Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет64/82
Дата28.10.2022
өлшемі2,07 Mb.
#45997
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. https://openu.kz/ru/book/filosofiyanyng-tangdauly-25-kitaby
2.Юлән Ф. Қытай философиясының қысқаша Нұр-Сұлтан, 2020.
3.Билимориа П. Үнді философиясының тарихы . Нұр-Сұлтан, 2020.
Практика № 3. Сана және бейсаналық философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау
Мақсаты: Сана генезисі, құрылымы, түрлерін анықтау.
Жоспары:
3.1. Сана құрылымы, бейсана және жоғары сана.
3.2. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг).
3.3. Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез).
3.4. Сана және өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік.
3.5. Сана және ұлттық сана-сезім. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім.
Әдістемелік нұсқау. Студенттерге философиядағы сана мәселесі және қалыптасуы ерекшеліктеріне назарын аудару.
Сұрақтар:
1.Сана – адам миының функциясы.
2. Сана – обьективті дүниенің бейнесі.
3. Қоғамдық сананың түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Философия тарихы. Т.Х.Рысқалиев. Оқулық. А., 2015.-508 б.
2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – А., 2018. https://openu.kz/ru/book/filosofiyanyng-qysqasha-tarihy-sokrattan-derridaga-deyin
3.Мейір Ж. Философия. Астана, 2014.
Практика 4. Болмыс субстанциялық концепцияларын бағамдау және онтологияның базалық категориларын талдау.
Мақсаты: Дүниенің алғашқы субстанциясы- болмыс. Мән болмыс ұғымын анықтайтын категория. Онтология, теология ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару.
Жоспары:
4.1. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
4.2. Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет