Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім



Pdf көрінісі
бет18/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
 
 
 


53 
ИНЖЕНЕРЛІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ 
ФАКУЛЬТЕТІ 
Жоғары кәсіби білім беруді дамыту, экономика саласында жоғары 
білікті мамандарды даярлау деңгейін арттыру мақсатында 1993 жылы 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің экономика және 
менеджмент факультеті құрылды. Бұл факультеттің құрылуы нарықтық 
қатынастарға көшуге байланысты мамандарды экономикалық даярлауда 
сапалы жаңа деңгей қажеттілігінен туындады.
Бастапқыда факультет құрамына үш шығарушы кафедра кірді: 
«Құрылыстағы экономика және менеджмент» (ҚЭМ), «Машина жасаудағы 
экономика және менеджмент» (МЭМ), «Тау-кен өнеркәсібіндегі экономика 
және менеджмент» (ТӨЭМ) және екі жалпы білім беретін кафедра: 
«Экономикалық теория» және «Қолданбалы математика».
Факультеттің алғашқы деканы доцент, техника ғылымдарының 
кандидаты В.С. Юшко, ҚарПТИ-дің «Экономика және машина жасауды 
ұйымдастыру» мамандығы бойынша түлегі. 
1995 жылдың қараша айынан бастап факультет деканы доцент, 
экономика ғылымдарының кандидаты, ҚазМУ (қазіргі Әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті) түлегі Қ.Б. Тоғайбаев болды.
1997 жылдың 1 ақпанында үш шығарушы кафедра «Экономикалық 
теория» кафедрасын сақтай отырып, «Кәсіпорын экономикасы» және 
«Кәсіпорындағы менеджмент» екі дербес шығарушы кафедраға 
біріктірілді. 2009 жылы факультеттің қайта құрылымдалуынан кейін 
«Өндірісті 
ұйымдастыру» 
кафедрасы 
құрылды, 
ЭТ 
кафедрасы 
«Кәсіпорындағы менеджмент» (КМ) шығарушы кафедрасы болып қайта 
құрылды. 
2001 жылдың сәуірінен 2015 жылдың шілдесіне дейін факультет 
деканы экономика доценті, техника ғылымдарының кандидаты ҚарПТИ-ді 
«Тау-кен өнеркәсібі мен геологиялық барлаудағы экономика және 
басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген Н.А. Алпысбаева болды.
2015 жылы ЭМФ факультеті Инженерлік экономика және 
менеджмент факультеті (ИЭМФ) болып қайта құрылды. 2015 жылдың 
маусым айынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін ИЭМФ деканы э.ғ.к., 
доцент Давлетбаева Н.Б. болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 
факультет деканы э. ғ. д., доцент Бирюков В.В. болды. 
Бүгінгі таңда Инженерлік экономика факультетінің құрамына үш 
кафедра кіреді:
– «Кәсіпорын экономикасы», «Инженерлік кәсіпкерлік және 
маркетинг», «Кәсіпорын менеджменті» кафедралары негізінде құрылған 
«Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасы. Бұл кафедраны 
э. ғ. к., қауымдастырылған профессор К. Б. Тәжібекова басқарады; 


54 
– «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық 
пәндер» және «Кәсіптік білім және педагогика» кафедраларының 
базасында құрылған «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-
гуманитарлық 
пәндер» 
кафедрасы. 
Кафедра 
меңгерушісі 
PhD 
Шорманбаева Д. Г. болды;
– «Дене тәрбиесі» кафедрасы, оны п. ғ. к. И.Л. Головин басқарады. 
Қазіргі уақытта инженерлік экономика және менеджмент факультеті 
бакалавриаттың 6 білім беру бағдарламасы: «Экономика», «Есеп және 
аудит», «Бағалау», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг», 
«Менеджмент» бойынша және магистратураның «Экономика» білім беру 
бағдарламасы бойынша дайындық жүргізеді. 2021 жылдан бастап 
«Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасы бакалавриаттың 
«Өнеркәсіп экономикасы», «Өнеркәсіптегі есеп және аудит» инновациялық 
бағдарламалары бойынша дайындық жүргізеді. 
Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамының жалпы саны 
100-ден астам адамды құрайды, оның ішінде ғылым докторлары – Б.А. 
Ахметжанов, А.А. Алимбаев, Г.М. Аубакирова, Г.К. Кошебаева, З.М. 
Магрупова, В.В. Бирюков, Б.С. Исмакова, ғылым кандидаттары – Н.А. 
Алпысбаева, К.Б. Тәжібекова, Г.А. Шувалова, Г.А. Кочкина, А.А. 
Шаметова, А.К. Уразбеков, С.Ш. Акенов, Л. И. Тоғайбаева, Н. А. Казбеков, 
И.Л. Головин, В.В. Готтинг, Г.М. Смирнова, С.М. Ударцева, PhD Д.Г. 
Шорманбаева. 
7 оқытушы – профессорлар Б.А. Ахметжанов, Г.К. Кошебаева, 
доценттер В.В. Бирюков, С.М. Ударцева, В.В. Готтинг, Г.М. Смирнова, 
М.М. Кожухова ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегерлері. 
1993 жылдан бастап факультет жұмыс істеген барлық уақыт ішінде 
1000-нан астам инженер-экономистер даярланды. Олардың көпшілігі 
өнеркәсіптік кәсіпорындардың жоспарлау-экономикалық бөлімдерінде 
және қызметтерінде, коммерциялық құрылымдардың бухгалтерлері мен 
менеджерлері, салық комитеттерінде, банк және ЖОО жүйесінде, қалалар 
мен облыстардың әкімшіліктерінде, соның ішінде тау-кен, машина жасау, 
құрылыстың әртүрлі салаларына арналған инженер-экономистер табысты 
қызмет атқарады. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлық экономикалық 
қызметтері біздің университеттің түлектерінен құралған. Жоғары білім 
беру мамандықтарының жіктеуішіндегі өзгерістерге байланысты 2001 
жылдан бастап экономикалық мамандықтар бойынша бакалаврларды – 
экономика, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, бағалау 
бакалаврларын (2005 жылдың шығарылымынан бастап 3000-нан астам 
түлек дайындалды) өңір мен елдің халық шаруашылығы салаларының 
қажеттіліктері үшін даярлау басталды.
Факультет оқытушылары үнемі кәсіби деңгейлерін арттырып 
отырады, тренингтерге қатысады – жыл сайын факультеттің ПОҚ 
құрамының 15% астамы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында 


55 
және ғылыми-зерттеу институттарында – Познань политехникалық 
университеті, Каттовице экономикалық университеті, Польша, Одесса 
ұлттық 
политехникалық 
университетінің 
Компьютерлік 
жүйелер 
институты, «Жоғары Экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті, 
«Мәскеу педагогтарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру 
институты» ЖШҚ, Классикалық жеке университет, Запорожье қ., Михаил 
Остроградский атындағы Ұлттық университет, Кременчуг қ., Г.В. 
Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Мемлекеттік 
басқару университеті, Мәскеу қ., ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік 
басқару академиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 
ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы академиясы және т. б., сондай-
ақ өңірдің және республиканың кәсіпорындары мен мекемелерінде 
орналасқан.
Сонымен қатар, факультеттің ПОҚ, студенттері мен магистранттары 
жоғары оқу орындары, аймақтық және республикалық ғылыми-
практикалық конференцияларға белсене қатысады. Соңғы үш жылдағы 
әртүрлі деңгейдегі конференциялардағы баяндамалардың тезистерінің 
жалпы саны 1000-нан асты. Соңғы екі жылда 150-ден астам ғылыми 
мақалалар, 17 монография, 11 оқу құралы жарық көрді. Факультет 
оқытушылары Ресей Федерациясында 3 кандидаттық диссертация, PhD 
дәрежесін алу үшін 7 диссертация (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е. Бөкетов 
атындағы ҚарУ) қорғауды жоспарлап отыр.
Инженерлік 
экономика 
және 
менеджмент 
факультеті 
кафедраларының «Қайнама-Көмір» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, 
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазхром» Трансұлттық компаниясы, 
Қарағанды облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясы, Қазақстан 
Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 
Қарағанды облысы бойынша Департаменті сияқты аймақтың өнеркәсіптік 
кәсіпорындары және ұйымдарымен бұрыннан бері тиімді байланыс 
орнатқан Қарағанды қаласының және облыстың жергілікті атқарушы 
органдары және т. б. 
Факультет кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмысы аймақтың 
және облыстың әлеуметтік-экономикалық өмірін дамытудың түрлі өзекті 
бағыттары бойынша жүргізіледі:
– кәсіпорын қызметін экономикалық қолдау; 
– ұйымның әлеуметтік капиталы: диагностика және басқару; 
– Қазақстанның цифрлық экономикасы: даму үрдістері, бағалау, 
тиімді пайдалану механизмдері (Орталық Қазақстан мысалында); 
– ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және жастардың бойында 
құндылық ынтымағын қалыптастыру; 
– Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұрасы контексінде рухани-
адамгершілік тұлғаны қалыптастыру; 


56 
– Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік: динамика, процестер, 
механизмдер және т.б. 
Сонымен қатар, факультет кафедраларында студенттермен түрлі 
ғылыми бағыттар бойынша үйірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Инженерлік 
экономика 
және 
менеджмент 
факультетінің 
стратегиялық дамуы өз қызметінің нәтижелері үшін мемлекет пен қоғам 
алдында жауап беретін экономиканың басым салаларын дамыту үшін 
зерттеулер жүргізуді және озық білім алуды, кадрлар даярлауды 
қамтамасыз ететін жетекші ғылыми және білім беру орталығы ретінде 
факультеттің қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан Инженерлік 
экономика және менеджмент факультеті алдына ҚР экономикасының 
индустриялық-инновациялық даму қажеттіліктерін, ішкі және сыртқы 
еңбек нарығының сұраныстарын қанағаттандыратын жоғары және жоғары 
оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды, кадрлық әлеует пен 
басқару жүйесін дамытуды, «Индустриялық менеджмент», «Өнеркәсіптік 
маркетинг» және т. б. сияқты бакалавриат пен магистратураның жаңа 
инновациялық білім беру бағдарламаларын ашуды және нәтижесінде 
факультетте білім беру және зерттеу қызметі үшін қолайлы орта 
қалыптастыруды және дамытуды мақсат етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет