әйелді зорлаған кісі өлім жазасына кесілген. Қыздың арына дақ салған еркек, оған 
дереу үйленген. Әйелді зорлау ең ауыр қылмыс — көтеріліс жасау, опасыздықпен кісі өлтіру, 
тұсаулы атты ұрлау сияқты жазалармен тең қаралған..." деген ереже-баптардың сорабын кемел 
оймен мысалға келтіріп, көне түркілер дәуіріндегі заңдардың қоғамдық рөлін жоғары 
бағалаған. Жоғарыдағы сөзімізге арқау болып отырған екі деректі ғасырлар тоғысына салып 
қарасақ, қазақ заңдарының өміршендігі жыл санаудан бұрынғы дәуірден-ақ мемлекет қажетіне 
жарап, әр заманда өз сипатына қарай өркендеп, молығып отырған. Бұған дәлел — осы аталған 
заңдар ережесінің XVIII ғасырдағы Әз Тәуке ханның Ұлы үш кемеңгер — Төле би, Қазыбек 
би, Әйтеке бимен ынтымақтаса отырып жазған "Жеті жарғыдағы" құқықтық өлшемдермен 
мағыналас, мәндес келуі — халқымыздың өз ұлтына тән заң Жарғылары әлімсақтан үзілмей 
келе жатқанын танытады. 
Көне түркі мемлекеті ыдырағаннан кейінгі қазіргі қазақ жерінде құрылып, ірілі-ұсақты 
мемлекеттер құрамына енген халқымыз барынша өзінің ата-дәстүр, әдет-ғұрып, заң-
жарғыларын сақтай отырып, өзге елдің құкықтық заңдарын да қоғамдық мүддеге жарата білді. 
Мәселен, Түргеш, Қарлық, Қарахан мемлекеттері билік жүргізген VII, ІХ,Х ғасырларда ислам 
дінінен енген шариғат заңдары қазақ әдет-ғұрыптарындағы құқықтық заңдардың құрамдас бір 
бөлігі болып қалыптасқан. Соның айқын дәлелі ретінде сол кездегі халқымызға тән салттық 
жарғылардың кемелденуіне өз заманында айтарлықтай үлес қосқан Қорқыт Қарақожаұлының 
мемлекет атынан шығарған заң жобаларының орны ерекше. 
Көне жәдігерлер "Оғызнама", "Китабу дәдәм Қорқыт" деген тарихи кітаптардағы 
аңыздық желілерге құрылған әңгімелерде түркі тектес халықтардың данышпан бабасы 
саналған Қорқыт Қарақожаұлының салттық жарғылары туралы салмақты ойлар айтылған. 
Қорқыт бабамыздың 195 жыл ғұмыр кешкенін, "абыз ата" атанып дүниеден өткенін IX— X 
ғасырлардағы тарихи құжаттар теріске шығармайды. Ол осы ұзақ өмірінде қазіргі қазақ 
жеріндегі Жетісу, Ұлытау, Ертіс өңірлерінде хандық құрған Инал, Қөлеркен, Қаңлықожа деген 


673 
үш ханға бас уәзір болған аса ірі қоғам қайраткері, Қорқыттай қемеңгердің даналық ойынан 
туын-даған салттық жарғылар ел билігінің барлық саласын қамтыған. Бірақ сол асыл мұрадан 
иненің жасуындай бізге жеткені: "Атамекенді жерұйық деп білу, оны жаудан қорғау, жер суды 
белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау" 
сияқты заңдар үлгісінің үзінділері ғана. 
Түркілер дәуірінен кейін қазақ жерінде бірнеше ұсақ хандықтарға бөлінген ұлыстардың 
басын біріктіріп үлкен империя құрған Шыңғысханның қағандық дәуірінде көшпелі елдердің 
айдарынан жел есіп, өзге отырықшы елдерден мерейі үстем түскен XII—XIII ғасырлардың өн 
бойына ой жүгіртсек, қазақ сотына тән құқықтық заңдардың бұрынғыдан да кемелдене 
түскенін аңғарамыз. 
Қазақта билік туралы айтқанда "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би" деген аталы 
сөз еске түседі. Бір ғажабы осы Майқы би мен Шыңғысханның есімі тең аталып, мемлекет 
басқаруда бірінің ісін бірі толықтырып тұратыны — тарихи тұрғыдан бірнеше рет дәлелденген 
нәрсе. Сонда мұның астарында қандай сыр бар?! 
Шыңғысхан дәуіріндегі "Семсерлер ғасырын" әскери күштің айбындылығы-мен өлшеп 
қарасақ, жүздеген жылдар бойы әлемдегі талай іргелі мемлекеттерге билік жүргізгенде, 
даңқты қаған, басқа елдерді өзі құрған көшпелі қоғамдық құрылыстың заңдылық ережелеріне 
бағындырып, әскери феодалдық жарғылардың деңгейінде ұстағанын кез келген тарихшы 
теріске шығармайды. Сонымен қатар, Шыңғысхан құрған Ұлы империяның құрамына енген 
көшпелі тайпалар өз еркімен оның қағандығын мойындап, бұрыннан қалыптасқан ел басқару 
ісін, дәстүр-салтын, заң жарғысын баяғы қалпынша сақтап қалды. Оған мысал: көшпелі 
қоғамға тән әдет-ғұрыптағы құқықтық заңдардың қазақ ұлысындағы ру-тайпаларда "қаймағын 
бұзбай" бертінге дейін сақталып, одан сайын өміршең бола түсуі. Басқа емес, Майқы бидей 
дана, көреген, "түгел сөздің түбіне" жеткен ақылгөй бабамыздың басқа емес Шыңғысханға бас 
уәзір болуы — қазақ халқы үшін үлкен олжа. Дәлірек айтқанда, Майқы би тек қана шешендік 
сөздің майталманы, білгір би ғана емес. Ол — сол дәуірдегі түркі тілдес Қазақ, Қарақалпақ, 
Қырғыз, Өзбек, Түрікпен, Татар халықтарының мемлекеттік басқару ісіне өлшеусіз үлес 
қосқан қоғам қайраткері. Майқы би мемлекет атынан шыққан тәртіп-ереже, салт-сана, 
заңдылық құқықтарын Ұлы империя атынан бірізділікке түсіріп, сол бойынша заңдылық 
ережелерін қалыптастырып, жарлық шығарған мемлекет қайраткері, әрі оның бас биі болған 
данагөй. 
Бұл уақытқа дейін Майқы би туралы құнды-құнды піқірлер айтқан ғалымдардың көбісі 
"Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би" деген мәтел сөздің аясынан асып, татымды ой 
қозғай қойған жоқ. Оған себеп Шыңғысхан құрған мемлекетті қанқұйлы, жауыз етіп қөрсеткен 
теріс саясаттың әсері болса керек. Ендігі жерде Шыңғысханнан да, Майқы биден де іргені 
аулақ салмай, қайта терең тұрғыдан зерттеу қажет. Мәселен, қөп ғалымдар "Жеті жарғы" 
заңдар ережесін қазақ мемлекетінің алғаш жасалған кодексі деген оймен шектеліп жүр. 
Меніңше, көне мұрағаттарда жиналмай жатқан тың деректердің басын қосып, бір жүйеге 
түсірсе, қазақ мемлеқетінің нағыз "Жеті жарғысы" Майқы биден бастау алатынын анықтауға 
әбден болады. Оған дәлел — Майқы би шығарған Жарғының да бас-аяғы жеті баппен бітеді. 
Оның ереже үлгісі, мазмұн-мағынасы да "Жеті жарғыдан" алыс кетпейді. Енді осы айтылған 
деректерді растау үшін әлемге қеңінен танылған әйгілі тарихшы Рашид ад-Диннің "Жами ат-
Тауарих" атты еңбегінде Шыңғысхан қағандығы жайлы және монғолдың құпия шежіресі 
"Алтын топшыдағы" Майқы би түзген жеті түрлі жарлықтың бір сөзін бұзбай келтірейік. 
1. Адам құны туралы. Ол былайша ережеленіп түзілген. "Соғыста өлгендерге (әр екі 
жакқа да) құн төленбейді. Майданда өлген ерлерге 100 бесті төлеу қүшінен қалдырылады. Құн 
төлеу жеңілдетіледі. Қанға қан алу қүшін жояды, басқа жолдармен кұн немесе айып салынады. 
Ежелгі төре, бай, бектер үшін кос кұн (жай адамның екі есе кұны) төлеу де күшін жояды. Кім 
қаншалық зақым алса, қарсы жақ соншалық төлем немесе айып төлейді", — деп адам құқына, 
оның азаматтык тұлғасына жете мән беріліп, бұрыннан келе жатқан қатал да тұрпайы 
заңдылықтарды реформалау нышаны әбден аңғарылады. 


674 
2. Жесірлер мен неке туралы. Бұл жөнінде Майқы би жарғысында демократиялық 
принципке негізделген адамгершілік пен әлеуметтік ауаны кең ережелер қалыптасканы 
аңғарылады. Атап айтқанда: 
"Неке бұзғандарға (ерлерге) қырық дүре соғылады". Сондай-ақ некесі бұзылғандарға 
олармен өштігі жоқ, есі дұрыс, он екі мүшесі сау үш адам (ең кемінде) керіп, куәлік етуі шарт. 
Ал неке бұзды деп әлде біреуді корлаушылар болса (жала жапса), оларға да қырық дүре 
соғылады. Ерінің көзіне шөп салған әйел талақ етіледі. Ер-әйел арасында жай ымыра болса, 
мүмкіндігінше татуласуға шақыру керек. Ер болсын, әйел болсын бей-берекет неке бұзуға 
әуестенбеу керек деген құқықтық заң ережелерін қалдырған. 
3. Жер иелігі мен жер бөлісі туралы. Мұндағы жарғылық заңдардың бастысы деп мына 
мазмұндағы ережелерді атап өтуге болады. "Кім бұрын иеленіп еңбек етсе, жер соныкі болады. 
Жердің шөбі, суы, қыс пен жаздағы қолайлы-қолайсыздығына қарай жер бағасын белгілеп, 
жер ақысын тұрақты төлеу керек. Ал жер шекаралары ұлы таулар қыраты, үлкен өзендер 
арқылы немесе жердің өзге көрнекті бедерлері тәрізді жұртқа анық жерлермен белгіленуі 
шарт", — деген көшпелі қоғамның өзіне тән жарғы баптарын кездестіреміз. 
4. Ұрлық туралы. Майқы би шығарған заң-жарғыда ұрлық істер бұдан бұрынғы көшпелі 
қоғамдағы қолданылып келген қатал заңдарды жұмсарта түскен. Мәселен: "...бұрынғы 
ережелердегі секілді ұрлык істегендердің қол-аяғын сын-дырып, кесіп, жан түршігерлік азапқа 
салатын түзім күшін жояды. Ұрының ісіне қарай айып тағылып, төлем қайтарту күшейтілді. 
Егер тартып-тонап алушы болса, еселеп төлем қайтарумен қоса, қырық мәрте дүре соғу керек" 
— делінген. 
5. Барымта туралы. Бұл жөнінде де оп-оңды заң-жарғылар қалған. "Барымтаның өтеген 
ісі жөн болса, соның өзінде келісімге келіп (екі жақты) реттеу керек, жөнге салу ләзім. Егер 
әлдекім өтірік айтып барымта алса, оны ұрлық-тонау ретінде билік айтып шешім ету керек", - 
деп барымтаның себеп-салдарын билік тұрғысынан терең талдауды меңзейді. 
6. Дау шарлар туралы. Майқы би өз заманындағы билік істеріне куәлік етушілер мен 
талапкер, даугерлерге де әділдіктен айнымаудың сара жолын көрсетіп берген. Жоғарыдағы: 
"Әр түрлі дау-шарларды анықтағанда, оған билік айтқанда, кесім жасағанда, талапкер мен 
даугерді, қуғынушыларды беттестіріп куәлік айттыру керек. Бұрынғыдай өтірік айтқанның 
тілін кесетін, өтірік көрдім десе көзін ойып алатын жолсыз үкімдерді күшінен қалдыру шарт. 
Куәгер өтірік айтса, жазаланатын болсын", — деген түзілімдерден билік ісіндегі жауап 
берушілердің мемлекеттік заң алдында бәрі бірдей әділ болуын талап еткені аңғарылады. 
7. Мал құны туралы. Шыңғысхан дәуіріндегі көшпелі қоғамнын мықты тірегі — 
мыңғырған мал екеніне назар аударсақ, жарғыда мал-мүлік туралы да кеңінен 
айтылған[2,Б.96-99]. 
Би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді. Би, біріншіден, 
қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол «Қасым ханның қасқа 
жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек. 
Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі 
қажет. 
Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің 
атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы 
да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет 
кездесетін. 
Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды. Дала 
тұрғындары өзіне жүгінуін тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады. Өз ұлының 
бойында би боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге көзқарасын дұрыс 
қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезінен атақты билердің нөкерлері қатарына 
қосуға тырысты. Сөйтіп бала жастайынан далалық сот билігінің небір нәзік тұстарын 
меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үміткер бала қылмыстық істер қаралатын сот 
процесіне үнемі қатысып отырған. 


675 
Сот процесі шағымданушының тілегі немесе хан мен сұлтан, старшындардың 
тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгі салт-жоралар қатаң сақталынды. Мәселен, 
белгілі бір бидің билік жүргізуін таңдау үшін сотқа қатысушылар оның алдына қамшы 
тастайтын. Билер соты әдеттегі ұсақ тәртіп бұзушылықтан бастап ең ауыр қылмыс саналатын 
кісі өлтіруге дейінгі қылмысты істерді қарастырды. 
Билер соты дауға әділ билік айту принципі бойынша жүргізілетін. Би әділ де тапқыр, 
Әйтеке би айтқандай, “ дұрыс сөзге тоқтай білген, сөзін тоқтата білген ” дана болуы тиіс. 
Билер қазақ халқының ауызбірлігін, өзара түсінісуін нығайтып, дау-шарды әділ шешіп 
отырған. Бидің бір өзі тергеушінің, әрі айыптаушы мен судьяның (қазының) қызметін қоса 
атқарған. 
Билер соты ауызекі сөз жарыстыру түрінде өтетін. Куәлардан жауап алу да 
қарастырылатын. Билер сотының бір артықшылығы ол халықтың көз алдында ашық 
өткізілетін, оған кез келген адам өзінің қалауынша қатыса алатын. Екі би айтысқанда жалпы 
үкімді шығару үшін Төбе би сайланған. 
Би сотының шешімін сұлтандар мен старшындар жүзеге асыратын. Билердің әділетсіз 
шешіміне шағым жасау ілуде бір рет, өте сирек кездесетін. Би дұрыс үкім шығармаған 
жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын. Би 
өзінің сіңірген еңбегі үшін «бидің билігі» деген сыйақы алатын. Ол кінәлі жақтын есебінен 
өндірілетін. Сыйақының мөлшері дауда өндірілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең болатын. 
Билер сотының тағы бір артықшылығы айыпкерге тағылатын күнә жеткіліксіз жағдайда 
ақылдастар алқасының көмегіне жүгінетін болған. Ақылдастар алқасы айыпкерді жақсы 
білетін, оның адал да әділ руластарынан тұратын болуы тиіс еді. Олар өздерінің адалдығына 
ант ішіп, сотқа тартылған адамды не айыптайтын, не ақтап шығатын. 
Ақылдастардың саны қаралатын істің қаншалықты күрделі екендігіне байланысты 
болатын. Ант ішкізу сот ісінде өтірік айтпауы, жалған куә болмауы үшін жүзеге асырылатын. 
Ант ішу талапкерге де, жауапкерге де, куәлерге де бірдей қолданылды. 
Ант ішкізу үшін әлдебір биік жота, ата-бабалар зираты, сондай-ақ көлдің немесе 
өзеннің көрікті жағасы таңдап алынатын. Сотқа шақырылған әрбір адам шамамен мынандай 
мазмұнда ант ішетін болған: 
“Егер мен жалған куәлік айтатын болсам, онда менің жазамды бір Құдайдың өзі беретін 
болсын, екі дүниеде де жақсылық көрмейін, бар байлығым мен балаларымның қызығы 
бұйырмасын” 
Ант ішудің екінші бір түрі мылтық ұңғысын сүю еді. 
Ал үшінші түрі бойынша, ант ішушіні ата-баба зиратын үш рет айналдырып өткізген. 
Қолға Құран ұстап та ант берген. 
Жазаның түрлері: жер аудару, айып салу, құн төлету, дүре соғу және өлім жазасына 
кесу. 
Қазақтарда жазаның түрлері жер аудару, айып салу, құн төлету, дүре соғу және өлім 
жазасына кесу болатын. Бірақ өлім жазасы сирек қолданылатын. Түрме және еркінен айыру 
орындары мүлде болған емес. 
Билер сотының артықшылығын қазақтардың тұрмысы мен әдет заңын зерттеумен 
айналысқан орыс зерттеушісі А. Гейнс өте жақсы байқаған болатын. Ол былай деп жазды: 
“Билер соты ашық және барынша әділ жүргізіледі. Сондықтан да оны қазақтар ғана 
емес, орыс зиялылары да, қазақтар да құрметтейді, олардың көпшілігі билер сотына барып 
шағынады”. 
Патша үкіметі XIX ғасырдың 20-90-жылдары аралығында билер сотын тарата бастады. 
Өйткені билер соты отаршыл өкімет орындарының жалпы империялық басқару тәртібін 
енгізуіне көп кедергі келтірген болатын. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері билер 
сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз қала беруін жақтады. Мәселен, қазақтың көрнекті 
ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына жоғары баға берді. 
Әдебиет 


676 
1. История отечественного государства и права. Ч. 1.— Москва: МГУ, 1992.— 197 б.
2. Дүкен Мәсімхан. Ежелгі заңдар ережесі. - ҚР Жоғарғы Сот жаршысы № 1, 1996. – Б. 96-99 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет